Топоним

From Wikipedia, the free encyclopedia

Топоним (көне грекше: τόπος — орын + көне грекше: ὄνομα — атау) — географиялық нысанның аты.

Топонимдарды зерттейтін ғылым Топонимика деп аталады.

Топоним түрлері

Топонимдер келесі кластарға бөлінеді:

  • хоронимдер — аймақтардың, облыстардың, аудандардың географиялық атаулары;
  • астионимдер — қалалардың географиялық атаулары;
  • урбонимдер — қаланың ішкі нысандарының географиялық атаулары;
  • годонимдер — көшелердің атаулары;
  • агоронимдер — алаңдардың атаулары;
  • дромонимдер — байланысу жолдардың географиялық атаулары;
  • гидронимдер — сулардың географиялық атаулары, соның ішінде:
пелагонимдер — теңіздердің;
лимнонимдер — көлдердің;
потамонимдер — өзендердің;
гелонимдер — батпақтар және батпақтанған жерлердің;
  • оронимдер — названия поднятых форм рельефтың көтерілген жерлерінің (таулар, жоталар, шыңдар, төбелер);
  • ойконимдер — елді мекендердің атаулары;
  • микротопонимдер — кіші географиялық нысандардың атаулары: қыстаулыр, қыстақтар, құдықтар, бұлақтар, т.с.с. көбіне белгілі бір аймақ тұрғындарға белгілі, өзара пайдаланатын атаулар. ;
  • геонимдер — жолдардың, өтпелердің атаулары.

Топонимдерде (әсіресе гидронимдерде) архаизмдар мен диалектизмдер көп кездеседі. Олар көбіне бұрын соң тұрған жергілікті этностың тілінің субстратына байланған

Топоним элементтері

  • агай, агаш (Ұзын-Агаш)
  • ақ (Акмола)
  • алтын (Алтынташ)
  • балық (Карабалык)
  • баш — бас (Башкортостан, Карабаш)
  • елга — өзен (Коелга, Сак-Елга)
  • қара (Қаратау)
  • көл, куль (Құмкөл)
  • құм (Қызылқұм, Қарақұм)
  • қызыл (Қызыл)
  • сары (Сарыөзек, Саратов — сары+тау)
  • су (Мрас-Су)
  • тау (Ямантау)
  • таш — тас (Ташкент)
  • темір (Теміртау)
  • яна — жаңа (Янаул)
  • чишма — бұлақ (Чишма-баш, Чишма)
  • хар — қар

Фин тілінде және Карелия тілдерінде

  • йоки (фин. joki, карелше:jogi) — өзен
  • муста (фин. musta, карелше:mustu) — қара
  • мяки (фин. mäki, карелше:mägi) — төбе
  • саари (фин. saari, карелше:suari) — арал (Суйсарь)
  • суо (финск., карелше:'suo) — батпақ (Суоярви)
  • ярви (фин. järvi, карелше:jarvi) — көл (Петяярви)
  • ранта (фин. ranta, карелше:randu) — жағалау (Лаппеэнранта)
  • похья (фин. pohja, карелше:pohju) — түбі, солтүстік (Лахденпохья; Кондопога)
  • лахти (карелше:lahti) — шығанақ
  • лохи — албырт

Латвиан тілі

  • акменс — тас (Акменьрагс)
  • аугстс — биік (Аугшземе)
  • эзерс — көл (Балтэзерс)
  • циемс — қоныс (Межциемс)
  • грива — саға (Даугавгрива)
  • калнс — тау, төбе (Зиепниеккалнс)
  • межс — орман (Межапаркс)
  • пилс — бекет, қала (Даугавпилс)
  • сала — арал (Закюсала)
  • упе — өзен (Лиелупе)
  • муйжа — мекен-жай (Закюмуйжа)

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.