Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ямайка (ағылш. Jamaica [dʒəˈmeɪkə]) — Кариб теңізінде орналасқан аралды мемлекет. Кариб тезіндегі өзі аттас арал мен оған таяу шағын аралдарда орналасқан. Жер аумағы — 11 мың км2. Халық саны – 2,7 миллион адам (2004 жылы).
Ямайка ағылш. Jamaica | |||||
| |||||
Ұран: «Out of Many, One People» «Көп адамнан бір халық» | |||||
Әнұран: «Jamaica, Land We Love» «Ямайка, Біз Сүйетін Жер» (тыңдау ) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 6 тамыз 1962 жыл (Британ империясынан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | ағылшын тілі, ямайка патуасы | ||||
Елорда | Кингстон | ||||
Ірі қаласы | Кингстон | ||||
Үкімет түрі | Унитарлы парламенттік конституциялық монархия | ||||
Патшасы Генерал-губернаторы Премьер-министрі |
III Чарльз Патрик Аллен Эндрю Холнесс | ||||
Мемлекеттік діні | зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 160 орын 10 991 км² 1,5 | ||||
Жұрты • Сарап ([[жыл|]]) • Тығыздығы |
2 890 299[1] адам (2017) 266[2] адам/км² | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
26,981 млрд.[3] $ (134) 9,434[3] $ (109) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
15,424 млрд.[3] $ (119) 5,393[3] $ (95) | ||||
АДИ (2017) | ▬ 0,732[4] (жоғары) (97) | ||||
Валютасы | Ямайка доллары (JMD) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .jm | ||||
ISO коды | JM | ||||
ХОК коды | JAM | ||||
Телефон коды | +1876 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC−5 |
Халқының 77%-ы зәңгілер, 15%-ы мулаттар, қалғандары үндістер, қытайлар, еуропалықтар. Ресми тілі – ағылшын тілінің жергілікті диалектісі (“креоль”). Тұрғындары негізінен протестанттар. Ямайка – конституциялық монархия. Ұлттар достастығы құрамына кіргендіктен, Британ монархы мемлекет басшысы болып саналады. Елдің елбасы қызметін атқаратын — монарх тағайындаған генерал-губернатор. Елдің үкіметін басқаратын — премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – екі палаталы парламенті (өкілдер палатасы және сенат). Астанасы – Кингстон қаласы. Әкімшілік-аумақтық жағынан 3 графтыққа бөлінеді. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні, тамыздың бірінші дүйсенбісі (1962 жылы) күні тойланады. Ямайка БҰҰ-ның (1962 жылы), Америка мемлекеттері ұйымының (1969 жылы), Кариб қауымдастығының (1973 жылы) мүшесі. Ақша бірлігі – Ямайка доллары.
Ямайка — Үлкен Антиль аралдары тобындағы үшінші үлкен арал. Негізгі арал солтүстік ендіктің 17° пен 19° және батыс бойлығының 76° және 79° аралығында, Кубадан оңтүстікке қарай 145 км, Гаитиден батысқа қарай 160-190 км, Кайман аралдарынан оңтүстік-шығысқа қарай 290 км қашықтықта орналасқан. Материкке ең жақын нүкте — Грасиас-а-Диос мүйісі (Никарагуа) — оңтүстік-батысқа қарай 630 км жерде орналасқан. Аралдың ұзындығы батыстан шығысқа қарай 225 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 35-тен 82 км-ге дейін, оның ауданы 10 991 км². Жағалау сызығының ұзындығы 1022 км.
Ямайканың солтүстік жағасы жартасты, түзу, оңтүстік бөлігі едәуір тілімделген. Жағалауларында маржанды рифтер түзіледі. Аралдың көпшілік бөлігін әктасты таулы қыраттар алып жатыр. Батысынан шығысына қарай жас шөгінділерден және кристалды жыныстардан түзілген қатпарлы таулар кесіп өтеді. (ең биік жері Блу - Маунти, 2256 метр) Оңтүстік және батыс жағалауы – аллювийлі ойпат. Ыссы, родондық бұлақтар көп. Пайдалы қазбалары – боксит, темір кентасы, қорғасын, марганец, гипс, әктас, мәрмәр. Климаты тропиктік, ылғалды. Қаңтардағы орташа температура 24 – 25°С, шілдеде 28°С-ға жуық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1800 – 2000 метр, оңтүстігінде 800 мм, солтүгіндегі таулы өңірлерде 5000 мм. Ара-тұра дауылдар, жер сілкінісі болып тұрады. Жауынды маусымы мамыр – маусым – қыркүйек – қазан айлары. Құрғақ маусымы қаңтардан сәуірге дейін. Ірі өзені – Блэк-Ривер, төменгі ағысында кеме жүзеді. Аралдың орталығында және таудың солтүстік - шығыс беткейінде мәңгі жасыл тропиктік орман өседі. Жазықта саванна өсімдігі басым. Жері күлгінделген қызыл (тауда), қызыл қоңыр топырақты (жазықта). Жарқанаттар, жыландар, үй қояны, қолтырауындар мен ламантиндер, тасбақа, игуана, мангустар, құстардың 256 түрі (оның 46 түрі тек осы жерде ғана) мекендейді. Хелтшир-Хилс фауналық резерваты, ландшафты және орманды қорықшалар, 2 теңіз саябағы ұйымдастырылған.
