Сент-Винсент және Гренадиндер (ағылш. Saint Vincent and the Grenadines) — Кариб теңізіндегі Кіші Антиль аралдар тобына жататын Сент-Винсент аралы мен Гренадина аралдар тобының солтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 389 км². Халқы — 115 мың адам (2000). Астанасы — Кингстаун қаласы.
Сент-Винсент және Гренадиндер ағылш. Saint Vincent and the Grenadines | |||||
| |||||
Ұран: «Pax et justitia» «Бейбітшілік пен әділет» | |||||
Әнұран: «St Vincent Land So Beautiful» «Сент-Винсент жері әдемі» (тыңдау ) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 27 қазан 1979 жыл (Британ империясынан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | ағылшын тілі | ||||
Елорда | Кингстаун | ||||
Ірі қаласы | Кингстаун | ||||
Үкімет түрі | Унитарлы парламенттік конституциялық монархия | ||||
Патшасы Генерал-губернаторы Премьер-министрі |
III Чарльз Сьюзан Дуган Ральф Гонсалвиш | ||||
Мемлекеттік діні | зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы |
Әлем бойынша 184 орын 389 км² | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2011) • Тығыздығы |
109 643 адам (179) 109 991 адам 307 адам/км² (39) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
1,373 млрд. $ 12,431[1] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
864 млн. $ 7,827[1] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,723[2] (жоғары) (99) | ||||
Валютасы | Шығыс кариб доллары (XCD) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .vc | ||||
ISO коды | VC | ||||
ХОК коды | VIN | ||||
Телефон коды | +1-784 | ||||
Уақыт белдеулері | -4 |
Халқының 33%-ы қара нәсілдер, 19%-ы мулаттар, қалғандары еуропалықтар мен үндістер. Ресми тілі — ағылшын тілі. Ұлттар достастығы құрамына кіргендіктен, ағылшын королевасы мемлекет басшысы болып саналады. Елді королева тағайындаған ген.-губернатор басқарады. Жоғары заң шығарушы органы — бір палаталы парламент (жиналыс палатасы). Атқару билігі премьер-министр басқаратын үкімет қолында. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант тармағын ұстанады. Әкімшілік жағынан 6 ауданға бөлінеді. Ақшасы — шығыс кариб доллары. Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 27 қазан (1979) Сент-Винсент және Гренадина Кариб қауымдастығының (1974), БҰҰ-ның (1980), Америка Бірлігі ұйымының (1981) мүшесі.
Сент-Винсент аралы жанартаулы болып келеді (ең биік жері 1234 м, сөнбеген Суфриер жанартауы). Климаты тропиктік пассатты, ылғалды. Жыл бойғы орташа температура 18 — 32ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 — 3700 мм. Бұталы өсімдіктер мен шағын ормандар басым. Жағалауларын қолтырауындар мен ламантиндер мекендейді.
Сент-Винсент және Гренадина жерін 1498 ж. Христофор Колумб ашты. 17 ғасырға дейін Испанияның иелігінде болып, 17 — 18 ғасырларда Франция мен Ұлыбританияға берілді. 17 — 18 ғасырларда елге Африкадан зәңгілер әкелінді. 1838 ж. құлдық ресми түрде жойылды. 1885 — 1956 ж. аралығында “жел өтіндегі аралдар” деп аталған ағылшын отарларының, 1958 — 62 ж. Вест-Үндістан федерациясының құрамында болды. 1979 ж. 27 қазанда Достастық деңгейінде тәуелсіздік алды.
Экономикасының негізгі саласы — ауыл шаруашылығы мен туризм. Егетін дақылдары — банан, кокосты пальма, жеміс-жидек, темекі, кофе, какао, имбирь. Елдің ішкі қажеті үшін таро, батат, ямс егіледі. Мал шаруашылығында қой, шошқа, ірі қара өсіріледі. Крахмал мен арроруд өндіруші елдердің қатарына жатады. Экспортқа крахмал, аррорут, теннис қалақшасын, банан, темекі, кокос пальмасын, имбирь, копра, мақта, жеміс-жидек шығарады. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлшері шамамен 4320 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Ұлыбритания, Тринидад және Тобаго, Сент-Люсия.[3][4][5]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.