From Wikipedia, the free encyclopedia
Батат (лат. Ipomoea batatas) – шырмауықтар тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдігі. Екпе шырмауықтың бір түрі. Мұны кейде «тәтті картоп» дейді. Сабағы төселмелі болады, оның буындарынан жанама тамырлар шығады да, олар ірі-ірі түйіндерге айналады, жеуге жарайды. Бататтың 90 пайызға жуығы Азияда өсіріледі, сондықтан ол азиялық асханада кеңінен пайдаланылады. Бұл түйнек тамырлы өсімдік әлемдегі аса қоректік өсімдік өнімдерінің бірі болып табылады. Бұл картоптың жұмсағы әр түсті болуы мүмкін, мысалы, қызғылт сары. Кәдімгі картопқа қарағанда, батат аса пайдалы.
Sweet Potato | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Sweet potato in flower
Hemingway, South Carolina | ||||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||
Ipomoea batatas (L.) Lam. |
100 г бататтың – 84 ккал Бататтың құрамында крахмалдың, С дәруменінің, В дәруменінің, моносахаридтер мен каротиннің мөлшері аз емес.
Аспаздықта ол картоп сияқты, пісірілген немесе күйдіріп пісірілген түрінде пайдаланылады. Одан фри жасауға, гарнир ретінде қосуға, езбе жасауға, қамырға, жұқа құймаққа және татымды суфлеге қосуға болады. Бірақ оны әзірлеудің ең жақсы тәсілі оны духовкада пісіру болып табылады. Сонымен қоса, батат алкоголь, крахмал, сондай-ақ ұн мен қауыз өндіруде пайдаланылады. Батат түскі ас үшін ғана тамаша болып табылмайды, оны тіл үйірер, тәтті дәміне байланысты сондай-ақ десертке қолдануға болады Картоп сияқты, батат та Азия елдерінде танымал майға қуырылған картоп өндірісі үшін шикізат болып табылады. Қытайда қант себілген, Құрама Штаттарда тұзды майға қуырылған картоп (чипсы) танымал, ал Бангладеште лимон қышқылы қосылған кайен бұрышымен дәмделген майға қуырылған картоп танымал болды.
Бататтың негізгі пайдалы элементі белоктар болып табылады, олардың антиоксидантты қасиеттері бар. Бататты әсіресе қан айналымы жүйесінің ауруларынан, ащы және тоқ ішектің қатерлі ісігінен зардап шегетін адамдардың қолдануына кеңес беріледі. Олар демікпеден, остеопороздан немесе ревматоидты артриттен қорғайды. Бұл қарт адамдарға немесе жүкті әйелдерге тамаша тағам.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.