Remove ads

Православ шіркеуі[1]христиан дінінің негізгі тармағының бірі. 395 ж. Римнің батыс және шығыс империясына бөлінуіне байланысты туындады. Православ шіркеуінің теологиялық негізі Византияда 9 — 11 ғ-ларда қалыптасты. Өз алдына шіркеу ретіндегі бағыты 1054 ж. христиан шіркеуінің католиктік және православтық болып бөлінуіне байланысты айқындалды. Бөлінудің басты себептерінің бірі Рим папасын бүкіл христиандардың бірінші басшысы деп тануы және батыс шіркеуінің киелі рух, әке және бала “құдайлар” жайлы ұғымдарының қайшылығынан туындады. Православ шіркеуі бірнеше автокефальдық шіркеулерден құралады. Ресейде 1448 жылдан орыс православ шіркеуі бар. Діни сенім негізі Інжілге және киелі өсиетке жүгінеді. Негізгі қағидалары Құдайға үштік бірлік тұрғысынан сену. Қазақстандағы христиандардың басым бөлігін православ сеніміндегілер құрайды. Бұл сенімдегілердің дүние жүзіндегі саны 150 млн. шамасында.

Thumb
Thumb
Саратов православ шіркеуі (Ресей)

Православие немесе ортодокстық (дұрыс көру) — христиан дінінің есімдердің бірі, христиан дінінің негізгі бағыттарының бірі; шығыс-христиан шіркеуі ретінде XI ғасырда Византияда бір жолата қалыптасқан діни сенім.[2]

Православие - Шығыс Еуропа мен Орталық Еуразия (ежелгі Ұлы даланың) елдерде (Украина, РФ, Беларуссия, Казакстан) славян казактардың негізгі діні, христиан дінінің негізгі бағыты.

Thumb
Әлемдегі Шығыс Ортодоксалдық шіркеуініӊ таралуы:      Негізгі дін (75 %–дан астам)      Негізгі дін (50 % — 75 %)      Орташа маӊызды дін (20 % — 50 %)      Орташа маӊызды дін (5 % — 20 %)      Азшылық дін (1 % — 5 %)      Азшылық дін (1 %–дан төмен), бірақ жергілікті автокефалия бар

Шығыс Ортодоксалдық шіркеуі немесе Шығыс православ шіркеуі, ресми түрінде: Православ католик шіркеуі, сондай-ақ православ шіркеуі мен православие деп аталатын[3][4], әлемдегі екінші ірі христиан шіркеуі болып табылады[5]. Табынушылардыӊ саны 225-300 миллионға жуық, жақтаушылардыӊ көбісі Шығыс Еуропа, Оңтүстік Еуропа, Таяу Шығыс, мен Ресейде тұрады[6].

Шығыс Ортодоксалдық шіркеуі христиан дінінің толықтығын қамтитын елшілердің өзінің ұлы Иса Мәсіхті киелі деп танып, католик және Апостол шіркеуі жалғасы ретінде өзін анықтайды.

Шығыс Ортодоксалдық шіркеуі әлемнің көптеген елдерінде негізгі дініне айналды. Оның табынушылары Беларусь, Болгария, Кипр, Грекия, Грузия, Молдова, Солтүстік Македония, Черногория, Румыния, Ресей, Сербия мен Украинада көпшілік болып табылады, елеулі азшылық топтары Босния және Герцеговина, Албания, Қазақстан, Израиль, Иордания, Ливан және Сирияда бар.

Remove ads

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.

Remove ads