Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Испан тілі (ис. idioma español), немесе Кастиль тілі (ис. castellano) — Испания, Оңтүстік, Орталық Америка (Гаити, Гайана, Суринам, Кіші Антиль аралдарын қоспағанда) мен Мексиканың, Кубаның (барлығы 20 елдің) әдеби және ресми тілі. Сондай-ақ, испан тілі Перуде (кечуа тілімен қатар), Боливияда (кечуа және аймара тілдерімен қатар), Пуэрто-Рикода (ағылшын тілімен қатар) ресми тіл болып саналады. Үнді-Еуропа тілдері шоғырының роман тілдері тобына жатады. Испан тілі Испанияның бұрынғы отарлары – Танжерде (Марокко), Филиппин аралдарында (тагил тілімен қатар) қолданылады. Балқан түбегінде және Орта Шығыста көне испан тілі кездеседі. Испан тілі екі диалектілік топқа (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Латын Америкасы тұрғындары тілінің лексикасы мен сөздерінің айтылуында өзгешелік бар. Испан тілі Пиреней түбегіне 2-Пуни соғысы кезінде (б.з.б. 218 – 201) римдіктердің келуіне байланысты тарады. Испан әдеби тілінің қалыптасуына кастиль диалектісі негіз болғандықтан, ол көп уақыт кастиль тілі деп аталды. Қазіргі испан тілінде 5 дауысты, 18 дауыссыз (16 қатаң, 2 ұяң) дыбыс бар. Зат есім, сын есім есептелмейді. Етістік формалары өте күрделі. Жазуда латын әліпбиін қолданады. Испан тілінде дүние жүзі бойынша 250 млн. адам сөйлейді.[1]
испан тілі | |
Өз атауы: |
español, castellano |
---|---|
Айтылуы: |
espa'ɲol, kaste'ʎano |
Елдер: |
Испания, Орталық және Оңтүстік Америка |
Ресми күйі: |
Испания, бүкіл Латын Америкасы (Бразилияны қоспағанда) |
Реттейтін мекеме: |
Испан тілі академияларының ассоциациясы (Real Academia Española және өзге де 22 ұлттық испан тілі академиялары) |
Сөйлеушілер саны: |
400 миллион адам |
Рейтинг: |
5 |
Классификация | |
Санаты: |
Еуразия тілдері |
| |
Жазуы: | |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: |
исп 230 |
ISO 639-1: |
es |
ISO 639-2: |
spa |
ISO 639-3: |
spa |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.