отызыншы Жазғы Олимпиада oйындары From Wikipedia, the free encyclopedia
XXX жазғы Олимпиада ойындары (ағылш. 2012 Summer Olympics, фр. Jeux Olympiques d'été de 2012) — отызыншы Жазғы Олимпиада oйындары. 2012 жылдың ойындары 27 шілде мен 12 тамыз аралығында Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында өтті.[2] Лондон Олимпиада ойындарын үш рет қабылдаған алғашқы қала болды. Оған дейін Лондон 1908 жылы және 1948 жылы қабылдаған болатын.[3]
XXX жазғы Олимпиада ойындары | |
Бұл ресми логотиптің ашық түстегі нұсқасы. Төрт түспен қамтылған және 2012 жылғы Жазғы Паралимпиадалық ойындарға арналған логотип бар. Толыққанды мәлімет төменгі «Логотип» бөлімінде жазылған. | |
Ұйымдастырушы қала | |
---|---|
Ұраны |
Inspire a Generation |
Қатысушы елдер |
204 |
Атлеттер саны |
10,500 (сарап бойынша) |
Медальдар саны |
26 спорт түрінен 302 комплект |
Ашылу салтанаты | |
Ресми түрде ашқан | |
Жабылу салтанаты | |
Ант берген атлет | |
Ант берген төреші |
Мик Бейси |
Ант берген бапкер |
Эрик Фаррелл |
Олимпиада оты |
Каллум Айрлай |
Стадион | |
Ортаққордағы медиафайлдар |
Үміткер қалалардың ұсынысын қабылдау рәсімі 2003 жылдың 15 шілдесінде тоқтатылды.[4][5] Осы уақытта бәйгеге қатысуна 9 қала ниет білдірген болатын:[6] Гавана, Стамбұл, Лейпциг, Лондон, Мадрид, Мәскеу, Нью-Йорк, Париж және Рио-де-Жанейро.[7]
2004 жылдың 18 мамырында Халықаралық олимпиада комитеті барлық ұсыныстарды саралап болған соң 5 қаланы ғана қалдырды.[8][9] Осы қалалардың ішінен 2005 жылдың шілдесінде Сингапурда өтетін ХОК-нің 117 сессиясында жеңімпаз қаланың аты аталуы керек болатын. Аталған бес қаланың қатарында Мадрид, Мәскеу, Нью-Йорк, Париж және Лондон қалды.[10]
Лондон қаласы 2012 жылдың жазғы Олимпиада ойындарының астанасы ретінде 2005 жылдың 5 шілдесінде таңдалды. Өз елінің ұсынысын қолдаған үкімет басшыларының ішінен Сингапурға арнайы келген жалғыз Ұлыбританияның премьер-министрі Тони Блэр ғана болатын.[11]
Олимпиада ойындарының астанасы белгілі болғаннан кейін, келесі күні Лондон қаласында террористік акт болды.[12]
Лондонның Олимпиадалық ойындарды Ұйымдастыру комитеті (LOCOG) ұсыныстың сәтті қабылдануынан кейінгі ойындарды ұйымдастыру шарасын бақылайтын мекеме ретінде құрылды және өзінің алғашқы отырысын 2005 жылы 3 қазанда өткізді[13]. Лорд Коудың төрағалығымен комитет ойындардың жүзеге асырылуы мен өткізілуіне жауап береді, сонымен бірге Олимпиадалық Тасымал ұйымы (ODA) нысандар мен инфрақұрылымның құрылысына жауапты[13]. 2006 жылы сәуір айында Олимпиадалық Тасымал ұйымы құрылған болатын[14].
2012 жылы Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар жаңа орындарда, әлдеқашан бар және тарихи нысандардарда, сонымен қатар заманауи құрылыстарда өткізілетін болады, соның ішіндегі ең танымалы — Гайд Парк пен Атты Гвардия[15].
