From Wikipedia, the free encyclopedia
Гипс[1] (грекше gypsos — бор, ок)
Гипстің жеке кристалдары қалақша, баған, призма пішінді, ал минерал агрегаттары ұсақ түйіршік (алебастр) немесе талшық (селенит) масса түрінде кездеседі. Гипс ақ, мөлдір кейде қоспаларына байланысты түрлі түсті, шыныша жылтыр; қаттылығы 1,5, меншікті салмағы 2,3 г/см3, балқу температурасы 32 – 41°С. Құрғап келе жатқан тұзды көл мен теңіздерде шөгеді, басқа сульфаттармен бірге мұнай және күкірт кендерінде түзіледі, шөгінділер арасында ангидриттің гидратталуынан тұз кендерінің бұзылу-тозу қабаттарында суға ерімейтін үгінді түрінде шоғырланады. Гипс құрылыста, хирургияда, металлургияда, қағаз, бояу, цемент өнеркәсібінде, мүсін өнерінде, оптикада және ауыл шаруашылығында (тыңайтқыш) қолданылады. Гипстің ірі кен орындары Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы (Үлкен Бұғыты, Кіші Бұғыты) облыстарында бар.[3]
Кристалдық сырт бейнесі көбінесе таблетка формалас жұқа келеді, кейде призма түрінде болады. Гипстің «қарлығаш құйрық» деген қоспақтары жиі кездеседі. Гипстің жеке кристалы мен қоспағы . Агрегаттары қуыстар ішінде топталып өскен друзалар құрайды. Сонымен қатар оныц майда кристалды тыгыз түрлері болады (алебастр). Тастың жарықтарында шаншылып салаланып өскен талшық ты гипстер де болады. Талшықты гипс көбінесе жібекше құлпырған әдемі келеді.
Гипс ете бағалы құрылыс материалы болып табылады. Ол түрлі керкемдік, скульптуралық ендірісте қолданылады.
Гипс біздің елімізде, Батыс Уралда, Башқұртстанда, Татарстанда, Архангельскта, Вологодск облыстарында, Солтүстік Кавказда (Дагестан), Түрікменстанда, Тәжікстанда, Өзбекстанда, кездеседі. Гипс кені шет елдердің көбісінде бар.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.