Remove ads
тарихтағы ең үлкен қарулы қақтығыс From Wikipedia, the free encyclopedia
Екінші дүниежүзілік соғыс (1 қыркүйек, 1939 жыл – 2 қыркүйек, 1945 жыл) — дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тарапынан басталған соғыс. 1933 ж. нацистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады.
Екінші дүниежүзілік соғыс | |||
Сол жақ баған (жоғарыдан төмен): Гитлер Эйфель мұнарасының аясында, 1940 жыл. маусым;
Макс Альперттің "Комбат" фотосы-кеңес офицері 1942 жылдың шілдесіндегі шабуылда жауынгерлерді көтереді;
американдық 1-ші жаяу әскер дивизиясының әскерлерін Омаха жағажайына қондыру, 1944 ж. 6 маусым;
Рейхстагтың төбесіне кеңес туын орнату, 1945 ж. Мамыр. | |||
Дата | |||
---|---|---|---|
Орын | |||
Себеп |
• 1919 жылғы Версаль бейбітшілік келісімінің Германия үшін қиын шарттары | ||
Нәтиже |
Германия капитуляциясы туралы келісім | ||
Аумақтық өзгерістер |
• Нацистік Германия мен Аустрияның аумағын КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция әскерлері басып алып, 4 оккупация аймағына бөлінді. | ||
Қарсыластар | |||
| |||
Қолбасшылары | |||
| |||
Шығындар | |||
| |||
Жалпы шығындар | |||
| |||
1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды.
Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 — 39 ж. Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 ж. Германия Аустрияны, Мюнхен келісіміне (1938 ж. 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет басшылары кездесіп, Чехословакияның Судет облысын немістерге беру, Германия көршілерінен басқа жер талап етпеуге келісім жасасты) сәйкес Чехословакияның Судет облысын, 1939 ж. наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуір айында Италия Албанияны басып алды.
Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алды, сондай-ақ, КСРО-мен ұжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз) қол қойды.
Осы Молотов-Риббентроп келісімі (Вячеслав Молотов КСРО-ның, Иоахим фон Риббентроп Германияның атынан келісімге қол қойған) бойынша екі мемлекет жасырын түрде Шығ. Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп алды. Финляндия, Латвия, Литва, Эстония, Бессарабия және Польшаның шығыс бөлігі (Нарва, Висла, Сен өзендерінің шығыс жағы) Кеңес Одағына, ал қалған бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болды.
Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек — 1941 ж. 21 маусым). КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы 8-28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен қорғағанымен еріксіз берілді.
17 қыркүйекте Қызыл Армия Молотов — Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның шекарасынан өтіп, Бат. Украина мен Бат. Белоруссияны өзіне қосып алды, ал қыркүйек — қазан айларында Эстония, Латвия, Литва үкіметтерімен өзара көмек шарттарын жасасып, әскер кіргізді.
Осыдан кейін Кеңес үкіметі Финляндиядан Ленинград (казіргі Санкт-Петербург) қаласының қауіпсіздігі үшін шекараны ел ішіне қарай жылжытуды талап етті. Осы талапты күшпен орындатқызу мақсатымен 1939 жылдың аяғы мен 1940 жылдың бас кезінде кеңес-финн соғысы болып, шекара солтүстік-батысқа қарай жылжытылды. Финляндиямен үш айға созылған соғыс кеңес армиясының әлсіз екенін көрсетті және КСРО-ның беделіне үлкен нұқсан келтірді. 1940 ж. 28 маусымда Румыния Бессарабия мен Солт. Буковинаны Кеңес Одағына беруге мәжбүр болды.
Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағандарымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс қимылдарын жүргізген жоқ. Осыны пайдаланған Германия Ұлыбритания теңіз флотына соққы берді де, Бат. Еуропаны жаулап алуға кірісті. 1940 ж. сәуір — мамыр айларында Норвегия мен Дания жаулап алынып, 10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люксембургке, әрі қарай Францияға басып кірді.