Ямайканың ең көне тұрғындары алғашқы қауымдық құрылыстағы өмір сүрген үндістер болған. Олардың негізгі кәсібі – егіншілік, оған қосымша аңшылық пен балықшылық болды. 1494 жылы аралды Христофор Колумб ашып, оны Сантьяго деп атаған. Кейін Ямайка (үндістің “Хаймека” – бұлақтар аралы деген сөзінен) атанып кеткен. 1509 жылдан Испан империясының отарлауы нәтижесінде үндістер жаппай қырғынға ұшыратылды (1611 жылы 74 үндіс қалды). 1513 жылдан бастап қант құрағы, кофе плантацияларына Африкадан құлдар әкеліне бастады. 1670 жылы Мадрид шарты бойынша Испан империясы Ямайканы Англияның билігіне берді. Осы кезден бастап қант құрағы, кофе, индиго бұрынғыданда артық өндіріліп, Африкадан құлдар көп әкелінді. 18 ғасырда Ямайка шикі қант өндіруден дүние жүзінде 1-орынға шықты. Аяусыз қанау құлдардың наразылығын туғызып, 17 ғасырдың 2-жартысында олар 5 рет, келесі 130 жылда 27 рет көтеріліс жасады. Аралдың қойнауында қашқын құлдар мен олардың ұрпақтарының – марундардың тәуелсіз қауымдары жүздеген жыл бойы отаршыларға қарсы қарулы күрес жүргізді. Гаитиде революцияның жеңуі (1804), Оңтүстік Американың кейбір республикаларында құлдықтың жойылуы Ямайкада құлдардың жаңа қозғалысын туғызды (1806, 1808, 1809, 1815, 1823 – 24, 1831 – 32 жылдары). Соның нәтижесінде 1833 жылғы заң бойынша құлдық біржолата жойылды. 1884 жылы Ямайкалықтар Заң шығару кеңесі мүшелерінің біразын сайлауға құқық алды. 1867 жылы Солтүстік Америка компаниялары Ямайкада банан плантациясын ұйымдастырып, көп ұзамай Ямайка сыртқа банан шығарудан 1-орын алды. XX ғасырдың 1-жартысында елде саяси қозғалыстар күшейді. Соның нәтижесінде 1938 жылы қыркүйекте саяси партиялар құруға рұқсат етілді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлыбританиямен арадағы шарт бойынша АҚШ Ямайкада соғыс базасын салды. 1943 жылы Ямайка халқы жалпыға бірдей сайлау құқығын алды, ал 1944 жылы жергілікті парламент шақырылды. 1954 жылы “Бостандық жолындағы халық қозғалысы” партиясы қалыптасып, елдің тәуелсіздігі жолындағы күрес күшейді. Соның нәтижесінде елде референдум өткізіліп, 1962 жылы 6 тамызда Ямайка тәуелсіздігін жариялады. 1963 жылы Ямайка АҚШ-пен келісім жасап, одан әскери, экономикалық жәрдем ала бастады. 1970 – 90 жылы ел экономикасына америка капиталы енді. Осыдан кейін Ямайка халықаралық шиеленістерді бәсеңдетуді, Кубамен арадағы қарым - қатынасты қалпына келтіру саясатын қолдады. 1976 жылы елде боксит өндіру қолға алынды. Ел экономикасына нарықтық қатынастар еніп, реформалық бағдарлама жүзеге асырылды. Бірақ табиғи апаттар мен қылмыс пен зорлық-зомбылықтың өсуі елдегі экон. жағдайдың төмендеуіне алып келді.
Ямайка — агралық-индустриялы ел. Ауыл шаруашылығының негізгі саласы – өсімдік шауашылығы: қант құрағы, банан, кофе, имбирь, какао, темекі, ямайка бұрышы, үнді кендірі, цитрустық жемістер, көкөніс, сонымен қатар ішкі қажетті өтеу мақсатында жүгері, күріш, маниок, батат, жемістер, картоп, нан ағашының жемісі өсіріледі. Мал шаруашылығы нашар дамыған. Мүйізді ірі қара, ешкі, шошқа өсірледі. Су айдындарынан балық, жұмсақденелілер ауланады, теңіз өнімдері өндіріледі. Экономикасының негізгі саласы тау-кен өндірісі. Боксит өндіріледі және экспортқа алюминий тотығы шығарылады (әлемде алдыңғы орында, жылына 3 миллион. тонна). Сонымен қатар гипс, мәрмәр, әктас, цемент, ақ кірпіш өндіріледі. Жеңіл индустрия, оның ішінде тамақ өнімдері, қант, ром, мата тоқу, қағаз, темекі өнімдері, химиялық және фармацевтік тауарлар, киім тігу және сыра қайнату өндірісі дамыған. Елде шет елдік компаниялардың ірі кәсіпорындары жұмыс істейді. Олар импорттық шикізат негізінде химиялық өнімдер, машиналар, білдектер, айна, цемент, металл бұйымдар, электроника шығарады, боксит пен мұнайды қайта өңдейді. Туризм ұлттық табысқа үлкен кіріс кіргізеді. Басты теңіз порттары – Кингстон және Монтего-Бей. Осы қалаларда халықаралық әуежай орналасқан. Экспортқа боксит, алюминий тотығы, гипс, тоқыма, қант, темекі, ром, банан, сусындар, цитрустық жемістер, кофе, какао шығарылады. Импортының негізін шикізат, минералды отын, ауыр машина жасау, химия өнеркәсібі өнімдері, көлік құрал-жабдықтары, тұтыну тауарлары, негізгі өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, мал құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлшері шамамен 3470 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Венесуэла, Мексика, Германия, Норвегия.[5]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.