From Wikipedia, the free encyclopedia
Армения, Әрменстан немесе Әрмения (арм. Հայաստան [hɑjɑsˈtɑn]), толық ресми атауы — Армения Республикасы (арм. Հայաստանի Հանրապետություն [hɑjɑstɑˈni hɑnɾɑpɛtuˈtʰjun]) — солтүстігі мен батысында Гүржістанмен, шығысында және оңтүстік-шығысында Әзірбайжанмен, ал батысында Түркиямен оңтүстігінде Иранмен шектеседі. Армения теңізге тікелей шыға алмайды, ал көрші мемлекеттермен шекаралары Кіші Кавказдың асу бермес қиын тау жоталары арқылы өтеді. Ел шебінің басым бөлігін Түркиямен және Әзірбайжанмен шекаралары құрайды, сол себепті тарихи кезеңдерде бұл елдермен шекара жанжалы жиі туындаған болатын. Осының бәрі Арменияның географиялық және геосаяси жағдайына өзіндік ықпал етеді.
Армения Республикасы Հայաստանի Հանրապետություն | |||||
| |||||
Ұран: «Бір ұлт — бір мәдениет.» арм. «Մեկ ազգ, մեկ մշակույթ» | |||||
Әнұран: «Мер Айреник» (тыңдау ) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Құрылды | IV - II б.з.д | ||||
Тәуелсіздік күні | 28 мамыр 1918 жылы Бірінші Армения Республикасы ретінде КДФР-дан 21 қыркүйек 1991 жыл (КСРО-дан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | армян тілі | ||||
Елорда | Ереван | ||||
Ірі қалалары | Ереван, Гюмри, Ванадзор, Вагаршапат (Эчмиадзин), Абовян | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік республика | ||||
Президенті Премьер-Министрі Ұлттық құрылтайдың төрағасы |
Ваагн Хачатурян Никол Пашинян Ален Симонян | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 138-ші орын 29 743 км² 4,71[1] | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2011) • Тығыздығы |
2 924 816 адам (134-ші) ▼ 3 018 854[2][3] адам 101,5 адам/км² (99-шы) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
32,893 млрд.[4] $ 10,995[4] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
3,302 млрд.[4] $ (132-ші) 4,446[4] $ (116-шы) | ||||
АДИ (2017) | ▬ 0,755 (жоғары) (83-ші) | ||||
Этнохороним | армян, армяндар | ||||
Валютасы | Армян драмы | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .am | ||||
ISO коды | ARM | ||||
ХОК коды | ARM | ||||
Телефон коды | +374 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+4 |
«Армения» топонимі армян үстіртінде орналасқан Мелитеннің маңында орналасқан Арми аймағының Хурри атымен оралады. Бұл арамей тіліндегі «есім» ескі парсы тіліне ауысты, ал «Арминияи» түрінде Бехистің 522 жылы жазуы алты рет кездеседі[5]. Ежелгі грекше-грек деп аталады. Ἀρμενία. Ἀρμένιοι таратудың алдында қолданылған армяндардың ежелгі грек атауы Μελιττήνιοι болды.
Армения — қызғылықты оқиғаларға бай тарихы бар ежелгі мемлекет. Әлемдегі көне этностардың бірі болып саналатын армян халқы Армян таулы қыратын біздің заманымыздан әлдеқайда бұрын мекен еткен болатын. Қазіргі Армения аумағында б.з.д. IX ғасырдың өзінде құл иеленуші ежелгі Урарту мемлекеті болған, ал б.з.д. IV ғасырда Армян патшалығының негізі қаланды. Біздің заманымыздың басында мемлекет аумағында христиан діні тарала бастады. Осылайша жаңа заманның 301 жылы Армения христиан мемлекетіне айналды. Орта ғасырларда гүлденген Армения қалалары сауда мен өнер орталықтары болды. X ғасырдың соңына қарай елдің оңтүстік бөлігін Византия басып алды. Армения бұдан кейін тағдыр тәлкегіне көп ұшырады: сан ғасырлар бойы ел аумағы талай рет сырттан келген жаудың табанында қалды. XVII ғасырда Арменияның екі қуатты көршісі бұл елді екіге бөліл алды; ел аумағының батысы Түркияның, ал шығысы Иранның қарамағына өтті. Кейінірек орыс-парсы соғысының нәтижесінде Шығыс Армения Ресей империясының құрамына енді. Түркияның қол астында қалған Батыс Армения жылдар бойы түрік билеушілерінің қатал езгісінде болды. Бұл қайғылы оқиғалар армян халқының тағдырына елеулі ықпал етті: құртып-жоюдан аман қалған армяндар атақонысын тастап, бас сауғалауға мәжбүр болды. Әлемнің әр түкпірінде өмір сүретін армяндардың ірі топтарын осымен түсіндіруге болады.
1922 жылы Армения Грузия және Әзірбайжанмен бірге Кавказ сырты Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасының құрамына енді. 1936 жылы КСРО құрамына одақтық республика ретінде кірді. Қазіргі кезде Армения БҰҰ, ТМД мүшесі болып табылады. Республика өз тәуелсіздігін 1991 жылдың 23 қыркүйегінде жариялады.
Бұл шағын елдің табиғат жағдайлары өте алуан түрлі. Ел аумағының 9/10 бөлігі теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте орналасқан, мұның өзі жер қорын шаруашылық мақсатта пайдалануды қиындатады. Елдің оңтүстік-батыс бөлігін Арарат жазығы алып жатыр, мүнда ТМД аумағындағы ең ежелгі және әдемі калалардың бірі болып саналатын ел астанасы Ереван орналасқан.
