Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сауда —материалдық және рухани игіліктерді иеліктен шығару және иемдену түріндегі сатып алу-сату әрекеті барысында меншіктенушінің ауысуы нысаны; тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, зияткерлік меншік нәтижелерінің айналымын, сатылуын ұйымдастыру жөніндегі шаруашылық қызмет аясы, яғни жеке адамның пайда алу мақсатымен тауарларды айналысқа түсіру, оларды сатып алу және сату жөніндегі шаруашылық қызметі; сатып алу-сату арқылы тауарларды өткізетін ұлттық шаруашылық саласы.
Еуропаның сауда тарихы Испан теңізшілерінің жаңа аумақтарды ашуына байланысты дами түсті. Испан теңізшілері Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америкаға 1492 жылдан бері қатынай бастады. Голланд, британ және француз теңізшілері суда жүзу тәжірибелерін Үндістан, Америка, Африка тәрізді шалғайда жатқан жерлерге баруға жұмсады.Оларға қарап Еуропа саудагерлері де қимылдай бастады. Еуропалықтар Қытайдың фарфор, Үндістанның мақта-мата бұйымдарына көп қызықты. 1498 жылы Васко да Гама Еуропадан дәмдеуіш сатып әкеле бастағанға дейін дәмдеуіш саудасымен ислам елдері айналысты. 16-ғасырға дейін Голландия тауарлардың еркін айналымына рұқсат беріп, салықсыз сауда орталығы болды.Көпестердің арасында білімділер көп кездесті.Табысқа жеткісі келген саудагер сауатты, есеп-қисапты, шет тілдерін, теңіз ісін, заңды жақсы білетін адам болуы керек еді. Өйткені сапарда көптеген қиындықтар және қауіп-қатерлермен күресуге тура келді. Ұзақ жол жүруге мәжбүр болған саудагерлер ғылымның жетіуіне, әсіресе географияның дамуына көп септігін тигізді.
Iшкі сауда, сыртқы сауда, аукциондық сауда, баспа-бас айырбас сауда, биржалық сауда, комиссиялық сауда, консигнациялық сауда, өтемақылы сауда, лицензиялық сауда (технологияларды пайдалану құқығын, ноу-хауды, патенттерді, өнертабыс лицензияларын мерзімге және сыйақыға беру), көтерме сауда (заңи тұлғаларға не заңи тұлға құрмаған жеке тұлғаларға кәсіби қызметте пайдалану үшін кез келген тауарды түрін өзгертпестен қайта сату және сату), бөлшек сауда (халыққа жеке бастың тұтынуы немесе үй қожалығында пайдалану үшін сату), халықaралық сауда, "көзге көрінбейтін" сауда (көрсетілетін қызметтердін көлік, сақтандыру, қаржы, компьютерлік, ақпараттык, лизингтік, құрылыс, тағы басқа қызметтердің экспорты мен импорты), тағы басқа түрлерге бөлінеді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.