Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Беларусь (белар. Беларусь bʲɛlaˈrusʲ), ресми аталуы — Беларусь Республикасы (белар. Рэспубліка Беларусь , аббревиатурасы — БР) — Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жерінің көлемі — 207,6 мың км2. Халқы — 9 миллион 451 мың адам. Негізгі халқы — беларустар (80%), бұған қоса орыстар (13,6%), поляктар (4,1%) тұрады. Астанасы — Минск (1,6 млн.). Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік басқарылуы тұрғысынан жағынан 6 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілдері — беларус тілі және орыс тілі. Діні — православие (70%). Ақшасы — беларусь рублі. Ұлттық мейрамы — 3 шілдедегі Республика күні. Мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (Ұлттық жиналыс). Ол төменгі (өкілдер кеңесі) және жоғарғы (Республика Кеңесі) палаталарынан тұрады.
Беларусь Республикасы белар. Рэспубліка Беларусь | |||||
| |||||
Әнұран: «Мы, беларусы» — «біз, беларустар» (тыңдау ) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 25 тамыз 1991 жыл (КСРО-дан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | беларус тілі, орыс тілі | ||||
Елорда | Минск | ||||
Ірі қалалары | Минск, Гомель, Могилёв, Витебск, Гродно, Брест | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі |
Александр Лукашенко Роман Головченко | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 84- орын 207 595 км² 1,4 | ||||
Жұрты • Сарап (2018) • Тығыздығы |
▼ 9 491 800[1] адам (93-) 45,8 адам/км² (142-) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
195 млрд.[2] $ (60-) 20,820[2] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
60 млрд.[2] $ 6,477[2] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,808[3] (өте жоғары) (53-) | ||||
Валютасы | Беларусь рублі (BYN) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .by | ||||
ISO коды | BLR | ||||
ХОК коды | BLR | ||||
Телефон коды | +375 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+3:00 және Europe/Minsk |
Пошта индексі |
күні |
|||
---|---|---|---|---|
Брест облысы | 224000 | 4 желтоқсан 1939 | 1 401 000 | Брест |
Витебск облысы | 210000 | 15 қаңтар 1938 | 1 231 000 | Витебск |
Гомель облысы | 246000 | 15 қаңтар 1938 | 1 464 500 | Гомель |
Гродно облысы | 230000 | 20 қыркүйек 1944 | 1 072 000 | Гродно |
Могилёв облысы | 212000 | 15 қаңтар 1938 | 1 095 000 | Могилев |
Минск облысы | 220000 | 15 қаңтар 1938 | 1 422 000 | Минск |
Қазіргі Беларусь жеріне адамдар қола дәуірінен бастап қоныстанған.
Олар 1918 жылы ақпанның 19-ынан 20-сына қараған түні Поляк легиондары корпусымен бірігіп, Минск қаласын басып алады да, Беларусь Халық Республикасын құрады. 1919 жылы қаңтарда бұл үкіметті Қызыл Армия жасақтары құлатты. Оның орнына 1919 жылы 1 қаңтарда Белоруссия Кеңестік Социалистік Республикасы (БКСР) құрылып, 1922 жылы 30 желтоқсанда КСРО құрамына енеді. Молотов — Рибентроп келісімі бойынша 1939 жылы қараша айында БКСР Батыс Белоруссиямен қосылып, аумағы ұлғаяды.
ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде Беларусь жері тағы да неміс әскерлерінің қоластында қалып, зор ауыртпалықтарға ұшырады. Соғыстан кейін қираған шаруашылықты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, өнеркәсіптің жаңа салалары (автомобиль, кеме, трактор жасау, т.б.) құрылады. Экономикасы дамиды. Ауылшаруашылығы өнімдері де артты. Ағаш өңдейтін, қағаз жасайтын кәсіпорындар ашылды.
Беларусь Республикасы солтүстік-батысында Литва және Латвия мемлекеттерімен, шығысында Ресеймен, оңтүстігінде Украинамен, ал батысында Польшамен шектеседі. Беларусь Шығыс Еуропа жазығында Днепр, Батыс Двина мен Неман өзендерінің аңғарларын алып жатыр. Жерінің басым бөлігі теңіз деңгейінен 100—200 м ғана биік. Климаты қоңыржай континенттік. Қысы аса суық емес, ылғалды; жазы салқын, жаңбырлы. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600 — 700 мм. Батпақ жиі кездеседі. Басты өзендері: Днепр (салалары Припять, Сож, Березина), Батыс Двина, Неман (саласы — Вилия). Жерінің 33%-і орман болып келеді. Ормансыз жерлері — шалғын, жайылым. Хайуанаттардан зубр, елік, тиін, түлкі, қоян, т.б. мекендейді. Березина қорығы мен Беловеж нуы сирек кездесетін аңдардың көбеюіне септігін тигізуде.
Александр Лукашенко Президент |
Роман Головченко Премьер-министр |
Ресми түрде Беларусь — президенттік республика жүйесіндегі тәуелсіз мемлекет.[4] 1994 жылдан бергі президенті — Александр Лукашенко[5] және 2020 жылдан бастап премьер-министрі — Роман Головченко.[6] Елдің парламенті Беларусь Ұлттық Жиналысы екі палатаға бөлінеді: жоғарғы Республика Кеңесі[7] және төменгі Өкілдер палатасы[8]. Парламент палаталарының екеуінде де мандаттарының көпшілігіне ие саяси партия — про-президенттік Белая Русь партиясы.
Лукашенконың авторитарлық әкімішілігі,[9] жеке басына табынуы,[10] оппозицияға қысым көрсетуі[11] себебімен «Еуропаның соңғы диктаторы»[12][13] атағын алған. Елдегі сайлаулар демократиялық болып саналмайды.[14][15]
Беларусь аумағы Ежелгі Орыс платформасы негізінде қалыптасқан жазықтар алып жатыр. Батпақты сипат алатын ойпаттардың ең ірісі оңтүстікте орналасқан - Беларусь полесьесі. Ел аумағы батыстан шығысқа кесіп өтетін салыстырмалы түрде биік қыраттар мен жалдар жүйесін жалпы атпен Беларусь жалы деп атайды. Ел аумағында ең биік бөлігі болып саналатын Минск қыраты (345м) солтүстіктен батысқа қарай орналасқан. Жер бедерінің тегіс болуы Беларусь аумағын ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану мүмкіндігін арттырғанмен, батпақтардың көп болуы қосымша мелиорациялық шаралар жүргізуге қажет етеді. Ежелгі платформа шегінде жатуы минералды шикізат құрамында да әсер еткен. Солигорск маңында калий тұздарының дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының бірі (барланған қоры 42 млрд т.) орналасқан. Мозырь, Давыдов кен орындарында ас тұзының едәуір мол қоры бар. Ел аумағында құрылыс материалдары (cаз балшықтар мен құмдар, қиыршық тастар, құрылыс тастары, цемент және шыны шикізаты) да мол.
Беларусь жеріне қоңыржай континентті климаты тән. Ел аумағында климат көрсеткіштері үлкен айырма жасамайды. Қыс кезінде ауа райының кенеттен құбылуы жиі байқалады. Қаңтардың орташа температурасы -5-тан -8 градусқа дейін өзгеріс жасайды. Жазы қоңыр салқын, жаңбырлы, әдетте, шілденің орташа температурасы +15 градустан жоғары болады. Бұлтты, бұлыңғыр, күндер саны басым, жауын-шашынның жылдық мөлшері 500-700 мм шамасында. Ауыл шаруашылығын жүргізуде ылғал мөлшері жеткілікті болғанымен, кейбір дақылдарды өсіруге жылу жетпейді.