Үлкен Лондонның маңында үш аймаққа бөлінген алып спорттық нысандар орналасады[16]:
Қаладан тыс аймақтарда бірнеше спорттық стадиондар орналасады. Ұлыбританияның бес қаласында футбол бойынша іріктеу сындары өткізіледі:
Сонымен қатар Лондонның сыртында мынадай нысандар орналасады:
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) өзінің алғашқы сынындағы Лондонның қоғамдық тасымал құралдарына қойған бағасына қарағанда, оның қазіргі ойындарға арналып түзетулер мен жетілдірулер жасалғанын атап кетті[23]. Лондонға арналған транспорт жүйесіне (TfL) 2012 жылға дайындалу барысында бірнеше жаңартулар мен өзгерістер енгізілді. Және де Docklands Light темір жолы мен Лондонның солтүстік бөлігінде темір жолының модернизациялануы ерекше болды[24]. Network Rail мәліметтері бойынша, 4000-нан астам темір жолдар Ойындар кезінде жұмыс жасап тұрады, және теміржол операторлары күні-түнімен жұмыс кезегінде қалмақ[25].
Ойындарды бөлектеп қондыруға, нысандар мен инфрақұрылымдарды салуға, және де Олимпиада қалашығының жер редевелопментімен жұмыс жасау үшін қаржының мол бөлігі кетті. Ойын ұйымдастырылуын жеке қаржы көздері қаржылардыруына қарамастан, көптеген демалыс орындары мен саябақтарға байланысты шығындарды мемлекет өзі көтереді.
Алғашында бөлінген бюджет £ 2,4 млрдты құраған, бірақ бұл қаржы жетіспеуіне байланысты 2007 жылы шамамен төрт есеге, £ 9300000000 ($ 14460000000) дейін өсірілген. Тесса Джоуэлл қайта қаралған құжаттарды 2007 жылы 15 наурызда Бірлестік Палатасында жарияланған болатын.[26]
Еш ақша төленбейтін еріктілер үшін алдағы ойындарда үлкен жұмыс күтіп тұр[27]. 2004 жылы 70000 еріктілердің басты мақсаттары анықталды[28]. 2010 жылы еріктілерді қабылдауға 240000-нан астам өтініштер келген[29]. 2012 жылғы ақпан айында Себастьян Коу өз сөзінде: «Біздің еріктілер ойындар кезінде сегіз миллионнан астам сағат үздіксіз жұмыс жасау қажет және оларсыз еш ойындар өтпес»[30]. Еріктілер Олимпиадалық стильдегі киімдер киетін болады. Оның ішіне қарақошқыл және қызыл жейде, күртешелер мен жабағылар енеді. Және олар сарғыш шұлық пен қоңыр-сарғыш туфлилер киеді. Сонымен қатар олар тіркеуден өткен суреті бар бейдждермен жүреді.
Олимпиадалық ойындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теңдесі жоқ шаралар қабылданған[31]. Бұл шараға шамамен 40 мыңнан астам адамдар тартылмақ, соның ішінде 13 мың полиция өкілдері мен 17 мың әскери қызметкерлер. Ұлыбритания үкіметі қауіпсіздікті сақтау мақсатында зенитті-ракеталық комплекс «Рапираны» кірістіру мүмкіндігін қарастырған. 2012 жылғы Олимпиаданың қауіпсіздігі үшін бөлінетін бюджет құны 585 миллион фунт стерлингті құраған.[32][33]
2011 жылдың күз мезгілінде Лондонда Кока-коланың ұйымдастыруы бойынша «Move to the beat» компаниясы өз жұмыссын бастады[34]. Сонымен қатар әлемдік демеушілер: Acer, Atos, Coca-Cola, Dow Chemical Company, General Electric, McDonald's, Omega SA, Panasonic, Procter & Gamble (P&G), Samsung, Visa.[34] Дүркіреген шоуға танымал спортшылар шақырылған, сонымен қатар ХХХ Олимпиада әнұрандарының бірі «Anywhere In The World» әні шырқалды. Әннің авторы Марк Ронсон әннің дыбысын басуда әр түрлі спортшылардың қозғалыс кезіндегі шыққан дыбыстарды пайдаланған. Ал әннің өзін атақты әнші Katy B орындайды.[35]
Жазғы XXX Олимпиада Ойындары 27-шілдеде 2012 жылы Ұлыбритания уақыты бойынша кешкі BST (UTC+1) 21:00 Лондондағы «Стратфорд» стадионында салтанатты түрде ашылды. Көрініс «Ғажайып аралдары» (Isles of Wonder) деп аталды.[36] Олимпиада стадионына жиналған 80 мың көрермен «Олимпиада ашылуын» тамашалады.
