Қазақ тілі

түркі тілдерінің бірі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى‎, латын: qazaq tılı) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Quick Facts Айтылуы:, Елдер: ...
Remove ads

Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын.

Қазақ тілі диалектілерге бөлінбейтіні ғылыми түрде дәлелденген. Барлық өлкелердің қазақтары бір-бірін жақсы түсінеді. Бірақ кейбір ғалымдардың пікірінше қазақ тілі 3 диалектіге бөлінеді: солтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс (ескі үш жүздің орналасқан аумағы бойынша).

Remove ads

Фонетика

Қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді және жуан дауысты буындардағы дауыссыз дыбыстар жуан түрде айтылады (мысалы: тыс, құрт), ал жіңішке дауысты буындарда жіңішке естіледі (мысалы: тіс, күрт).

Қазақ тілінде екпін көбінесе соңғы буынға түседі.

Дауысты дыбыстар

Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э
Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі:

More information Тілдің қатысына қарай:, Жақтың қатысына қарай: ...
Remove ads

Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді.[3]

More information Ұяң:, Үнді: ...

Жоғарыда келтірілген мағлұмат Кеңес Өкіметі билік құрып тұрғанда, 1940-шы жылы еңгізілген Аманжол Сәрсеннің әліпбиі негізінде берілген. Бұл әліпбиді, тоталитарлық жүйе қазақ халқын орыстандыру саясатының құралы ретінде пайдаланған. Орыс тілінің дыбыстары қазақ әліпбиіне қосылған. Қазақ тілі туралы жалған мағлұмат ресми құжаттарда, Қазақстан тәуелсіздік алса да, осы уақытқа дейін өзгертілмей келеді.

Нағыз қазақ тілі дыбыстық жүйесі

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін алғашқы құрған ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: басқа дыбыстық жүйелер, бөтен тілдердің дыбыстары қосылған, жалған жүйелер.

Дауысты дыбыстар

Қазақ тіліне тән 9 дауысты дыбыс бар: о, ұ, а, ы, ө, ү, ә, і, е
Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі:

More information Тілдің қатысына қарай:, Жақтың қатысына қарай: ...
Remove ads

Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. Қазақ тілінде 19 дауыссыз дыбыс бар: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ш, у.
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді.

More information Ұяң:, Үнді: ...

Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:

  • дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;
  • дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде - бәсең үн болады;
  • дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы – таза салдырдан тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
  • дауыссыз қатаң және ұяңдарды - көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше – көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
  • дауыссыздардың үн сапасында - жаңғырық болмайды;
  • дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.

Осы 28 пәнем, Ахмет Байтұрсынұлы құрған, төте жазу дыбыс жүйесі болып табылады. Ахмет Байтұрсынұлы төте жазу дыбыстарын, арап таңбаларын ыңғайлап, белгілеген.

Қазақ тілінің табиғи дұрыс дыбысталуына байланысты "Е" әрпі қазақ тілінде орыс тіліндегідей "Э" дыбысын береді (Екібастұз- Экибастуз). "Ж" әрпі орыс тіліндегі "ДЖ" аффрикатасы арқылы беретін дыбысты береді (оқылуы: джиһаз, джігіт, джан, мұғалджар - жазылуы: жиһаз, жігіт, жан, мүғалжар). Егер де Қ - әрпінен кейін дауыссыз дыбыс келсе Х секілді болып айтылады (Мақсат- Махсат).

Кійрілше немесе латын таңбаларымен белгіленген, Байтұрсұн Ақымет пәнемдерін қолдана құрылған және Байтұрсұн Ақыметтің жазұу, оқұу ережелері негізіндегі, жазұу жүйелер Тұура Жазұу деп аталады.

Байтұрсұн Ақымет дыбыс жүйесі.

( 28 пәнем, кійрілше таңбалау )

О, Ұ, А, Ы, Ө, Ү, Ә, І, Е, Й, У, Р, Л, Н, М, Ң, Б, Д, Ғ, Г, Ж, З, П, Т, Қ, К, Ш, С.

Remove ads

Грамматика

Қазақ тілінде сөз алдында тұратын көмекші сөздер (preposition) орнына, сөз артынан келетін шылау (postposition) не тиісті жалғау қолданылады (мысалы: қазақ тілі туралы мақаланы энциклопедияға қосу).

Сан есімі бар зат есім жекеше түрінде беріледі (мысалы: «мен екі мақала жаздым», бірақ «мақалаларымда көп қате жіберіппін»).

Сөз таптары

Толық мақаласы: Сөз табы

Қазақ тілінде келесі сөз таптары бар

Септіктер

Қазақ тілінде 7 септік бар. Төменде әр септіктің сұрақтары, жалғаулары мен мысалдары берілген:

More information септік, сұрағы ...
Remove ads

Жазуы

Басты мақала: Қазақ жазуы

Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. 1929 жылға дейін Қазақстанда қазақ араб жазуы пайдаланылды. XX ғасыр басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген ‘’төте жазу‘’ пайдаланылған. Қазіргі кезге дейін Қытай еліндегі қазақтар осы жазу үлгісін пайдаланады. 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасы қолданылып, 1940 жылдан қазірге дейін кирилл әліпбиі қолданылуда. 2025 жылдан қазақ тілі латын графикасына ауысуы жобалануда. Түркия мен Батыс елдердегі қазақтар әртүрлі латын жазуына негізделген әліпбиді пайдаланады. 2000 жылдан бастап Тура Жазу енгізіле басталды, латын және кирилше түрінде. Тура Жазу Ахмет Байтұрсынұлы дыбыс жүйесін қолданады, оны енгізумен жекеменшік, мемлекеттік емес орталық айналысады.

More information Латын жазуы (ana tili), Араб жазуы ...
More information Латын жазуы (Tfura jazfu), Тұура жазұу ...
Remove ads

Дереккөздер

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads