From Wikipedia, the free encyclopedia
Армян тілі (հայերեն, (hɑjɛɾɛ́n) — Үнді-Еуропа тілдерінің ішіндегі ең көне жазба тілдерінің бірі[3]. Басқа тілдердің ішінде ең жақыны - грек тілі[4]. Қазіргі заманда жойылған фригий, фракий, дакий және пеоний тілдерімен бірге палеобалкан тілдер тобына жатады.
Армян тілі Հայերեն Hayeren | ||
---|---|---|
Айтылуы: | IPA: [hɑjɛˈɾɛn] | |
Сөйлеу орны: | Армения, Ресей, АҚШ, Франция, Иран, Грузия, Сирия, Аргентина,Түркия, Ливан, Украина, Иордания, Қазақстан, Өзбекстан, Канада, Грекия, Түркіменстан, Израиль, Палестина, Ирак, Венгрия, Болгария, Абхазия, Чехия, Мысыр, Кипр, Эстония, Гондурас, Румыния, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан[1] | |
Барлық сөйлеушілері: | 5,9 млн[1] - 6,7 млн.[2] | |
Тіл ұясы: | Indo-European Армян тілі | |
Жазу әдісі: | Армян әліпбиі | |
Ресми күйі | ||
Ресми күйі бар жері: | Армения | |
Реттеушісі: | Армения ұлттық ғылыми академиясы | |
Тіл белгілері | ||
ISO 639-1: | hy | |
ISO 639-2: | arm (B) | hye (T) |
ISO 639-3: | әртүрлі: hye — қазіргі армян тілі xcl — орта армян тілі axm — көне армян тілі Үлгі:Infobox Language/IPA |
Армян тілі — Арменияда, Ресейде, АҚШта, Францияда, Иранда, Грузияда, Сирияда, Аргентинада,Түркияда, Ливанда, Украинада, Иорданияда, Қазақстанда, Өзбекстанда, Канадада, Грекияда, Түркіменстанда, Израильде, Палестинада, Иракта, Венгрияда, Болгарияда, Абхазияда, Чехияда, Мысырда, Кипрда, Эстонияда, Гондураста, Румынияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Үндістанда тұратын армяндардың тілі.
Армян тілінде әр түрлі мәлімет бойынша 5,9 млн-нан 6,7 млн адам сөйлейді[2].
Армян әдеби тілінің тарихы
Көне дәуірдегі армян тілі - көне армян тілі, ал оның жазба ескерткіштерінің тілі - грабар.
Орта дәуірдегі армян тілі - орта армян тілі деп аталады.
Жаңа дәуірде қазіргі армян тілі қалыптасып, 19 ғ-дың аяқ шенінде онда жаңа армян әдеби тілінің белгілері пайда болған. Жаңа армян әдеби тілінің шығыс және батыс делінетін екі нұсқасы бар, олардың әрқайсысы көптеген диалектіні қамтиды. Армения халқы осының ашхарабар деп аталатын шығыс нұсқасында сөйлейді.
Армян тілінде 6 дауысты, 30 дауыссыз фонема бар. Грамматикалық род категориясы жойылып кеткен. Септік жалғаулары жетеу. Морфологиясының дені агглютинативті, аналитизм элементтері де ұшырайды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.