Remove ads
Қытайлық саясаткер және әскери көсем (1887–1975) From Wikipedia, the free encyclopedia
Чан Кайши (ағылш. Chiang Kai-shek, қыт. 蔣介石, пиньинь Jiǎng Jièshí; 31 қазан 1887, Джыджиян провинциясы, Фынхуа ауд. — 5 сәуір 1975, Тайбэй ) — Қытайдың саяси қайраткері, генералиссимус. Жас кезінде әскери білім алған. Жапонияның әскери уч-щесінде (1907 — 08) оқып, жапон армиясында (1909 — 11) қызмет етті. 1908 ж. “Қытай революцияшыларының біртұтас одағына” мүше болды. 1911 ж. Жапониядан еліне оралып, Синьхай революциясына қатысты. 1912 ж. Гоминьдан партиясын құруға ат салысты. Сун Ятсенмен тығыз байланыста болып, оның саяси бағытын қолдады. 1923 ж. Сун Ятсен оны Кеңес Одағының саяси-әскери жүйесін үйренуге жіберді. 1924 ж. еліне оралғаннан кейін Гуанчжоу қ-ндағы Хуанпу әскери уч-щесінің директоры және Гуандун армиясының бас штаб бастығы, ал 1925 ж. Ұлттық рев. армияның бас қолбасшысы болды. Солт. өлкелерде билік құрған әскерилерді жеңіп, 1927 ж. тамызда гоминьдандық Нанкин үкіметін құрды. 1928 ж. Әскери кеңестің төрағасы, Орт. саяси конгрестің төрағасы, Ұлттық үкіметтің төрағасы міндеттерін қоса атқарды. Осыдан кейін елде басқа саяси партияларға, ең алдымен, коммунистерге қарсы жаппай жазалау шаралары күшейді. Ч. К. бірқатар реформалар жүргізіп, әлеум. дамуды ілгерілетті. Сонымен қатар кейбір әскерилерді өзіне қарсы қойып алды, соның салдарынан билігі әлсіреп, агр. реформасы сәтсіздікке ұшырады. Елде азамат соғысы басталды. Осыны пайдаланған Жапония 1931 ж. Солт.-Шығыс Қытайды, 1933 — 35 ж. Солт. Қытайды басып алды. Ч. К. халықтың қысымымен азамат соғысын тоқтатып, коммунистермен уақытша бітім жасады және жапон басқыншыларына қарсы (1936 — 45) соғысқа қатысты. 1945 ж. тамызда Қытай жапон басқыншыларынан азат етілді. 1946 ж. Гоминьдан үкіметі мен коммунистер арасында азамат соғысы қайта басталды. 1947 ж. Қы-тай Республикасының конституциясы қабылданып, ұлттық парламент Ч. К-ді президент етіп сайлады. Бірақ елдегі азамат соғысында жеңіліске ұшыраған ол 1949 ж. қаңтарда отставкаға кетті. 1949 ж. 1 қазанда коммунистер жеңіске жетіп, Қытай Халық Республикасы құрылды да, Ч. К. отбасымен және жақтастарымен Тайвань аралына көшті. 1950 ж. наурызда Ол Тайваньдағы Қытай Республикасының президенті болып, бұл орынға 1954, 1960, 1966, 1972 ж. үздіксіз қайта сайланды. Тайваньдағы Ч. К. өкіметі батыстық үлгіде билік құрды. 1950 ж. АҚШ-пен “ортақ қорғану келісіміне” қол қойды, аралға АҚШ-тың 7-флоты кіргізіліп, одақтастық шарт жасалды. АҚШ пен Батыс елдерінің арқасында Тайвань 1971 жылға дейін Қытайдың заңды үкіметі ретінде БҰҰ-да өз өкілдігін сақтады. Ол билік басында болған жылдары ел экономикасы нарықтық қатынастарға көшірілді де ҚХР-ға қарағанда қарқынды дами бастады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Чан Кайши | |
Марапаттары | Order of National Glory, Order of Blue Sky and White Sun, 1st class Order of the Sacred Tripod, Legion of Merit |
---|---|
өңдеу |
Чан Кайши Шанхайдың оңтүстік бөлігіндегі, Нинбо портынан 40 километр қашықтықта жатқан Чжэцзян провинциясына тиесілі Сикоу қаласында дүниеге келген. Отбасылық кітап жазбаларына сəйкес Чан Кайши Чжоу-гун əулетінен тараған Цзян отбасысының 28-і бұтағына тиесілі болатын. Чан Кайшидің отбасысы өздерінің дүкендерінде өмір сүрген. Оның əкесінің сауаты болмаса да, ол тұз дүкенінің басшысы болып, ерекше қатал мінезімен ерекшеленген. Чан Кайши 6 жасында жеке меншік мектебінде Жэнь Цземайдың қол астында білім алуды бастады. 1895 жылы əлі бұғанасы қатпаған жас баланың əкесі қайтыс болғандықтан, отбасында материалдық қиындықтар үлкейе түсті. 1899 жылы анасы баласын əкесінің үйіне апарып тастауға мəжбүр болды. 15 жасында анасының айтуымен Чан Кайши өзінен 5 жасқа үлкен Мао Фумэйге үйленген болатын. 1903 жылы, 17 жастағы Цзян Чжунчжэн еуропалық үлгіде білім беретін Фэнхуа қаласындағы мектепке оқуға түсті. Осы жерде Чан Кайши саясатқа қызыға бастап, əскери жұмысқа бет бұрған болатын. 1906 жылы ол бірінші рет Жапонияға келіп, Сунь Ятсендегі революционерлермен танысқан болатын. Өзінің антимонархиялық жəне антиманьчжурлік шешімін көрсету үшін Чан Кайши Токиода жүргенінде үйіне шашын кесіп жіберген болатын. Ол Жапониядағы əскери училищеге түскісі келген болатын, алайда оның жоспары орындалмай, қыста өз үйіне көшуге мəжбүр болған болатын. 1907 жылы жазда Цзян Чжунчжэн Баодинге келіп, əскери оқу орнының қысқаща бағдарламасына түскен болатын. Жылдың соңындағы емтихандарды сəтті тапсырып, Жапониядағы əскери оқу орнына түсті. 1908-1909 жылдары Цзян “Синбу” деп аталатын жаяу əскер училищесінде оқыды. Осы уақытта Чэнь Цимэяның қалауы бойынша Тунмэнхойға түскен болатын. Оқу орнын бітіргеннен кейін Цзян Чжунчжэн жапон армиясының 13-ші дивизиясына түскен болатын. 1910 жылы 18-ші наурызда Цзян Чжунчжэннің алғажқы жəне жалғыз Цзинго атты баласы дүниеге келді.
1911 жылы Қытайдың Синьха төңкерісінен кейін, Чан Кайши Қытайға қайта оралды да, Чэнь Цимэге Шанхайда және Ханчжоуда циндік билікке қарсы қарулы әрекеттер жасауға көмектесті. Алғы әскерді басқара отыра, ол туған Чжэцзян провинциясының астанасы Ханчжоу қаласына жол қойды. Бұл операцияның орындалу сәттілігнен сый ретінде ол полк командирі ретінде тағайындалды. Одан кейін ол Чэнь Цимэюге көтеріліс жасаған Цзянси провинциясын бақылауға алуға көмектеседі.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.