Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Зубр (лат. Bison bonasus) – сүтқоректілер класы, қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жануар. Негізгі мекені Батыс Еуропаның және Орталық Еуропаның орманды аймақтары болып саналады.
Зубр | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Bison bonasus (Линней, 1758) | ||||||||||||||
Зубр ареалы
| ||||||||||||||
Subspecies | ||||||||||||||
|
Зубр – ірі жануар. Дене тұрқы 3,5 м, биіктігі 2 м-дей (шоқтығынан алғанда), салмағы 1 тоннадай. Жүні қалың, қоңыр түсті. Бұқасының да, сиырының да мүйізі болады. 2 – 3 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Шілде – қыркүйекте күйлеп, 9 айдан соң аналығы жалқы бұзау туады. Бұзауын 5 айдай, кейде 1 жылға дейін емізеді. 20 ғасырдың басында таза тұқымды зубрлар тек қорықтарда сақталып қалды. Сондықтан Ресейде алғаш рет зубр мен бизонды шағылыстырып, түраралық будан – зубр-бизон алынды (1907). Бұларда зубрдың да, бизонның да белгілері болады, бірақ әдетте, екеуінен де ірілеу келеді. Басы зубр басынан үлкенірек, артқы аяғының пішіні өзгешелеу, басының, кеудесінің жүні қалыңдау.
Салмағы 600 – 1000 кг. Аңшылық шаруашылық үшін маңызы зор. 1960 жылы Алматы хайуанаттар саябағында өсірілген бес зубр-бизон Іле Алатауындағы Табынқарағай орманына жіберілген болатын. Бірақ қысы суық, қары мол бұл жерде зубр-бизондар тіршілік ортасына бейімделе алмай, келесі жылы түгелдей шығынға ұшырады. Сондай-ақ осы жылдары төрт таза тұқымды зубрды Іле Алатауының ормандарына жерсіндіру де сәтсіз аяқталды. Зубрлар жойылып кету қаупі бар жануарлар тобына жататындықтан, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.[2][3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.