Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кот-д’Ивуар Республикасы, 1986 жылға дейін Піл Сүйегі Жағалауы (фр. République de Côte d'Ivoire [ʁepyˈblik də kot diˈvwaʀ])[5] — Батыс Африкадағы мемлекет. Батысында Либерия және Гвинея Республикасымен, солтүстігінде Мали, жоғарыда Буркина-Фасо, шығысында Ганамен шектеседі. Францияның отарында болған.[6] Оңтүстігін Гвинея шығанағы шаяды. Астанасы — Ямусукро. 24 департамент, яғни әкімшілік бірліктен құралады. Ресми атауы — француз тілінде жазылып, айтылады.[7]
Кот-д’Ивуар Республикасы фр. République de Côte d’Ivoire | |||||
| |||||
Ұран: ««Union, Discipline et travail» (Бірлік,тәртіп және еңбек)» | |||||
Әнұран: «L'Abidjanaise» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 7 тамыз 1960 жыл (Франциядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | француз тілі | ||||
Елорда | Ямусукро | ||||
Ірі қаласы | Абиджан | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Вице-президенті Премьер-министрі |
Алассан Уаттара Даниэль Каблан Дункан Амаду Гон Кулибали | ||||
Мемлекеттік діні | Зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 67-ші орын 322 460 км² 1,4[2] | ||||
Жұрты • Сарап (2018) • Санақ (2015) • Тығыздығы |
▲ 23 740 424[1] адам (54-ші) 24 905 843 адам 63,9 адам/км² (139-шы) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
106,412 млрд.[3] $ 4,155[3] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
48,142 млрд.[3] $ 1,879[3] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,492[4] (Төмен) (170-шы) | ||||
Валютасы | Франк | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .ci | ||||
ISO коды | CI | ||||
ХОК коды | CIV | ||||
Телефон коды | +225 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC±00:00 және Africa/Abidjan |
Кот-д’Ивуар мемлекеттік құрылымы бойынша — республика. Қазіргі конституциясы 1960 жылы қабылданған. Мемлекет және үкімет басшысы — президент, жалпыға бірдей және төте сайлау негізінде 5 жылға сайланады. Конституция бойынша президентке кең құқықтар берілген. Ол министрлерді, жоғары лауазым иелерін тағайындауға, босатуға құқылы және қарулы күштердің қолбасшысы болып табылады. Министрлік Кеңесімен президент парламент алдында есеп бермейді. Заң шығаратын жоғары органы — бір палаталы Халық жиналысы (85 депутат) 5 жылға сайланады. 21 жасқа толған барлық азаматтар сайлау құқығына ие. 1961 және 1964 жылғы сот реформалары бойынша әдеттік соттар жойылып, апелляциялық және бірінші инстанция сот жүйесі құрылды. Жоғарғы сотқа конституциялық бақылау құқығы берілген.
Аралық | Есім | Саяси белсенділігі |
---|---|---|
Піл сүйегі жағасы | ||
7 тамыз 1960 — 3 қараша 1960 | Феликс Уфуэ-Буаньи, премьер-министр ретіндегі ел басшысы | Піл сүйегі жағасы демократиялық партиясы |
3 қараша 1960 — 1985 | Феликс Уфуэ-Буаньи, Президент | |
Кот-д’Ивуар | ||
1985 — 7 желтоқсан 1993 | Феликс Уфуэ-Буаньи, президент | Кот-д’Ивуардың демократиялық партиясы |
7 желтоқсан 1993 — 24 желтоқсан 1999 | Анри Конан Бедье, президент | Кот-д’Ивуардың демократиялық партиясы |
25 желтоқсан 1999 — 4 қаңтар 2000 | Роберт Геи, Халықты қорғау жөніндегі істің орын басары | әскери |
4 қаңтар 2000 — 25 қазан 2000 | Роберт Геи, президент | |
26 қаңтар 2000 — 11 сәуір 2011 | Лоран Гбагбо, президент | Ивуарийлық халық фронты |
11 сәуір-ден 2011 | Алассан Уаттара, президент |
Халық құрамы | |
---|---|
Этникалық құрамы[8] – Акандар – Вольталықтар мен Гур – Солтүстік Манде – Кроу – Оңтүстік Манде – басқалар |
42,1 % 17,6 % 16,5 % 11 % 10 % 2,8 % |
Дін[9] – Христиан діні – Ислам діні[10] – Африкалық діндер – Басқалар |
44,1 % 37,5 % 10,2% 8,2 % |
Тіл құрамы - Француз тілі - 60 этникалық тұрғын |
Оңтүстігінде және орталығында гвиней тілі тобына жататын халықтар: анья, бауле, кру (1 млн-ға жуық), лагун тайпалары, солтүстік және солтүстік-шығыс аймағында гур тобы (сенуфо, лоби, куланго), солтүстік-батысында және орталығында манде тілді отбасына жататын халықтар (малинке, бамбара, дан, квени) қоныстанған. Олардан басқа хауса, фульбе және 40 мыңдай еуропалықтар (негізінен француздар) тұрады.[11][12]
Мемлекеттік тілі — француз тілі. Халқының жылдық орташа өсімі 2,3%.