Петен бастаған француз үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусым күні берілді. Оңт. Францияда Петеннің «қуыршақ үкіметі» құрылып, елдің қалған бөлігінде герман билігі орнады. Шарль де Голль бастаған француз патриоттары Ұлыбританияға кетіп, күресті жалғастырды. Маусым айында (1940) Италия үкіметі де Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялады. Енді гитлершілер ағылшын қалаларын аяусыз бомбалауға кірісті.
Бірақ Гитлер Ұлыбританияға басып кіруден бас тартып, Кеңес Одағымен соғысқа мұқият дайындала бастады. Жапониямен, Италиямен достық нығайтылды. Балкан компаниясы (1941) нәтижесінде Грекия жаулап алынып, Югославияда фашистік Сербия, Хорватия «мемлекеттері» құрылды.
Румыния, Мажарстан, Болгария, Финляндия фашистік одаққа қосылды. Басып алынған жерлерді қырып жою, еріксіз жұмысқа пайдалану саясаты жүргізіліп, нәтижесінде фашистерге қарсы қарсыласу қозғалысы дүниеге келді.
АҚШ үкіметі бейтараптық саясатынан бас тартып, Ұлыбритания мен басқа да Еуропадағы соғысушы елдерге несиеге немесе жалға соғыс материалдарын (лендлиз) беру туралы заң қабылдады (1941 ж. 11 наурыз).
1941 жыл 22 маусым күні Германия КСРО- ға басып кірді. Ең алғаш Брест қамалы құлады. Онда үш дивизияның казармасы бар еді. Германияға Мажарстан, Румыния, Финляндия, Италия мемлекеттері қосылды. Соғыс қиянкескі сипат алып, Германия өзінің Қарулы Күштерінің 77% - ын осы майданда ұстады (қ. Ұлы Отан соғысы ). Осы уақыттта неміс авиациясы (люфтваффе) Мәскеуді бомбалауды бастады. Оған жауап ретінде 1941 жылдың жазында Балтық жағалауында орналасқан Кеңес авиациясы Берлинді бомбалады. Мәскеу шайқасында ( 1942, шілде – қараша ) кеңес армиясы өз отанын қорғап қалды.
1941 жылы шілдеде КСРО үкіметі Ұлыбритания және эмиграциядағы Польша, Чехославакия үкіметтерімен келісімге келді. Қыркүйектің аяғы – қазан айының бас кезінде (1941) Мәскеуде АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері КСРО- ға қару – жарақпен көмек беру жөнінде келісімге қол қойды. Гитлерге қарсы одақтың негізі қаланды. 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапония Тынық мұхиттағы АҚШ-тың Перл – Харбор базасына басып кірді.
8 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттері Жапонияға соғыс жариялады. 1942 жылы 1 қаңтар күні Вашингтонда 26 мемлекет үндеу қабылдап, фашистік одаққа қарсы күш біріктіруге шешім қабылдады. 1941 жылы 22.12 – 1942 жылы 14.01 Черчилль мен Рузвельт біріккен ағылшын – американ штабын және Тынық мұхитта ағылшын – американ – голланд – Аустралия бірыңғай одағын құруға шешім қабылдады.
1942 жылы Жапония АҚШ-тың Тынық мұхиттағы негізгі соғыс базаларына соққы берді, Тайланд, Сянган (Гонконг), Бирма, Малайзия, Филиппиндер, Индонезияның басты аралдарын басып алды да, Аустралияға қауіп төндірді. АҚШ Атлант теңізіндегі флотының бір бөлігін Тынық мұхитына көшірді де, 1942 жылдың 1 жартысында жапон флотына бірнеше соққы беріп (Мидуей теңіз шайқасы), қорғанысқа көшуге мәжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы азаттық қозғалыс күшеді. Америка және Ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс беріп, 1942 жылы жазда оларды Атлант мұхитынан ығыстыра бастады.
