From Wikipedia, the free encyclopedia
Кварц — түссіз немесе боялған табиғи не синтетикалық минерал, кремний қостотығы кристалы (Si02); пъезоэлектрик (J= 1010 — 10Ӏ2Ом • см).
Электрондық аспап жасауда Кварц (монокристалдан қиып алынған кесінділер түрінде) пъезоэлектрлік түрлендіргіштерді, резонаторларды, сүзгілерді, ультрадыбыстық тежеу желілерін дайындау үшін колданылады.
Кварц, шынытас – табиғатта ең көп таралған тау жынысын түзуші минерал. Оксидтер класына жатады, химиялық формуласы SіO2. Кварцтың 12 полиморфтық түрі анықталған. Оның ішінде негізгілері – α=K (тригональдық сингонияда, төменгі температуралы), β=K (гексагональдық сингонияда, жоғары температуралы), β2 – тридимит (гексагональдық), b – кристобалит (кубтық). Кварц әр түрлі жыныстарда ксеноморфты агрегаттар, ұсақ түйірлі масса, жеке, қосарланған кристалдар, друзалар түрінде кездеседі. Табиғатта салмағы 40 т-дай Кварц кристалдары табылған. Кварцтың қаттылығы 7, меншікті салмағы 2,6 г/см3, балқу температурасы 1710°С, шыныдай жылтыр, ультракүлгін сәулені жақсы өткізеді, пьезоэлектрлі қасиеті бар. Түсіне байланысты Кварц әр түрлі аталады: оның таза, мөлдір, ашық түсті ақаусыз кристалы асыл тас қатарына жатады. Олар: тау хрусталі (мөлдір), аметист (күлгін көк), раухтопаз (көкшіл, мөлдір), морион (қара), аквамарин (сарғылт, күрең, қызыл), цитрин (алтындай сары), празем (мөлдір жасыл), тағы басқа. Кварц дала шпаттары, слюдалар сияқты минералдармен бірге магматекті қышқыл жыныстардың, гидротермальдық желілердің, пегматиттердің, метаморфтық жыныстардың басты жыныс құраушы минералы ретінде кең тараған. Кварцтың әсем түстілері зергерлік бұйымдар жасауға, түссіз, мөлдір таза кристалдары оптикалық аспаптар, ал кейбіреулері (агат) дәлдігі жоғары механизмдердің бөлшектерін (призма, ось, тірек, т.б.) жасау үшін, пьезооптикалық ақаусыз ірі кристалдар радиотехникада пайдаланылады. Кварцтан қышқылға, отқа және химиялық әсерлерге шыдамды берік ыдыс, кварц лампасы, абразиялық материалдар даярланады. Шыны керамика өндірісінде, металлургияда Кварцты флюс ретінде пайдаланады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.