Remove ads
1944—1949 жылдары өмір сүрген мемлекет From Wikipedia, the free encyclopedia
Шығыс Түркістан Республикасы, ШТР (ұйғ. شەرقى تۈركىستان جۇمھۇرىيىتى) — Шыңжаң өлкесінде құрылған мемлекеттік құрылым. 1944 жылдың 12 қарашасынан 1946 жылдың 6 маусымы аралығында өмір сүрді. Екінші дүниежүзілік соғыстағы кеңес-герман майданындағы жағдайға байланысты 1941 – 1944 ж.
Шығыс Түркістан Республикасы ұйғ. شەرقى تۈركىستان جۇمھۇرىيىتى Кеңес одағына тәуелді мемлекет[1][2][3][4] | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
Астанасы | Құлжа | ||||||||
Тіл(дер)і | ұйғырша, қазақша және қытайша | ||||||||
Діні | ислам (де-факто) | ||||||||
Ақша бірлігі | сомы | ||||||||
Басқару формасы | парламенттік республика | ||||||||
Президенті | |||||||||
- 1944—1946 | Әлихан Шәкірходжаев | ||||||||
- 1946—1949 | Ехметжан Қасыми | ||||||||
Шыңжаң өлкесінде саяси жағдай қатты шиеленісті. Өлкеде бірін-бірі мойындамайтын күштер көбейді. Осындай жағдайда кеңес өкіметі өзінің оңтүстік шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шыңжаңдағы оқиғаларға белсене араласты (қ. Кеңес Одағының Шыңжаң оқиғаларына араласуы). Кеңес Одағының тікелей көмегіне сүйенген мұсылман халықтары өкілдерінен құрылған “Құлжа азаттық ұйымы” өзін 1944 ж. 4 сәуірде Қытайдан тәуелсіз мемлекет ретінде жариялады. ШТР-дың дүниеге келуі “Үш аймақ төңкерісі” оқиғаларына тікелей байланысты болды. Оның құрамында 16 мүшесі болған Уақытша үкіметі құрылды. Үкімет төрағалығына діни сауатты, ұлты өзбек Әлихан төре тағайындалды. 1945 ж. 8 сәуірде ШТР-дың Ұлттық армиясының құрылғандығы жарияланды. Бұл армия Шыңжаңды гоминьданшылардан азат етуді жалғастырып, Үрімжі қаласына (Манас өзені) жақын келді. Кеңес Одағы бастапқыда ШТР-ға әскери-тех., саяси жағынан қолдау көрсетіп, жәрдемдесті. Әскери қимылдар жүргізуге кеңестік нұсқаушылар кеңінен араласты. Бірақ кейінірек Кеңес Одағы мен Қытай арасындағы жаңа келісім бойынша Шығыс Түркістанның мемл. егемендігі шектелді. 1945 ж. 12 қазанда ШТР-дың делегациясы мен Шыңжаң провинцисы үкіметі арасында келіссөздер басталды. Келіссөздер 1946 ж. 2 қаңтарда Үрімжіде “Он бір бітім” деп аталған шартқа қол қоюмен аяқталды. Оның ақтық нұсқасын 6 маусым күні орталығы үкімет мақұлдады. Ол бойынша Шыңжаң халқының азаматтық және діни бостандықтары, заң алдындағы тең құқықтығы мен теңдігі жарияланды. Ұлттық армияның саны қысқартылып, ол провинциясы әскердің бір бөлшегі ретінде ғана сақталатын болды. Келісімшартқа сай ШТР-дың Уақытша үкіметі таратылды. Шығыс Түркістан Қытайдың құрамындағы автономиялық өлке ретінде қалды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.