From Wikipedia, the free encyclopedia
Мальдивтер (мальд. ދިވެހިރާއްޖެ, Дивехи Раджже), ресми атауы Мальдив Республикасы (мальд. ދިވެހިރާއްޖޭގެ ޖުމުހޫރިއްޔާ [divehi raːɟɟeːge ɟumuhuːrijjaː] Дивехи Раджжеге Джумухурийя) — Оңтүстік Азиядағы осы аттас аралдарда орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 298 км². Халқы — 545 мың (2020). Ұлттық құрамына үнділер, синалездер мен арабтар енеді. Астанасы — Мале. Ресми тіл — мальдив (дивехи) тілі. Негізгі діні — сүннит бағытындағы ислам. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы парламент (меджлис). Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 26 шілде. Ақша бірлігі — мальдив руфиясы.
Мальдив Республикасы мальд. ދިވެހިރާއްޖޭގެ ޖުމުހޫރިއްޔާ Dhivehi Raajjeyge Jumuhooriyyaa | |||||
| |||||
Әнұран: «Qaumii salaam» (тыңдау ) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 26 шілде 1965 жыл (Ұлыбританиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | Мальдив тілі | ||||
Елорда | Мале | ||||
Ірі қаласы | Мале | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Вице-президенті |
Ибрагим Мохамед Солих Фейсал Назим | ||||
Мемлекеттік діні | Ислам | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы |
Әлем бойынша 187-ші орын 298[1] км² | ||||
Жұрты • Сарап (2018) • Санақ (2014) • Тығыздығы |
392 473 адам (175-ші) 341 356[2] адам 1 102,5 адам/км² (11-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
▲ 8,608 млрд.[3] $ (162-ші) ▲ 23,154[3] $ (69-шы) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
▲ 5,749 млрд.[3] $ ▲ 15,463[3] $ | ||||
АДИ (2017) | 0,717 (жоғары) (101-ші) | ||||
Валютасы | руфия | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .mv | ||||
ISO коды | MV | ||||
ХОК коды | MDV | ||||
Телефон коды | +960 | ||||
Уақыт белдеулері | +5 |
Үнді мұхитында орналасқан Мальдив аралдары құрамында 2 мыңнан астам ойпатты, шағын аралдар — атолдар бар. Климаты — экваторлық, муссондық. Жылдық жауын-шашын мөлшері — 2500 мм, жылдық орташа температура 24 — 30°С.
Мальдив аралдары жөніндегі алғашқы жазба деректер 16 ғ-дан басталады. Арал халқының негізін қалаған Үндістан мен Цейлоннан (Шри Ланка) шыққан ария тайпалары болды. Олар аралдарды 10 ғасырдан бастап мекендеді. Елге 12 ғасырдан бастап ислам діні ене бастады. 12 ғасырдан 20 ғасырдың 2-жартысына дейін (1968) аралдарды Диди әулетінен шыққан мұсылман сұлтандары басқарды. 1558 жылы Мальдив Республикасының жерін португалдар басып алды, бірақ 1573 жылы жергілікті халық оларды ығыстырып шығарды. 17 ғ-дың 2-жартысында Мальдив сұлтандығы Цейлондағы голланд билеушілерінің қол астында болды. 1796 жылы Мальдив аралдары Ұлыбританияның ықпалына көшіп, 1887 жылы Британия протекторатына айналды. 1965 жылы 26 шілдеде Мальдив аралдарының толыққанды тәуелсіздігі туралы келісімге қол қойылды. Бұл күн Мальдив Республикасының ұлттық мейрамына айналды. 1968 жылғы 11 қарашадағы референдум нәтижесінде Мальдив Республикасы болып жарияланды.
Мальдив Республикасының экономикасы балық және теңіз жәндіктерін аулау кәсібіне негізделген. Күріш, көкөніс (бұрыш, пияз, тәтті картоп), ]]нан ағашы]], манго, банан мен цитрус жемістері өсіріледі. Кокос пальмасының өнімдері (әсіресе копра) экспортқа шығарылады. Құс шаруашылығы аздап дамыған. Өнеркәсібі балық аулау кемелерін жасайтын, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін шағын кәсіпорындардан құралған. Мальдив Республикасында 57 туристік орталық қызмет атқарады (2004). Сырттан тұтыну тауарларын, азық-түлік пен электрондық бұйымдар алады. Сыртқы саудадағы негізгі серіктестері — Үндістан,Шри Ланка, Таиланд пен [[[Сингапур]]. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері — 3230 АҚШ доллары (1997).[4]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.