Латын тілі

From Wikipedia, the free encyclopedia

Латын тілі
Remove ads
Remove ads

Латын тілі (лат. latīnum, laˈtiːnʊ̃ немесе lingua latīna, ˈlɪŋɡʷa laˈtiːna) — Латиум (Лаций) және Ежелгі Римде Италикалық Латиндер сөйлеген антикалық Италик тілі.[1]

Thumb
Библияның латын тіліндегі басылымында латынша жазылған – 1407 ж.

Еуропалық тілдердің басым бөлігі секілді ежелгі Прото-Үнді-Еуропалық тілдің жалғасы. Этруск тілінің ықпалы мен Грек әліпбиін пайдалану латын тілінің Апеннин түбегінде қалыптасуына әсер етті. Қазіргі Роман тілдері латын тілі диалектісінің (дөрекі Латын) жалғасы. Сонымен қатар латын тілін көптеген студенттер, зерттеушілер мен шіркеу қызметшілері пайдаланады, және әлем бойынша кейбір білім беру институттарында әлі күнге дейін оқытылады.[2][3]

Латын тілін көптеген тіл семьяларында жаңа сөздер жасауда және биологиялық таксономияда да қолданады. Латын және оның жалғасы болып есептелетін Роман тілдері Италик тіл семьясының сақталып қалған жалғыз өкілдері. Италик тобының басқа өкілдері жазба ретінде сақталғанымен де, кейін Рим республикасы кезінде латын тілімен жұтылып кетті.

Remove ads

Мұрасы

Әдебиеті

Thumb
Грац университеті кітапханасындағы көп томды Латын тілі сөздігі

Б.з.б. 6 ғасырда Рим сөйленісі ретінде пайда болып, Жерорта теңізінің батысындағы елдерді қамтыды. Римдіктердің Галлия, Иберия түбегін, Солтүстік Африка, Британия, Норик, Паннония және Дакияны жаулап алуына байланысты Латын тілі тарады. Ол үнді-парсы және хетт тілдеріне жақын. 9 ғасырдада Латын тілі сөйлеу тілі ретінде жойылды, дегенмен 15 — 16 ғасырларға дейін батыс еуропа қоғамының, католик шіркеуінің, ішінара әдебиет пен ғылымның, дәрігерлік тәжірибенің жазба тілі болды. Латын тілі италия, сардин, провансаль, француз, каталон, испан, португал, ретороман, далмат және балқан-роман тілдерінің негізін қалыптастырды. Плавт (б.з.б. 254 — 184) комедиялары (20-ға жуық) ең көне туынды ретінде танылды. Цицерон мен Цезарь (“Commentarіі de bello Jallіco”) прозалары, Вергилийдің поэзиясы классикалық Латын тілінде жазылған.

Thumb
Мына 1407 жылғы латын Библиясы Римнің кейінгі мәдениеттерге орасан зор әсер еткендігін айтады
Remove ads

Ресми статус

Латын Еуропа елдерінің ресми тілі болған және әлі күнге дейін болуда.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Loading content...

Сыртқы сілтемелері

Loading content...
Loading content...
Loading content...
Loading content...
Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads