Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Үй Қояны (Oryctolagus cunіculus) — қоян тұқымдасына жататын сүтқоректі жануар. Жабайы үй қояны Испания мен Оңтүстік Францияда кең тараған. Ол қолға үйретілген қояннан кіші: тұрқы 40 — 50 см, салмағы 1,5 — 2 кг, түсі жыл маусымына сай өзгеріп, маусым бойынша көжектейді. Тоғайда, қалың бұта және шөп арасына терең ін қазып, жұптасып немесе топ болып мекендейді. Азығын түнде іздейді, қолға тез үйретіледі. Оңтүстік-Батыс Украина мен Каспий теңізінің аралдарында кездеседі. Үй қоянның 60-тан аса тұқымы бүкіл дүние жүзіне тараған. Ол тез жетіліп, шапшаң көбейеді. Үй қояннан түбітті тері, түбіт алынады. Жылына орта есеппен 3 — 4 рет (30 күнде), көбіне 3 — 4 көжектен кейде 5 — 6 көжектен туады. Көжегінің орташа салмағы 60 — 70 г, 30 күннен соң салмағы 800 — 900 граммға жеткенде енесінен бөлінеді. Тез жетілетін тұқымдары 4 — 5 айдан соң шағылысып, 7 — 10 жыл тіршілік етеді. Шаруашылық қажеттілігі үшін 3 жыл, ең әрісі 4 — 5 жыл қолда ұстайды. Бұдан басқа салтанат үшін өсірілетін тұқымдары да бар.
Үй қояндарын жылдың кез-келген мезгілінде шағылыстыруға болады, оны ұрықтанғанын тексеру үшін, бес күннен кейін еркек қоянға қосады. Егер ұрықтанған болса, еркек қоянды маңайына жолатпайды. Ұрғашы қояннан орта есеппен тәулігіне 120 г сүт шығады, туғанда көжектердің салмағы 40-80 г болады; оларды енесінен 45-60 күндігінде айырады. Азықтандыру рационы басқа малдардың рационындай болады.
"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.