Гитлерге одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті. Германия Қарулы Күштерінің 71% - і кеңес – герман майданында болды. Қызыл Армияның Сталинград түбінде жеңіске жетуі партизан қозғалысы мен Польша, Югославия, Чехославакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б елдерде қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 жыл 29 қазанда Солтүстік Африкада генерал Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып, Триполитания, Киренайка, Тоубурк, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада ағылшын – америкалық экспедициялық корпусы ( генерал Дуйат Эйзенхауер) франциялық Солтүстік Африка саяси - әкімшілік бірлестігіне (Алжир, Оран, Касабланка, т.б ) келіп түсті.
Бірақ шaбуылға шыққан неміс армиясы одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін толығымен басып алды. Дегенмен одақтастар 1943 жылы мамырда Солтүстік Африканы толығымен азат етті. 1943 жылы жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Беларусьті азат етуге кірісті ( қ. Курск шайқасы ). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 жылы жазда Сицилияны басып алып, Апеннин түбегіне беттеді.
Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі құлап, П. Бадольо бастаған жаңа үкімет 3 қыркүйекте АҚШ- пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 жылы өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын – американ үкіметтері 1944 жылы мамыр айында Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одағы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді.
Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 жылы қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесіде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі шабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасаты. Кеңес армиясы Польша және Шығыс Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті.
АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 жылы 6 маусымда солтүстік – батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды.
1944 жылы шілде–қараша айларында Қызыл армия Балтық бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан құрылған румын және болгар үкіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехославак әскери бөлімдері Кеңес армиясының көмегімен Чехославакияны азат ете бастады.
Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық – азаттық армиясының және болгар әскерлерінің көмегімен Югославияны, қазан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті. 1944 жылдың аяғына дейін одақтастар Францияны, Бельгияны, Нидерландты, Оңтүстік Италия мен Германияның батыс аудандарын азат етті. Бірақ герман әскерлері 1944 жылы желтоқсанда Арденна түбінде шабуылға шығып, америкалықтарға соққы берді.
1945 жылы 12 - 14 қаңтарда Қызыл Армияның Балтықтан Карпатқа дейінгі аралықта жаппай шабуылы немістерді Арденна түбіндегі шабуылды тоқтатуға мәжбүр етті. Висла – Одер операциясы нәтижесінде Қызыл Армия Польшаның солтүстігі мен шығыс Пруссияны басып алып, солтүстікте Венгрияны толық азат етіп, Аустрияға басып кірді. Ағылшын, америка, француз әскерлері 23 наурызда Рейннен өтіп, мамырдың бас кезінде Чехословакия мен Батыс Аустрияға келіп кірді, 25 сәуір күні кеңес – американ әскерлері Торгау қаласы түбінде бір – бірімен алғаш рет кездесті.
Кеңес армиясының Берлин операциясы ( 16 сәуір – 2 мамыр ) нәтижесінде Берлин алынды. 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхорстта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды. 1944 – 1945 жылдары маусым аралығында одақтастар жапондықтардан Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндіқытай түбегінің бір бөлігін азат етіп, Жапонияға әуе шабуылын күшейтті.
Постдам конференциясы (1945 жыл 17 маусым – 2 тамыз ) Германияны қарусыздандыру туралы шешім қабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты қабылдамады.
6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солтүстік шығыс Қытайды, Солтүстік Кореяны, Сахалин және Курил аралдарын азат етті. Оңтүстік-Шығыс Азияда ұлт азаттық соғыстың басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 жылы 2 қыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіндігі жөнінде актіге қол қойды.
АҚШ Атлант төңірегіндегі флотының бір бөлігін Тынық мұхитқа көшірді де, 1942 жылдың 1-жартысында жапон флотына бірнеше соққы беріп, корғанысқа көшуге мәжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы азаттық қозғалыс күшейді.
Америка және ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс беріп, 1942 ж. жазда оларды Атлант мұхитынан ығыстыра бастады. Соғыстың 3-кезеңі (1942 ж. 19 қараша – 1943 ж. желтоқсан). Гитлерге қарсы одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті.
Германия қарулы күштерінің 71%-ы кеңес-герман майданында болды. Қызыл Армияның Сталинград түбінде жеңіске жетуі партизан қозғалысы мен Польша, Югославия, Чехословакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б. елдерде қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 ж. 23 қазанда Солт. Африкада ген. Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып, Триполитания, Киренаика, Тобрук, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада ағылшын — америкалық экспедициялық корпусы (ген. Дуайт Эйзенхауэр) франциялық Солт. Африка саяси-әкімш. бірлестігіне (Алжир, Оран, Касабланка, т.б.) келіп түсті. Бірақ шабуылға шыққан неміс армиясы одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін толығымен басып алды. Дегенмен одақтастар 1943 ж. мамырда Солт. Африканы толығымен азат етті.
1943 ж. жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Белорусьті азат етуге кірісті (к. Курск шайқасы).
Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 ж. жазда Сицилияны басып алып, Апенин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі құлап, П.Бадальо бастаған жаңа үкімет 3 қыркүйекте АҚШ-пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 ж. өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын-американ үкіметтері 1944 ж. мамыр айында Батыс Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одагы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді.
Соғыстың 4-кезеңі (1944 ж. 1 қаңтар — 1945 ж. 8 мамыр). Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 ж. қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесінде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі шабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасасты. Кеңес армиясы Польша және Шығ. Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 ж. 6 маусымда солт.-батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды.
1944 ж. шілде — қараша айларында Қызыл армия Балтык бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан құрылған румын және болгар үкіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехословак әскери бөлімдері кеңес армиясының көмегімен Чехословакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық-азаттық армиясының және болгар әскерлерінің көмегімен Югославияны, қазан айынан бастап, Мажарстанны азат етуге кірісті.
1944 жылдың аяғына дейін одақтастар Францияны, Бельгияны, Нидерландты, Орт. Италия мен Германияның батыс аудандарын азат етті. Бірақ герман әскерлері 1944 ж. желтоқсанда Арденна түбінде шабуылға шығып, америкалықтарға соққы берді. 1945 ж. 12-14 қаңтарда Қызыл Армияның Балтықтан Карпатка дейінгі аралықта жаппай шабуылы немістерді Арденна түбіндегі шабуылды тоқтатуға мәжбүр етті. Висла — Одер операциясы нәтижесінде Қызыл Армия Польшаның солт. мен Шығ. Пруссияны басып алып, солтүстікте Мажарстанны толық азат етіп, Аустрияға басып кірді. Ағылшын, америка, француз әскерлері 24 наурызда Рейннен өтіп, мамырдың бас кезінде Чехословакия мен Бат. Аустрияға келіп кірді. 25 сәуір күні кеңес — американ әскерлері Торгау қ. түбінде бір-бірімен алғаш рет кездесті. Кеңес армиясының Берлин операциясы (16 сәуір — 2 мамыр) нәтижесінде Берлин алынды. 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхоростта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды.
1944 — 45 ж. маусым аралығында одақтастар жапондардан Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндіқытай түбегінің бір бөлігін азат етіп, Жапонияға әуе шабуылын күшейтті. Соғыстың 5-кезеңі (1945 ж. 9 мамыр — 2 кыркүйек). Потсдам конференциясы (1945 ж. 17 маусым — 2 тамыз) Германияны қарусыздандыру туралы шешім қабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты қабылдамады. 6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Әскер Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солт.- шығыс Қытайды, Солтүстік Кореяны, Сахалин және Курил аралдарын азат етті. Оңт.-Шығыс Азияда ұлтазаттық қозғалысы басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 ж. 2 қыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіні жөнінде актіге қол қойды.
Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға ұшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын шықты. Соғыстың аяғында нацизм және фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды. Нацизмді талқандауда шешуші рөлді КСРО құрамындағы халықтар атқарды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.