Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Куланго (комбио немесе коламбо, колано, нкорамфо, нгорафо, логон, тегесие)[1] — Кот-д’Ивуардың солтүстік-шығысында және Гананың кейбір бөліктерінде тұратын халық. Негізінен Комоэ мен Қара Вольта өзендерінің арасында тұрады. Жалпы саны 290 мың адам. Кот-д'Ивуарда 240 мың адам және Ганада 50 мың адам.[2]
Куланго | |
комбио немесе коламбо | |
Ауыл 1892 | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
290 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Кот-д’Ивуар |
240 000 |
Нигерия |
50 000 |
Тілдері | |
куланго тілі | |
Діні | |
дәстүрлі наным-сенімдер |
Тілі мен мәдениеті жағынан куланго халқы Лобиге жақын.[3] Тілі куланго тілі.[4]
Көпшілігі жергілікті дәстүрлі наным-сенімдерді (табиғат күштеріне табыну) ұстанады, кейбірі мұсылмандар.[5]
Куланголар Манде-диула мен абронның ықпалында болған аймақтың автохтонды халқы. Кулангтың саяси институттары болған жоқ. XVII—XVIII ғасырларда Дагомба құрған Бунаның алғашқы саяси құрылымына тәуелді болса, XVIII-XIX ғасырларда аброн оманының Джаман (Бондуку) халқының (төменгі тап) негізін құрады. 1880 жылдары Уасулу "империясының" құрамына кірді.
Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (ямс, тары, құмай, фонио, күріш, таро, тәтті картоп, бұршақ, жүгері) және ірі қара және ұсақ мал өсіру. Ерлер жерді тазартумен айналысса, әйелдер егін егу, жинаумен айналысады. Қолөнерден ағаш мүсіндер, сырланған керамика жасау, төсеніш, қоржын, сөмке тоқу жақсы дамыған.[6]
Дәстүрлі әлеуметтік ұйымның негізін ақсақал бастаған көп балалы отбасылардан тұратын ауыл қауымдастықтары, рулық ұйым, құпия одақтар құрайды. Туыстық есеп матрилиналық болып табылады. Некеден кейінгі қоныс вирилокалды, құпия одақтарға кіру кезінде инициация рәсімдері қолданылады.
Фольклорлық жанрлардың ішінде әндер, ертегілер мен мақал-мәтелдер кең таралған.
Елді мекендері шашыраңқы орналасқан. Тұрғын үйлері дөңгелек, қабырғалары саман немесе қыш кірпіштен қаланған, төбесі биік конустық (рафия пальма жапырақтарының жапырақшаларынан жасалған, үстіңгі жағы қамыспен жабылған). Тұрғын үйдің жанында қосалқы құрылыстар, мал қоралары, астық қоймалары, асхана бар.
Дәстүрлі киімдердің орнын еуропалық киімдер алмастыруда.
Тамағы негізінен өсімдік тектес тағамдар (жарма, бұқтырылған, қайнатылған, қуырылған және пісірілген түйнектер мен ащы дәмдеуіштері бар бұршақ, көкөністер) және сүт өнімдері, пальма майын, кейде етті пайдаланады.[6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.