Беларусь арқылы Днепр мен оның салалары: Припять, Березина және Неман, Батыс Двина, Батыс Буг өзендері ағады. Жазықтан ағатындықтан ағысы баяу болатын бұл өзендер сол сулы келеді. Елде жалпы саны 4 мыңнан асатын ірілі-ұсақты көлдер бар. Көлдер әсіресе солтүстікте көп, елдің бұл бөлігін Поозерье деп атайды. Елдегі ең ірі көл Нарочь көлі, оның ауданы 80 км.кв., тереңдігі - 25м. Ішкі сулар, негізінен, елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді. Батпақтар Беларусь жерінің 20 пайызын алып жатыр. Елдің солтүстігінде шымды күлгін топырақта шыршалы ормандар, орталық бөлігінде құмды топырағында қарағайлар өседі. Жалпы алғанда, ормандар ел аумағының үштен бір бөлігін алады. Елдің Польшамен шекарасында Беловеж нуы созылып жатыр. Мұнда жасы жүзден асқан алып қарағайлар өседі және орман зонасының көптеген жануарлары мекендейді.
Беларусь жерінің қайталанбас табиғатын сақтап қалу мақсатында Беловеж ұлттық саябағы, Березин, Припять және Полесье қорықтары ұйымдастырылған. Полесье радиациялық-экологиялық қорығы шекаралас Украинаның Чернобыль АЭС-індегі жойқын апаттан кейін, радиоактивті ластанудың табиғи ортаға қалай әсер ететінін арнайы зерттеу мақсатында құрылған. Жалпы Беларусь жеріндегі мыңдаған гектар ауыл шаруашылықты алқаптар радиациялық жағынан қауіпті аудандар табылады.
Географиялық орнының ерешеліктеріне байланысты Беларусь Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарында Еуропа елдері мен Ресей басты орын алады. Әсіресе соңғы жылдары Ресеймен одақ құруы және кедендік бөгеттердің жойылуы екі ел арасындағы байланыстарды нығайта түсті. Беларусь Ресейден жасанды каучук, мұнай мен газ, көмір элект энергиясын және қара металлургия өнімдерін, өсімдік майын сатып алады. Беларусь экспортында Германия мен Польшаның да үлесі жоғары. Беларусь шетке машина жасау және химия өнеркәсібінің өнімдерін, көлік құрал-жабдықтарын, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері өнімдерін сатады. 2008 жылғы сыртқы саудадағы экспорт үлесі 33 млрд, ал импорт үлесі 39,2 млрд АҚШ долларын құрады. Елде 1,5 мыңға жуық бірлескен, 500-дей шетел кәсіпорындары жұмыс істейді. Бұл істе әсіресе Польша, Германия, Италия және АҚШ фирмалары белсенділік танытқан. Беларусь экономикасында дүниежүзінің 66 елінің инвестициялары тартылған, қаржы көлемі жөнінен АҚШ мен Германия жетекші орында. 2012 жылғы Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 760 млн АҚШ долларына жетті.
2004 жылдың соңына қарай Беларусь халқының саны 9,8 млн адамға жетті. Беларусь Республикасы — ТМД елдері арасында халықының саны өте баяу өсіп келе жатқан елдердің бірі. Табиғи өсу 2000 жылы - 0,5%-ды құрады, яғни ел бойынша туудың орташа көрсеткіші - 9‰, ал өлім 14‰ шамасында болды. Қазіргі кезде ауыл мен қаланың демографиялық көрсеткіші үлкен айырма жасап оыр. Қалада туу 12‰ болса, ауылды жерде бұл көрсеткіш - 8‰. Өлім тиісінше 9‰ және 18‰ болды. Беларусь тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы - 68 жас. Халық санының өзгеруіне көші-қон да елеулі түрде әсер етеді. Жалпы алғанда, Беларусь жерінен көшіп кекендер санынан көшіп келгендер саны әлдеқайда артық.
Беларусь жазба әдебиетінің тарихы Киев Русі дәуірінен басталады.