Еңбек ететін тұрғындары (1964 жылғы мәліметі бойынша) 1850 мың, оның ішінде (%-пен):
Елдің орталық бөлігінде және Абиджан өңірінде халық жиі (1 км²-ге 20—30 адамнан), оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс бөліктерінде сирек (1 км²-ге 5 адамнан) қоныстанған. Қала халқы 18%.[10]
Халықтың көпшілігі (65%-ке жуығы) жергілікті дәстүрлі дінді, 23%-і (малинке, бамбара т. б.) ислам дінін, 12%-ке жуығы христиан дінін ұстанады.[13]
Кот-д’Ивуардың ежелгі тарихы жете зерттелмеген. Орта ғасырларда мұнда қолөнер мен сауда-саттық едәуір дамыды. 11 ғасырда пайда болған Конг қала 19 ғасырдың аяғына дейін Батыс Африкадағы керуен саудасының аса ірі орталықтарының бірі болды. 15 ғасырдың өзінде-ақ Кот-д’Ивуар жерінде ерте феодалдық тұрпаттағы мемлекет бірлестіктер өмір сүрді.[14] XVIII —XIX ғасырларда солтүстік және шығыс аймақтарындағы неғұрлым дамыған ірі халықтары өз алдына жеке-жеке мемлекет болды. Ал батыс аудандарды мекендеген халықтар әлі де ру-тайпалық құрылыста өмір сүрді.[15]
15 ғасырдың аяқ шенінде Кот-д’Ивуар жеріне португалдар мен басқа да еуропалықтар келіп, құл сатып алып кете бастады. Сонымен бірге, еуропалықтар піл сүйегін және басқа да бағалы заттар алумен шұғылданды. 18 ғасырдың басында француздар Асиниде порт және Гран-Басамда фактория салды.
1842 — 43 жылдары Франция Гран-Басам мен Асиниді, онан соң жағалаудағы басқа да елді мекендерді басып алды. 1893 жылы Кот-д’Ивуар отары құрылды (француздардың бұған дейінгі басып алған жерлері Сенегал отарына кірген болатын). 1895 жылы Кот-д’Ивуар француздардың Батыс Африкадағы генерал-губернаторына бағынды, 1904 — 1958 жылдары Француз Батыс Африкасы құрамына енді. Кот-д’Ивуар халқы өз тәуелсіздігін ерлікпен қорғады. 19 ғасырдың аяғында солтүстік және шығыс аудандарда аса күшті шайқастар болды. 20 ғасырдың басында да қарулы көтеріліс тоқтаған жоқ. Күш жағынан басым француздар 1915 жылы бүкіл елді басып алды.[16]
Орталық тәртіп кезінде Кот-д’Ивуар экономикасы француз капиталының бақылауында болды, жергілікті халық қатты қаналды. Бұрынғы иелерінен тартып алынған 330 мың гектар жер еуропода плантаторлардың қарамағына көшті. Алмаз, алтын, марганец шығару мен ағаш өңдеуді француз кәсіпкерлері биледі. Абиджанда экспорттық дақылдар (кофе, какао, банан т. б.) көп өсірілді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ел ішінде ұлт-азаттық қозғалысы өршіді. 1946 жылы Кот-д’Ивуар демократиялық партиясы құрылды (Африка демократиялық одағының бөлімшесі ретінде)[17]. 1950 — 51 жылдары отаршыл өкімет орындарының озбырлығына қарсы ірі-ірі толқулар болды, сөйтіп француз үкіметі жергілікті күштерге жеңілдік берді. 1957 жылы Кот-д’Ивуар территориялық ассамблеясы жалпыға бірдей дауыс беру жолымен сайланып, үкіметтік кеңес құра бастады. 1958 жылы 28 қыркүйектегі референдум нәтижесінде Кот-д’Ивуар француз одағына енетін мемлекет статусын алды. Феликс Уфуэ-Буаньи бастаған демократиялық партия басшыларынан үкімет құрылды. 1959 жылы Кот-д’Ивуар Жоғары Вольта, Дагомея, Нигер өзара экономикалық және саяси одақ құрып оны Келісім кеңесі деп атады (1966 жылы оған Того да кірді).
