From Wikipedia, the free encyclopedia
Гватемала(ис. Guatemala) Гватемала Республикасы (ис. República de Guatemala [reˈpuβlika ðe ɣwateˈmala]) — Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 109 мың км². Халқы 10,6 млн. (1995). Астанасы — Гватемала қ.
Гватемала Республикасы ис. República de Guatemala | |||||
| |||||
Ұран: «Libre Crezca Fecundo (исп. Бос және бай өсім)» | |||||
Әнұран: «Guatemala Feliz» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 15 қыркүйек 1821 жыл (Испаниядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | испан тілі | ||||
Елорда | Гватемала | ||||
Ірі қаласы | Гватемала | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Вице-президенті |
Джимми Моралес Хафит Кабрера | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 105-ші орын 108 889 км² 0,4 | ||||
Жұрты • Сарап (2018) • Тығыздығы |
▲ 17 263 239[1] адам (67-ші) 129 адам/км² (85-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
145,249 млрд.[1] $ (75-ші) 8,413[1] $ (118-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
79,109 млрд.[1] $ (68-ші) 4,582[1] $ (103-ші) | ||||
АДИ (2019) | ▲ 0,650 (орташа) (128-ші) | ||||
Этнохороним | Гватемалалықтар, гватемалалық | ||||
Валютасы | Гватемала кетсалы | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .gt | ||||
ISO коды | GT | ||||
ХОК коды | GUA | ||||
Телефон коды | +502 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC−6:00 |
Тұрғындары, негізінен, киче-майя тайпаларына жататын үндістер мен метистер. Ресми тілі — испан тілі. Тұрғындары католиктер, бұған қоса протестанттар да кездеседі. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — бір палаталы Ұлттық конгресс.
Жерінің көпшілік бөлігі таулы-қыратты. Кен байлықтарына (хром, марганец, алтын, күміс, т.б.) бай. Климаты субэкваторлық, мусондық. Тау жоталарында орт. температура 15 — 20°С, жазық жерлерде 23 — 27°С. Жауын-шашынның орташа мөлш. 500 — 1000 мм, тау бөктерлерінде 3500 мм-ге дейін жетеді. Жерінің 50%-ін қалың орман алып жатыр.
Қазіргі Гватемала аумағын ерте заманда үндіс тайпалары қоныстанған. Орта ғасырларда майя тайпасының жоғары дамыған мәдениеті болған. Елді 1524 — 24 жылдары испан отаршылары басып алды. Ұлт-азаттық қозғалысы нәтижесінде 1821 ж. 15 қыркүйекте Гаусс тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. 19 ғ-дың аяқ кезінен елге Америка капиталы үстемдік жүргізді. 1957 ж. аграрлық реформалар барысында көптеген кәсіпорындар мемлекет меншігіне алынды. 1954 — 85 жылдар аралығында Гватемалада жиі-жиі әскери төңкерістер болып, бірнеше үкімет ауысты. Ұлттық революциялық бірлік ұйымы мен үкімет әскерлері арасындағы 30 жылға созылған қарулы қақтығыстар 1996 ж. желтоқсан айында тоқтатылды. Гватемала — артта қалған аграрлы ел. Тұрғындардың 65%-і а.ш-нда еңбек етеді. Негізгі өнімдері — кофе, қант қамысы, мақта, банан. Кен байлықтарының көптігіне қарамастан, оны өндіру нашар дамыған. Халық тұтынатын тауарлар шет елден әкелінеді. Ел экономикасына шет ел капиталы үстемдік жүргізеді. Жұмыссыздық өте жоғары деңгейде (40%). Гватемала — БҰҰ, Латын Америкасы елдері экон. одағы, т.б. көптеген халықар. ұйымдарға мүше. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Орт. Америка елдері, Жапония, Германия, Мексика.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.