Қазан төңкерісінен кейін Беларусь әдебиеті идеологиялық қысымға қарамастан қарқынды дамыды.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірде Беларусь әдебиеті жаңа қарқынмен дамыды. И. Шамякин, И. Мележ, Я. Брыль, В. Быков, Р.Бородулин, т.б. көптеген ақын-жазушылардың романдары мен повестері, өлеңдері мен поэмалары Беларусь әдебиетін жаңа биікке көтерді. Әдебиеттану мен әдеби сын саласынан А. Адамовичтің, С. Александровичтің, В. Борисенконың, т.б. еңбектері танымал болды. Б. жазушылары мен ақындарының шығармалары бұрынғы КСРО халықтарының және шет ел тілдеріне аударылып, дүниежүзілік әдебиет қорынан берік орын алды. Қазақ оқырмандарына Купала, Колас, Бровка, Танк, Шамякин, Мележ, Брыль, Быков сияқты дарынды ақын-жазушылар туындылары жақсы таныс.
Беларусьтің Киев Русі дәуірінен жеткен сәулет өнерінің ескерткіштері — София соборы, Полоцкідегі Спасс-Евфросиньевская шіркеуі, Витебскідегі Благовещенск және Гроднодағы Коложск шіркеулері. 17 ғасырда Ресейде “беларусь өрнегі” деп аталатын беларусь суретшілерінің әдісі кең тарады. Беларусьтің бейнелеу өнері 18 ғасырға дейін бірыңғай діни сипатта дамыды. Бұл саладағы алғашқы шынайы өмірлік материалды арқау еткен туынды — белгісіз автордың “Слуцкілік князь Олельковичтердің портреті” деген шығармасы (17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басы). Ресейге қосылған кезден бастап (18 ғасыр). Беларусь өнері мен мәдениеті жаңа бағытта дамыды. Санкт-Петербург Көркемсурет академиясы мен Мәскеу сурет училищесінен білім алған Беларусь суретшілері И.Т. Хруцкий, С.К. Зарянко, мүсінші А.А. Васютинский, т.б. Беларусь бейнелеу өнерін жаңа биікке көтерді. Қазан төңкерісінен кейін Беларусь мәдениеті мен өнеріне түбегейлі өзгерістер еніп, кәсіби өнер мен халық шығармашылығының қабыса дамуына жол салынды.
16 ғасырдан бастап халықтық қуыршақ театры — батлейка кең өріс алды. 17 ғасырда діни оқу орындары жанынан мектеп театрлары ұйымдастырылып, ойын-сауықтар көрсетіп отырды. 18 ғасырдың соңына қарай жеке меншік театрлар, 19 ғасырдың орта шенінде әуесқойлар театрлары құрыла бастады. Осындай әуесқойлар театрының бірін Беларусь халқының алғашқы драматургы Дунин-Марцинкевич басқарды.
1905 ж. актер әрі рижессер И.П. Буйницкийдің жетекшілігімен кәсіби көшпелі театр құрылды. Купала мен Коластың драматургиясы Беларусьтің ұлттық театрының қалыптасып, өсуінде үлкен рөл атқарды. Я.Купала атындағы драма театры (1920, Минск), Я. Колас атындындағы драма театры (1926, Витебск), 3-Беларусь драма театры (1932), т.б. театрлар құрылғаннан кейін олардың өнер биігіне көтерілу жолдарында Г.П. Глебов, П.С. Молчанов, т.б. белгілі актерлар мен режиссерлер тарихи тақырып пен ұлттық фольклор негізінде жазылған Е.А. Мирович, Е.С. Романов, т.б-дың пьесаларын қойды. 20 ғасырдың 40—50-жылдарынан бастап олардың сахналарында классикалық туындылар қойылды. Қазіргі Беларусь — кино өнері мен ұлттық теледидары, ғылымы мен оқу-ағарту жүйесі жоғары дәрежеде дамыған мемлекет.[16]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.