Африка елдерінде ұлт-азаттық қозғалысы онан әрі өрши бергендіктен, 1960 жылы 11 шілдеде француз үкіметі Уфуэ-Буаньи үкіметімен келісімге келіп, сол жылғы 7 сәуірде Кот-д’Ивуар тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Қыркүйекте ол БҰҰ-ға қабылданды. Сол жылы қараша айында жаңа конституция қабылданды. Ұлттық жиналыс сайлауында (27 қараша, 1960) Демократиялық партия жеңіске жетіп, оның басшысы Уфуэ-Буаньи республика президенті болды. 1961 жылы сәуірде Кот-д’Ивуар Франциямен ынтымақ туралы шарт жасады, Келісім кеңесімен басқа мүшелерімен бірге (Жоғарғы Вольтадан басқалары) Франциямен қорғаныс келісіміне қол қойды.[18] Уфуэ-Буаньи үкіметі жеке меншікті кәсіпкерлікті қолдайды, батыс елдерінен шетел капиталының көп енуіне жол ашады. 1963 — 64 жылы билеуші партия ішінде кескілескен саяси күрес өріс алды. Үкіметке қарсы қастандықтардың беті ашылуына байланысты, бірқатар министрлер мен басқа да көрнекті қайраткерлер сотқа тартылды. Президенттің өкімет билігі күшейе түсті. КСРО мен Кот-д’Ивуар арасында 1967 жылы дипломатиялық қатынас орнап, 1969 жылы оны Кот-д’Ивуар үкіметі бұзды.
World Gazeteer интернет сайтының мәліметі бойынша, Кот-д’Ивуарда 12 мыңнан астам тұрғындары бар 66 қала бар[19].
Ең ірі қалалары:
Кот-д’Ивуар 19 облысқа бөлінген, оның ішінде 81 департамент және 2 өңір бар.
№ | Облыс | Әкімшілік орталығы |
Аумағы, км2 |
Халық (2010), тұл. |
Тығыздығы, адам/км² |
---|---|---|---|---|---|
1. | Агнеби | Агбовиль | 9 234 | 743 559 | 80,52 |
2. | Бафинг | Туба | 8 922 | 205 339 | 23,01 |
3. | Ба-Сассандра | Сан-Педро | 26 440 | 2 037 628 | 77,07 |
4. | Денгеле | Одиенне | 20 997 | 316 571 | 15,08 |
5. | Монтань | Ман | 16 782 | 1 334 387 | 79,51 |
6. | Фромаже | Ганьоа | 6 903 | 772 368 | 111,89 |
7. | О-Сассандра | Далоа | 15 242 | 1 535 137 | 100,72 |
8. | Лак | Ямусукро | 8 875 | 677 812 | 76,37 |
9. | Лагюн | Абиджан | 13 323 | 5 336 658 | 400,56 |
10. | Марауэ | Буафле | 8 698 | 791 689 | 91,02 |
11. | Муайен-Кавелли | Гигло | 14 268 | 737 699 | 51,70 |
12. | Муайен-Комоэ | Абенгуру | 6 921 | 561 853 | 81,18 |
13. | Нзи-Комоэ | Димбокро | 19 242 | 895 405 | 46,53 |
14. | Саван | Корого | 40 210 | 1 319 240 | 32,81 |
15. | Сюд-Бандама | Диво | 10 677 | 972 144 | 91,05 |
16. | Сюд-Комоэ | Адиаке | 7 252 | 656 150 | 90,48 |
17. | Валле-дю-Бандама | Буаке | 28 518 | 1 538 484 | 53,95 |
18. | Вородугу | Сегела | 22 166 | 536 012 | 24,18 |
19. | Занзан | Бондуку | 38 251 | 999 586 | 26,13 |
Барлығы | 322 921 | 21 967 721 | 68,03 |
Көрші мемлекеттер | ||
---|---|---|
Солтүстік-батыс: Гвинея |
Солтүстік: Мали |
Солтүстік-шығыс: Буркина-Фасо |
Батыс: Гвинея |
Шығыс: Гана | |
Оңтүстік-батыс Либерия |
Оңтүстік: Гвинея шығанағы |
Оңтүстік-шығыс: Гана |
Кот-д’Ивуар экваторлық және субэкваторлық белдеуде, құрлыққа қарай сұғына, Нигер өзені алабына дейінгі өңірде орналасқан. Гвинея шығанағының жағалауы шамалы тілімделген, батыс жағалауы жар және жартасты, шығысы жайпақ және құмды келеді. Оңтүстігі төбелі жазық, солтүстігі үстірт (биіктігі 500 — 800 м), батыс бөлігін Нимба тауы (1752 м) алып жатыр. Территориясы Африка платформасындағы кембрийлік жыныстардан түзілген (батысында және солтүстігінде гранит, шығысында кристалл кәне тақта тас). Алмаз, марганец, алтын, боксит, темір кені, қалайы, колумбит кен орындары бар.[20]
Елдегі ең ірі өзендері:
Бірақ бұлардың біреуінде де кеме жүзбейді, себебі көптеген шоңғалдар мен жазғы құрғақшылық маусымдағы су деңгейінің төмендеуі кедергі жасайды.
Кот-д’Ивуардың табиғи ландшафты соңғы кезде қатты өзгерген. Бұрын негізгі ландшафтты қалың ормандар құрайтын[21]. 1920 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2007 жылы орман массивтарының көлемі екі есе, яғни 6 000 000 гектарға азайған[22][23]. Қазіргі таңда ормандар мемлекет аймағының үштен бірін алып тұр.
Есесіне жергілікті фаунасы алауан түрлі. Көптеген омыртқалы, омыртқасыз, су жануарлары мен паразиттер саванна мен ормандарда кең таралған. Сүткөректілердің ішінде ең ірілері - пілдер мен сусиырдың екі биологиялық түрі. Алып орман қабаны, бөкендер мен енекелер, маймылдардың көптеген биологиялық түршелері, кеміргіштер және жыртқыштар (арыстан, леопард, мангусттар), құстардың, бауырмен жорғалаушылар мен жәндіктердің жүздеген түрлері - бұл да Кот-д’Ивуардың фаунасының толық тізімі емес. Өкінішке орай, күннен күнге Кот-д’Ивуардың фаунасының өкілдері азайып және жойылып бара жатқан түрлер тізімдеріне ілініп жатыр[24].
Қоршаған ортаны қорғау мәселесі Кот-д’Ивуар министірлігінің басты қарастырылып жатқан жұмыстарының бірі. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, қалалық қауіпсіздік пен тұрақты даму, қоршаған ортаны басқару саясаты мен қорғалатын аудандардың жетілдіруін қамтамасыз етеді. Министірлік ормандарды түгелдей және кейбір сирек немесе жойылу қауіпі бар жануарларды қорғау алған. Жоспар бойынша жойылу үстінде тұрған жануарлардың (керік) популяциясын көбейту. Басшылықтың тағы бір бұрыннан келе жатқан мәселесі жануарларды сату, есептеулер бойынша 2002 жылы Абиджанда піл сүйегі 1554 кг сатылған.[25]
Кот-д’Ивуар Батыс Африкада ұлттық парктердің ең дамыған жүйелердің бірі бар. 2008 жылы сегіз ұлттық парктер тұрақты жүйеге кірді[26], он бес ботаникалық қорлары, соның ішінде 300-ге жуық табиғи қорықтары ашылды.[27]
ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Кот-д’Ивуардың 4 нысаны бар (2012 жылғы мәліметі бойынша). Бұл тізімге нысандардың 3 табиғи критерийлар бойынша, ал 1 - тарихи критерийлер бойынша іліккен[28]:
Абиджанның климаты (оңтүстік аймақ):
Абиджан ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | Жыл |
Орташа максимум, °C | 31 | 32 | 32 | 32 | 31 | 29 | 28 | 28 | 28 | 29 | 31 | 31 | 30,2 |
Орташа минимум, °C | 23 | 24 | 24 | 24 | 24 | 23 | 23 | 22 | 23 | 23 | 23 | 23 | 23,3 |
Жауын-шашын нормасы, мм | 41 | 53 | 99 | 125 | 361 | 495 | 213 | 53 | 71 | 168 | 201 | 79 | 1959 |
Дерекнама: http://www.bbc.co.uk/weather/2293538 http://www.hko.gov.hk/wxinfo/climat/world/eng/africa/w_afr/abidjan_e.htm |
Буакедегі климат (орталық аймақ):
Одиеннедегі климат (солтүстік-батыс аймақ):
Одиенне ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | Жыл |
Орташа максимум, °C | 34 | 35 | 36 | 35 | 34 | 31 | 30 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 36 |
Орташа минимум, °C | 18 | 18 | 22 | 23 | 22 | 21 | 21 | 21 | 20 | 20 | 18 | 16 | 16 |
Жауын-шашын нормасы, мм | 8 | 15 | 38 | 82 | 121 | 168 | 293 | 365 | 274 | 155 | 47 | 16 | 1573 |
Дерекнама: ANAM |
Климаты оңтүстігінде экваторлық, ылғалды, басқа жерінде субэкваторлық. Оңтүстігінде ең ыстық айларының (желтоқсан — сәуір) орташа температурасы 27 — 28°С, салқын айларында (шілде—қыркүйек) 23 — 24°С; солтүстігінде 30° С (сәуір) және 25° С (маусым — қыркүйек). Жылдық жауын-шашын мөлшері 1300 — 2300 мм (теңіз маңы ойпатында), 1100 — 1800 мм (солтүстігінде). Жер беті ағын суларының торы жиі, бірақ өзендері шағын келеді. Оңтүстігіндегі қызыл-сары латеритті топырағында мәңгі жасыл экваторлық орман, солтүстігінде орманды саванна өседі.
