түр, түс, белгі, сапа, иіс, салмақ, көлем, т. с. с. белгілер сипатталар сөздер From Wikipedia, the free encyclopedia
Сын есім — заттың түрін, түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер.
Қазақ тілінде сын есімдердің сұрақтары: қандай? қай?
Бұл айтылғандар – сын есімнің мағыналық жағы.
Тұлғалық жағынан сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Дара және күрделі сын есімдер
Дара сын есімдер - құрамы бір ғана сөзден тұратын сындық мағыналы сөздер: әдемі, жақсы, күлкішіл, ұзын, қоңыр т.б.
Күрделі сын есімдер - тіркескен және қосарланған сын есімнің сындық белгіні білдіруі,яғни ең кемі екі сөзден құралып, бір сындық ұғымды білдіруі қажет.Мысал сөздер: күрең қызыл, қара ала, қара сұр, ақ сақалды т.б.
Күрделі сынның жасалу жолдары:
5.Сын есімдердің қосарлануы арқылы күрделі сын есім жасалады: үлкен-үлкен, жақсылы- жаманды, үлкен-кіші.
Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық (мақал).
Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).
Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов).
Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Жақсы студент жақсы оқиды.
Сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор.
Егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. Мысалы: Ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (Ғабиден Мұстафин).
Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді.
"Сапалық сын есімдер" деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.[1]
Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.
Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал); Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).[2]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.