Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бутан корольдігі (тиб. འབྲུག་ཡུལ་) — Азияның оңтүстігінде, Шығыс Гималайда орналасқан мемлекет. Друкюл немесе “айдар елі” деп те аталынады. Жер аумағы 47 мың км². Астанасы — Тхимпху (50 мың). Халқы — 1,8 млн. (1998). Тибеттен шыққан моңғол расасына жатады. Мемл. тілі — дзонг-кэ (бхотия) тілі. Халқының көпшілігі будда дініндегі ламашылдық сенімді ұстанады. Заң қабылдаушы органы — Ұлттық Ассамблея (Цонгду). Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында.
Бутан патшалығы འབྲུག་ཡུལ་ Druk Yul | |||||
| |||||
Әнұран: «Друк цендэн» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Құрылды | 17 желтоқсан 1907 жыл | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | дзонг-кэ | ||||
Елорда | Тхимпху | ||||
Ірі қаласы | Тхимпху | ||||
Үкімет түрі | конституциялық монархия | ||||
Патша Премьер-министрі |
Джигме Кхесар Намгиял Вангчук Лотай Церинг | ||||
Мемлекеттік діні | буддизм (Друкпа Кагью) | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 133-ші орын 38 394[1][2] км² 1,1 | ||||
Жұрты • Сарап (2017) • Тығыздығы |
727 145[3] адам (165-ші) 18,9 адам/км² (196-шы) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
7,701 млрд.[4] $ 9,426[4] $ (115-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
2,547 млрд.[4] $ 3,117[4] $ (130-шы) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,612[5] (орташа) (134-ші) | ||||
Валютасы | нгултрум | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .bt | ||||
ISO коды | BT | ||||
ХОК коды | BHU | ||||
Телефон коды | +975 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+6 |
Бутан — Шығ. Гималайдың биік тау аңғарларында, Брахмапутра өз. бойында орналасқан. Климаты муссонды, төм. белдеулерде тропиктік. Жерінің 64%-ін мәңгі жасыл орман алып жатыр. Бутанның ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы толық зерттелмеген. 6 — 7 ғ-ларда Бутан территориясы қазіргі Үндістанның Ассам штатын қамтыған Брахмапутра өңіріндегі Камарупа мемлекетінің құрамында болған деген жанама деректер кездеседі. Камарупа құлағаннан кейін Бутанға бірнеше рет тибеттіктер басып кіріп, олардың едәуір бөлігі осында тұрақтап қалған. Тибеттіктер Бутанда өз мәдениеті мен ламашылдықты ұстанды. Біртұтас діни ұйымға біріктірілген Бутан 17 ғ-дың ортасында тәуелсіз теократиялық мемлекет болып қалыптасты. 19 ғ-дан 1947 жылға дейін Британия протектораты болды. 1907 ж. ағылшындардың көмегімен мұрагерлік монархия — Вангчуктер әулетінің билігі орнады. Ағылшын отарлық үкіметі Бутанның сыртқы саясатын қадағалағанымен, ішкі өміріне араласқан жоқ. 1949 ж. Бутан тәуелсіздік алды, бірақ шет мемлекеттермен байланысы Үндістанның бақылауымен жүргізіледі. 1954 ж. заң қабылдаушы органы — Цонгду құрылды. 1971 ж. БҰҰ мүшелігіне қабылданды. Оңт. Азияның барлық елдерімен, Үндістанмен, Жапониямен, Германиямен, т.б. елдермен дипломатиялық қарым-қатынастары бар.
Елдің ұлттық атауы - Друк-Юль (дзонг-кэ འབྲུག་ ཡུལ་, вайли ʼbrug-yul, лат. Juk yü) - «айдаһар елі», сөз жоқ, Шығыс халықтары арасында белгілі ежелгі айдаһар табынуын су құдайы және ауыл шаруашылығының қамқоршысы сияқты көрсетеді. «Бутан» атауы тибеттік «Bod + anta» атауларының қосылуы нәтижесінде пайда болды деп саналады, мұндағы Bod - «Тибет», ал anta - «соңы, шеті», яғни «Тибеттің шеті». Bhutan түріндегі бұл атау хинди, непал, бенгал тілдерінде қабылданған және Тибеттің аты ретінде қолданылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.