Кот-д’Ивуар — аграрлы ел. Өнеркәсібі мешеу дамыған. Экономикасында шетел (негізінен француз) капиталы үстем.[34]
Басты артықшылықтары:
Кемшіліктері:
Орта есеппен, соңғы жылдары мемлекеттік экономикасы тұрақты экономикалық өсімін көрсетуде жылына 2.5 - 3% (инфляцияны есептегенде[37], ал 2009 жылы Кот-д'Ивуар жан басына шаққандағы ЖІӨ 1,7 мың АҚШ долларын құрады, бұл нәтиже Қара Африкадан неқұрлым жоғары (аймақтағы 15-ші орын)[38] стандарттар бойынша өте жоғары болып табылады. Халықтың 42% (2006 жылы) - кедейлікте өмір сүруде.[39]
Ауыл шаруашылығында жерді қауымдық пайдалану сақталған. Көпшілік шаруашылықтарда маусымдық жалдамалы шаруа күшін пайдалану сақталған. Ауыл шаруашылығында экспорттық дақылдар (кофе, какао, банан, ананас) өсірудің маңызы күшті. Кофе өнімін жинау және оны экспортқа шығару жөнінен дүние жүзінде 3-орын, какаодан 1-орын алады. Басты азық-түлік дақылдары — маниок, ямс, банан, таро (оңтүстігінде), күріш (батысында), жүгері, тары, жер жаңғақ (солтүстігінде).
2009 жылы фермерлар $2.53 миллиард ақшаны какао мен кофе экспортынан өндірді.[40][41] 1968 жылдың басында елде 284 өнеркәсіп орны болды. Онда 26 мың адам еңбек етті (1967). Жалпы өнеркәсіп өнімі 1967 ж. 60 млрд., 1968 ж. 70 млрд африка франкісіне тең болды. Өнеркәсіп өнімінің жалпы құнының ішінде (%): тамақ және темекінің үлесі 26, энергетика 15, ағаш өңдеу 14, мата тоқу 11, металл өңдеу 8, химия, май 13, құрылыс материалдары 4, тау-кен өндірісі 3, басқа салалар 6. Алмас (1974 ж. 279 мың кар), марганец рудасы (51,5 мың т) өндіріледі. 1973 ж. 796 млн квт-сағ электр энергиясы алынды. 2 СЭС (Аяме I, Аяме II, жалпы қуаты 50 мың квт) және ЖЭС (Абиджанда, қуаты 32 мың квт, 1969) бар. 65 тақтай тілу зауыды бар; 1972 ж. 392 мың м³ тақтай дайындалды, бұның 50%-ке жуығы Еуропа және өзімен көрші елдерге экспортқа шығарылады. 2012 жылы 10000 фермерлар $105 милион пайданы какао экспорттаудан пайда көрді.[42][43] Автомобиль құрастыру, мұнай айыру, цемент зауыдтары, тоқыма комбинаты (Бвакеде) т. б. жеңіл және тамақ көсіп орындары бар.
Экспорт — 8,7 млрд долл. 2009 жылы — какао, кофе, орман, мұнай, мақта, банан, ананас, балық.[44]
Негізгі тұтынушылар — Нидерланд 13,9 %, Франция 10,8 %, АҚШ 7,8 %, Германия 7,2 %, Нигерия 7 %, Гана 5,6 %.