Арменияның таулы бөлігі сейсмикалық жағынан қауіпті ауданға жатады, соңғы жойқын жерсілкішсі 1988 жылы Спитак қаласы маңында болды. Арменияның ең биік нүктесі — елдің солтүстігінде орналасқан Арагац тауы (4090 м). Ел аумағында түсті металдардың едәуір мол қоры шоғырланған. Әсіресе мыс кең орындары айрықша көзге түседі. Олар елдің оңтүстік-шығысы мен солтүстік-бастысында орналасқан. Мыстан басқа, Армения молибден кең орындарымен, алуан түрлі құрылыс материалдарымен (мәрмәр, гранит, туф және т.б.) әйгілі.
Ел аумағы субтропиктік белдеуде жатыр. Қаңтардың орташа температурасы 0°С-тан 12°С -ка дейін, ал шілденің орташа температурасы +18°С-тан +24°С-қа дейін ауытқиды. Жылдың жауын-шашынның ең көп мөлшері (900 мм) Кіші Кавказдың батыс беткейлерінде түседі, ал Арарат аңғарында оның көрсеткіші бар болғаны 220 мм ғана. Сол себепті егістік алқаптары қолдан суаруды қажет етеді. Елдің шығысында, Әзірбайжанмен шекараға жақын жерде Севан тау көлі орналасқан. Көл суы әрқашан салқын, тіпті жаздың өзінде оның жағалауында салқын леп соғып тұрады. Көл айналасында ұлттык саябақ ұйымдастырылған. Севанға жақын манда минералды бұлақтар негізінде жұмыс істейтін Джермук, Арзни және басқа сауықтыру орындары орналасқан. Өзен торы біркелкі таралмаған, ол тек биік таулы аудандарда жиірек. Елдегі ең ұзын өзен — Аракс.
2008 жылдың соңына қарай Арменияда 3,3 миллион халық тұрды, халықтың орташа тығыздығының көрсеткіші 1 км2-ге 108 адамнан келді. Жер бедерінің күрделі болуы халықтың қоныстану сипатына да ықпал еткен: Армения халқының жартысынан астамы Арарат жазығында тұрады. Табиғи өсу жыл сайын қысқарып келеді, қазіргі кезде оның көрсеткіші 4‰-ге тең. Қала халқының үлес салмағы — 67%. Арменияны бірұлтты елдер қатарына қосуға болады, өйткені оның халқының 94%-ын армяндар құрайды. Басқа ұлттар арасында орыстардың, күрдтердің, грузиндер мен гректердің саны біршама.
Соңғы онжылдықта ТМД-ның басқа да жас тәуелсіз мемлекеттеріндегі сияқты, Арменияда да экономиканың құлдырауы басым болды. Кеңестік дәуірмен салыстырғанда халықтың әл-ауқаты да төмендеп кетті. Қазіргі кезде ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткіші бар болғаны 560 АҚШ долларына тең (бұл ТМД бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі). Елдегі жұмыссыздар саны 109 мың адамға жеткен, бұл ЭБХ-тың 9%-ын құрайды. Жұмыссыздық деңгейі бойынша Армения ТМД елдері арасында 1-орын алады.
Өнеркәсіп үлесіне ЖІӨ-нің 34%-ы тиесілі. Өнеркәсіп құрылымында машина жасау басым, әсіресе прибор және станок, радиотехника мен электроника жасау жақсы дамыған. Өнеркәсіптің байырғы салаларының бірі — жергілікті шикізат көзіне негізделген түсті металлургия. Бұл саланың жекелеген кәсіпорындары электр энергиясының тапшылығынан өз жұмысын тоқтатқан. Елде мұнай мен табиғи газ қоры жоқ, мұның өзі елді энергия көзімен жеткілікті түрде қамтамасыз етуге кедергі болуда. Электр энергиясы Армян АЭС-і мен Раздан өзеніндегі СЭС жүйесінде өндіріледі. Соған қарамастан жыл сайын жан басына шаққанда электр энергиясын өндіру азайып келеді.
Басқа салаларға қарағанда, жергілікті шикізат кезіне бағдарланған тамақ енеркәсібі тұрақты дамып келеді. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері (шарап, коньяк, жеміс консервілері) республикадан тыс жерлерге көп сатылады. Елде құрылыс материалдарын өндіретін бірнеше кәсіпорын жұмыс істейді.
Агроөнеркәсіптік кешенде жүзім шаруашылығы мен жеміс өсіру жетекші орын алады. Жүзімдіктер мен жеміс бақтарының көпшілігі Арарат аңғарының суармалы алқаптарында орналасқан. Мұнда мақта, бадам, зәйтүн және көкөніс басым таралған. Жайылымдық мал шаруашылығы кең қанат жайған. Тауларда бидай мен арпа өсіріледі. Жалпы алғанда, жыртылатын жерлер ауыл шаруашылығы жерлерінід 2/5 бөлігін құрайды. Қазіргі кезде елдің ауыл шаруашылығы табиғи сипат алған, яғни ел азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылуда. Соған қарамастан астық, сүт және ет ендіру көлемі қысқарған.
Сыртқы саудадағы негізгі бағыт — импорт көлемінің ұдайы артуы, ол экспорт көлемінен әлдеқайда артық болып отыр. Ел мазут, табиғи газ, ауылшаруашылық өнімдерін сырттан сатып алуға мәжбүр. Елдің сыртқы экономикалық байланыстардағы негізгі әріптестері Ресей (20%), Иран және Түрікменстан болып табылады.[6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.