Remove ads

Ортағасыр, кейде Орта ғасырлар, (лат. medіum acvum) – адамзат тарихының ежелгі дүние мен жаңа тарих аралығындағы кезеңі.

Thumb
Американың ашылуы

Ортағасыр ұғымдын XV – XVI ғасырларда Қайта өркендеу дәуірінің итальян тарихшы-гуманистері (Ф.Бьондо, т. б.) енгізіп, ғылымда XVIII ғасырда бекіді. Ортағасыр – Батыс Еуропада феодалдықтың өмірге келіп, үстемдік құруы және ыдырай бастау дәуірі. КСРО кезіндегі тарих ғылымында Орта ғасырға құл иеленуші Рим империясының күйреуі (шартты түрде 476 жылы) мен XVII ғасырдағы ағылшын революциясына дейінгі кезең жатқызылды. Бұл Еуропада он екі ғасырға тең уақыт, ал Шығыс елдері кейіндеу дамығандықтан, бұл заңдылық сақталмайды. Ортағасыр ұғымы тарих ғылымында Еуропа тарихи деректемелеріне сай пайда болып, жете зерттелген. Дегенмен, бұл ұғым дүние жүзінің басқа аймақтарында да қолданылады. Соңғы кезде тарих ғылымында Ортағасырдың басталуы арабтардың Еуропаға шабуылы басталған кез (VIII ғасырдың басы), ал аяқталуы – Константинопольдің құлауы (1453 ж.), Американың ашылуы (1492 ж.), Германияда реформация мен шаруалар соғысы (1525 ж.) деген әр түрлі көзқарастар орын алып отыр. Ортағасыр тарихын зерттейтін ғылым медиевистика деп аталады.[1]

Remove ads

Шаруалардың ортағасырлық қоғамдағы орны

Шаруалардың қоғамда атқаратын рөлі ортағасырларда қалыптасқан үш қауымдық топ теориясы бойыншы анықталды. Ол теория қоғамды адам ағзасымен салыстыруға негізделді. Адамның өміріне жан қандай қажет болса, құдайға құлшылық етуші дінбасылар да қоғамға сондай қажет делінді. Зиялы мырзалар мен ел басқарып жүрген атқамінерлер адамның қолына теңестіріліп, «соғысушылар» рөліне ие болды. Ал шаруалар адамның аяғына теңестіріліп, жұмыс істеушілер деп танылды.

Бұл теория бойынша адамның жаны, аяғы, қолы бір-біріне қандай қажет болса, дінбасылары да,зиялы мырзалар мен шаруалар да бір-біріне сондай қажет, олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды делінеді. Сондықтан да олар әрқашан бір-бірімен тығыз байланыста ешқандай талас-тартыссыз, ынтымақта өмір сүруі керек. Себебі адамның аяғы қолына, қолы жанына қарсы қастандық жасамайды.

Сөйтіп ортағасырда шаруалар қоғамның ең қажетті мүшесі саналды. Шаруаларға, олардың дене еңбегіне деген осындай озық көзқарас олардың қоғамдық өндіріске ынтасын арттырып, шарушылықтың өркендей түсуіне елеулі үлес қосты.[2]

Quick Facts
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Middle Ages
Close
Remove ads

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.

Remove ads