Импорт — 6,5 млрд долл. (2009 жыл) — мұнай өндірістігі, алым-сату.
Негізгі тауар берушілер — Нигерия 20,8 %, Франция 14,2 %, Қытай 7,2 %, Таиланд 5,1 %.
Қолайлы климат, флора мен фаунаның алуан түрлілігі, Гвинея шығанағы әдемі құмды жағажайлар мен байырғы халықтары бірегей мәдениет: ел туризм саласын дамыту үшін қажетті жағдайлар тұтас жиынтығы бар. Туризм индустриясының белсенді дамыту 1970 жылы іске асыру басталды және арнайы бағдарлама бойынша (инвестицияның 22% шетелдік инвестициялар болып табылады) 1980 жылға дейін жұмыс істейді. 1980 жылдың соңына қарай, 170-тен астам қонақ салынды, оның аумағында сегіз туризм аймақтарын анықтады.[45]
Туристердің көбісі Франциядан келеді. Кот-д'Ивуарға баруға паспорттар қажет. 91 күннен аз тұруға келетін болса виза талап етілмейді, алайда қарсы вакцинация туралы куәлік барлық шетелдік туристтерден талап етіледі. 2002 жылы АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің есептеуі бойынша күніне Абиджанда тұру үшін $160, ал Ямусукрода тұруға шамамен $ 98 керек екен. Қазіргі таңда Кот-д'Ивуарға ерекше сәулет өнері мен тіл үйірер тағамына және көрікті демалыс орындарын көруге баратындар саны күннен күнге артуда.[45]
Кот-д'Ивуардың жалпы еңбекшілер бірлестігі (фр. Union générale des travailleurs de Côte d'Ivoire, UGTCI). 1962 жылы құрылған, 100 мың мүшесі бар. Бас хатшысы – Ниамкей Адико (фр. Adiko Niamkey)
Көппартиялық жүйе құрылған мезгіл: 2000 жылы 90 саяси партиялар мен бірлестіктер болған.[46] Олардыӊ арасында еӊ беделді Ивуарлық халықтық фронт болды, ИХФ(фр. Front populaire ivoirien, FPI). Басқаратын партия. 1983 жылы Францияда құрылды,1990 жылы ресмиленді.[47] Төрағасы – Н'Гессан Аффи (фр. Affi N'Gessan), бас хатшысы – Урето Сильвэн Миака (фр. Sylvain Miaka Oureto);[48] Кот-д'Ивуардыӊ демократиялық партиясы, КИДП (фр. Parti démocratigue de la Côte d'Ivoire, PDCI). Партия 1946 жылы жергілікті Африканыӊ демократиялық бірігуі (АДБ) деген атпен құрылған. Жетекшілері – Бедье Анри Конан (фр. Henri Konan Bedié);[49] Ивуариялық еңбекші партиясы, ИЕП (фр. Parti ivoirien des travailleurs[50], PIT). Социал-демократтардыӊ партиясы 1990 жылы заңдастырылды. Бас хатшысы - Водье Франсис (Srancis Wodié); Республикашылдардың бірігуі, ОР (фр. Rassemblement des républicais).[51] Партия 1994 жылы КИДП-ның ыдырауының қорытындысында құрылды.[52][53] Солтүстік мұсылман аудандарында ықпалды. Жетекшісі – Уаттара Алассан Драман (фр. Alassane Dramme Ouattara), бас хатшысы - Диабате Генриетта Дагба (фр. Henriette Dagba Diabaté).
Француз тілінде шығарылатын БАҚ: күнделік газеттер «Ивуар-суар» (фр. Ivoir-soir – «Ивуар-кеш») және «Вуа» (фр. La Voie – «Жол»), апталық газеттер «Белье» (Le Bélier – «Овен»),«Демократ» (Le Démocrate – «Демократ»), «Нувель оризон» (Le Nouvel horizon – «Жаңа горизонт») и «Жен демократ» (Le Jeune démocrate – «Жас демократ»), апталық «Абиджан сет жур» (Abidjan 7 jours – «Абиджан бір аптада»), айлық газет «Алиф» (Alif – «Алиф») және т.б. Үкіметтік ақпараттық агенттілік- «Кот-д'Ивуардың баспа агенттілігі». 1961 жылы құрылған. Үкіметтік қызмет орыны «Ивуарийлік радиохабарлама және теледидар» 1963 жылы құрылған. «Кот-д'Ивуардың баспа агенттілігі» және «Ивуарийлік радиохабарлама және теледидар» Абиджанда орналасқан. 9000 Ғаламтор-қолданышулар бар.
Автожолдар
Темір жолдар
Әуежайлар
Білімі бар яғни суаты бар тұрғындар үлесі — 60 % ер, 38 % әйел (2000 жылғы мәліметтер бойынша). Халқы француз тілінде сөйлейді 10 баланың 6-ы мектепке түспеген.[54] Орташабілім алуға түскен оқушылардың көбісі ерлер.[55] Еуропа түріндегі алғашқы мектептерді XIX ғасырда француздар ашқан. Отаршылдық үстемдік кезінде халқының 90%-ы сауатсыз болды. 1960 жылдан Кот-д’Ивуар тәуелсіздік алғаннан бері оқу-ағарту жұмысына үкімет тарапынан зор мән берілуде. 1960 жылы мемлекет бюджеттің 12,6 %-ы, ал 1969 жылы 24%-ы халыққа білім беру ісіне бөлінді. Мектептердің көпшілігі мемлекет қарамағында. Жеке адамдар қарауындағы мектептер негізінен католиктік миссияларда ғана. Бастауыш мектептері 6 жылдық, оған 6 жастан қабылданады. Орта мектептері (лицей, классикалық және қазіргі колледждер) 7 жылдық, 2 циклді (4 және 3 жылдық). 1968/69 оқу жылында бастауыш мектептерде 431 мың, орта мектептерде 46 мыңнан астам оқушы болды. Кәсіптік дайындық бастауыш мектеп негізінде 4 және 7 жылдық техникалық лицейде жүзеге асырылады.[56] Бастауыш мектеп мұғалімдерін орталау мектеп негізіндегі педогогикалық мектептер, орта мектеп оқытушыларын 1961 жылы ашылған жоғары педогогикалық мектеп даярлайды. 1964 жылы Абиджанда университет ашылды. 1968/69 оқу жылында университетте 2169 студент оқыды. Абиджанда этнографиялық музей бар.[54]
Кот-д’Ивуарда Батыс Африканың басқа елдеріне салыстырғанда ірі денсаулық сақтау инфрақұрылымы бар[57]. Алайда, он тоғыз әкімшілік орталығынан тек қана екеуінде ірі республикалық маңызы бар университеттік ауруханалар бар. Олар: Абиджан (Кокоди, Treichville және Йопугоне ауруханалар) және Валлю-де - Бандамадағы Буакедағы аурухана. Қалған аймақтар шағын ауруханалар мен медициналық орталықтармен қамтамасыз етілген[58].
Бұлардан басқа Буакеде және Абиджанда мамандарды дайындайтын әскери госпитальдар бар. Бұл жерде Manikro (Буаке) және Далоа аймақтарда жиі кездесетін алапес ауруын емдеп жұмыс жасайтын арнайы қызметкерлерді дайындайды және Бинжервиль психиатриялық ауруханасы бар.
Аталған ірі медициналық орталықтардан басқа да көптеген шағын және жеке медициналық нысандары бар. Батыс Африканың басқа елдерімен салыстырғанда жағдайы жақсы болғанымен, жалпы денсаулық сақтау саласы елде айтарлықтай дамымаған. Мәселен, осы күнге дейін 9908 адамға бір арнайы мамандырылған дәрігер, 2 416 адам үшін бір медбике, 2 118 тууға қабілетті әйелге 1 акушер келеді[58]. 2010 жылғы есептеулер бойынша Кот-д’Ивуар әлем бойынша ана өлімі жағынан 27-ші орында тұр.[59]
Халық саны — 21,1 млн (2010 жылғы мәлімет).
Жылдық өсім — 2,1 %;
Туу көрсеткіші — 1000 адамға 32-ден;
Өлім — 1000 адамға 11-ден;
Сәбилердің қайтыс болуы — 1000-нан 118-і қаза болады екен.[60] Кот-д'Ивуарда 100,000 адамға 12 дәрігерден келеді.[60] Халықтың төрттен бір бөлігіне жуығы халықаралық кедейлік шегінен төмен өмір сүреді, тәулігіне $ 1,25.[61] Әйелдердің 36%-ға жуығы жыныс мүшелері ауруымен аурады.[62]
Орташа өмір сүру — 41 жыл ерлерде, 47 жыл әйелдерде (2004 жыл);[60]
ЖИТС ауруымен ауыратындар — 3,9 %-ды құрайды (2007 жыл). 19-45 жас аралығындағы адамдардың 3.20% бұл аурумен ауырады. Мұндай көрсеткіш әлемде 19-шы орынды алады.[63]
Дәстүрлі тұрғын үйлердің әр-түрлі сәулеттік кескінге ие:
Үйлердің сыртқы жағы жиі сары, қызыл және қара түстермен және геометриялық фигуралармен, құстардың, нақты және мистикалық жануарлар суреттермен қамтылған. Қазіргі заманғы қалалар темірбетон құрылымдар мен шыныдан жасалған сәнді қонақ үйлер мен супермаркеттерге айналды.
