From Wikipedia, the free encyclopedia
Қытай тілі (қыт. дәст. 漢語, жеңіл. 汉语, пінин: hànyǔ) — кең таралған тіл (өзара ұқсас көптеген диалектілерден тұрады), Тибет тілдері тобына жатады. Онда ҚХР халқының 92% - 1 млрд. 292 миллионнан астам адам сөйлейді (2003). Сондай-ақ қытай тілінде Индонезия, Камбоджа, Лаос, Вьетнам, Мьянма, Малайзия, Тайланд, Сингапур, Бруней, Гонконг, Макао, Филиппин, Жапония, Корея және әлемнің басқа бөліктерінде (30 миллионнан астам өзге ұлт өкілдері) сөйлейді. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми және жұмыс тілдерінің бірі.
Қытай тілінің басты ерекшеліктері:
Тарихи жазбаларға қарағанда Қытай тілінің диалектілері мұнан 2500 жыл бұрын байқалған. Ұсақ диалектілер көп болғанымен, негізінен үлкен жеті топқа бірігеді: олар – Солтүстік, У, Шияң, Гань, Кыжия, Юэ және Минь. Қытай әдеби тілі солтүстік. диалекті негізінде қалыптасқан. Осы тіл мен ортақ иероглиф болмаса әр диалектіде сөйлейтіндер бір-бірін еркін түсіне бермейді. 12 – 13 ғасырларда кітаби тіл – Байхуавин (жаңаша әдеби тіл мағынасында) қалыптасты, «Су бойында», «Оқымыстылар шежіресі», «Қызыл сарай түсі» сияқты көркем туындылар осы тілде жазылған. Қытай тілін жаңаша ғылыми түрде зерттеу Ма Дзянь Джунның «Ма Ши Вань ун» (1898 жылы) атты грамматикалық еңбегінен басталады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.