Лондондағы 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты 2012 жылдың 12 тамызында өтеді. Жабылу салтанатында Борис Джонсонның олимпиадалық туын Лондон мэрі 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарын өзіне қабылдайтын Рио-де-Жанейро қаласының мэріне табыстауы көрініс табады.[37]
Логотип 4 дұрыс бұрышталмаған көпбұрыштардан тұрады, олар Олимпиаданың сандарын білдіреді, яғни — «2», «0», «1», «2». Бір бөлігінде «London» сөзі қосылған, ал басқа бір бөлігінде — олимпиадалық сақиналар орын алған. Логотип төрт түспен берілген нұсқалармен белгілі: көк, сарғылт, жасыл және қызғылт; арасында қара түсті нұсқалары да кездеседі.[38]
Логотипті Wolff Olins компаниясы бір жыл шамасында жасады және оның құны 400 мың фунт стрелингке бағаланды[39]. 2012 жылдың наурыз айының басында Иран Республикасы 2012 Олимпиада ойындарына байкот жариялауы мүмкін екенін білдірді[40]. Оның себебі Олимпиада логотипіндегі «Zion» сөзінің астында — Сион сөзі жасырылған, яғни сионизм мағынасын білдіреді[41]. Иран мемлекеттік Олимпиадалық комитетінің басшысы Бахрам Афшарзадех логотипті «нәсілшілдік» деп атады. Сонымен қатар логотипті свастикалық белгіге ұқсас деп жариялаған.[42][43]
Ойындар бойтұмарын 2010 жылдың 19 мамырында жариялаған болатын[44][45]. Автордың мәлімдемесі бойынша, Болтон құрышының екі тамшысынан шыққан Уенлок пен Мандевил болған[44]. Тұмар есімдерін Ұлыбританияда алғашқы Олимпиадалық сайыс болып өткен Мач-Уенлок қаласы[44] мен алғашқы Паралимпиадалық ойындар болып өткен Сток-Мандевил қалашығының құрметіне арнап атаған екен[46]. Екі тұмардың көздері біреу, олар велошабандоздың бас киімін киеді, және онда Ойындардың логотиптері бейнеленген.[47]
БІр медальдың диаметрі шамамен 85 миллиметр болады, ал қалыңдығы 7 миллиметр[48]. Жалғыз бір жүлденің салмағы 375-400 грамм аралығында болады[49]. Sky Sports мәліметтері бойынша, бұл Ойындар тарихындағы ең үлкен медальдар болып саналады екен. Олимпиадаға барлығы 2100 медаль жасалынып шығады.
Әр түрлі мәртебедегі жүлделерде сәулелермен көмкерілген сол Ойынның логотипі болады. Медальдың арғы жағында жеңіс құдайы Ника мен Темза өзенінің суреті орналасады[50]. Бұл жобаның авторы ретінде дизайнер Дэвид Уоткинс болды[51].
Лондондағы Олимпиаданың ресим түрдегі әнұраны ретінде «Muse» тобының «Survival» (қаз. «Өміршеңдік») әні таңдалды[52]. Әнұран Олимпиаданың ашылу салтанатында және жеңімпаздарды марапаттау сәттерінде ойнатылады. Ән алғашқы тақырыптардың бірі болды.[53]
Ювяскюля университетіндегі денешынықтыру социологиясының фин профессоры Ханну Итконенге олимпиадалық әнұранның мәтіні бойынша бірнеше сын айтты. Оның айтуы бойынша, онда ешқандай спорттық рухқа қатысты ешнәрсе айтылмағаны, және ән мәтінінде бірігуге шақыратын, өмір деген — күрес екенін түсіндерітіндігі баяндалады.[54]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.