Музыкалық аспаптарға: балафондар, барабанды тамтамдар, гитаралар, ксилофондар, шықырлағыштар, рожкалар, өзіндік арфалар және лютналар мен флейтадан тұрады.
Кот-д'Ивуар өзінің ғажайып биімен де кең танылған. Билегендегі киген киімдері көз тартады. Билері еш бір біріне ұқсас емес. Түрлі қиын қимылдармен және акробатикалық трюктармен құрастырылған.
1960-шы жылдары дами түскен.Алғашқы фильм „Жалғыздық талқауында“ Т.Басори атты режиссер 1963 жылы түсірген. 1974 жылы кинемотографисттердің қауымы құрылды. 1993 жылы ивуариялық режиссер Адама Руамба „Исаның есімімен“ атты фильм түсірді. 2001 жылы „Аданггаман“ атты ивуариялық әйгілі режиссер Роже Гноана М'Бала фильм түсірді.
Кот-д'Ивуар халқының мақтанышы ұлттық тағамдары болып табылады. Франция билігінің астында ұзақ уақыт бойы болғандықтан олар дәстүрлі тағамдарында өз ізін қалдырып кетті. Бұл тамаққа таңқалдырарлықтай дәм сыйлады. Бірақ жергілікті халықтың тамағы, азық-түлігі нағыз тамақ талғағышты да бей-жай қалдыруы мүмкін емес. Атеке, Кеджи, Фуфу секілді тағамдардан дәмі тіл үйіреді.
Спорттың көптеген түрі тәжірибеге алынған. Абиджанда, Ямусукрода және Сан-Педрода гольфтан түрлі практикалық алаңдар бар. Теңіз сулары және шағын мүйістерде жеткілікті дәрежеде спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді. Мысалы спорттық балық аулау сондай-ақ, дайвинг және су асты балық аулау, серфинг, желкенді спорт, виндсерфинг, каноэ есу немесе жағажай-волейболы. Атқа міну және автомобиль спорты, мото-кросс деген сияқты экстремалды спорт та бар. Кот-д'Ивуарда гандбол, баскетбол, волейбол, регби, жеңіл атлетика және теннис тәжірибеге алынған.
Алайда футбол Кот-д'Ивуардағы спорт патшасы болып есептеледі. Ол үлкен жұртты құмарлататын ойын түрі. Бұл танымал спорт елдің терең бөліктерінде кеңінен таралған. Тіпті әрбір қалалық және әр аудан өзінің Мараканасын ұйымдастырады (Кот-д'Ивуар Маракана 2012 және 2013 жылы Ұлттар Африка кубогының чемпионы болды) Дамыған елдердің қатарында болмасада футболдан ешқандай елден кем түспейтін елдердің бірі. Футболдан әлем чемпионатына 2 рет қатысқан.
Кот-д’Ивуар Ұлттық футбол құрама командасы елді халықаралық матчтар мен футболдан турнирлерде ұсынады. Елдегі футбол ұйымының негізгі басқарушысы Африка Футбол Конфедерациясының қол астында бақылауда болады.
Кот-д'Ивуар ұлттық құрама командасы Африкалық ұлттар кубогінің 2 рет жеңіп алған. Алғашында 1992 жылы, одан соң 2015 жылы Африкалық ұлттар кубогының жеңімпазы атанды. Манчестер Сити құрамасындағы ең танымал ойншылардың бірі Яя Туре қатысып өзінің құрамасына айтарлықтай демеу көрсетті.
ОАР | Бельгия | Конго Республикасы | Эфиопия | Иран | Марокко |
Сенегал | Алжир | Бразилия | Корея Республикасы | Франция | Палестина |
Мексика | Швейцария | Германия | Буркина-Фасо | Дания | Габон |
Италия | Чад | Ангола | Камерун | Мысыр | Гана |
Жапония | Нигерия | Тунис | Сауд Арабиясы | Гвинея | Испания |
Канада | Либерия | Ұлыбритания | Ватикан | Қытай | АҚШ |
Үндістан | Ресей | Аустрия | Марокко |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.