From Wikipedia, the free encyclopedia
Гранит[1] – Жер қыртысында ең көп тараған кристалдық магмалық тау жынысы,толық кристаллы, жаппай түйірлі, немесе сеппелі, қышқыл құрамды (SiO2 > 65%) интрузиялық таужыныстардың жиынтық атауы. Гранит кварцтан, калийлі дала шпаттарынан (ортоклаз, микротия), қышқыл плагиоклаздардан, слюдадан (биотит, мусковит) тұрады. Түсі ашық, көбінесе қызғылт сұр, қызыл, кейде жасыл, сұр; менш. салм. 2,5 – 2,7 г/см3.
Граниттердің минералдық құрамы негізінен алғанда кварц пен дала шпаттарынан және түсті минералдардың (биотит, мусковит, мүйіз алдамшы, сирегірек пироксен) азын-аулақ мөлшерінен тұрады. Граниттердің түрлері көп.Олар дала шпаттарының құрамы мен олардың бір-біріне мөлшерлік қатынастарына орай және түсті минералдардың қандай түрі жетекші рөл атқаратындығына орай жүйеленеді.
Өз құрамындағы әр түрлі түсті минералдардың жетекші рөліне қарай биотитгі, қосслюдалы, мүйізалдамшылы, рибекитгі, эгиринді және тағы басқа граниттер түрін даралауға болады. Гранит құрамында түсті минерал мүлдем болмағанда немесе олар өте аз мөлшерде үшырасқан жағдайда (5%- дан аз) олар аляскитгер деп аталады
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.