Remove ads
Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, Қазақстанның тұңғыш президенті (1990—2019) From Wikipedia, the free encyclopedia
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған, Алматы облысы) — кеңестік және қазақстандық саясаткер, Қазақстанның бірінші президенті (1991–2019) және Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының соңғы басшысы (1989–1991).
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Назарбаев, 2021 жыл | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лауазымы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
24 сәуір 1990 — 20 наурыз 2019 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Вице-президент | Ерік Асанбаев (1991–1996) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Премьер-Министр | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізашары | лауазымы құрылған | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізбасары | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
21 тамыз 1991 — 5 қаңтар 2022 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізашары | лауазымы ұйымдастырылған | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізбасары | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 наурыз 1999 — 28 қаңтар 2022 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бірігіп басқарушы | Тізім
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізашары | лауазымы ұйымдастырылған | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізбасары | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
24 сәуір 1990 — 24 желтоқсан 1991 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізашары | лауазымы ұйымдастырылған | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізбасары | лауазым ыдыратылған, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде өзі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
22 ақпан — 24 сәуір 1990 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізашары | Мақтай Сағдиев | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізбасары | Ерік Асанбаев | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
22 маусым 1989 — 28 тамыз 1991 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізашары | Геннадий Колбин | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізбасары | лауазымы ыдыратылған | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
22 наурыз 1984 — 27 шілде 1989 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізашары | Бәйкен Әшімов | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізбасары | Ұзақбай Қараманов | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
20 мамыр 2006 — 5 қазан 2007 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізашары | Владимир Путин | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізбасары | Құрманбек Бәкиев | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 қаңтар 2015 — 31 желтоқсан 2015 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізашары | Александр Лукашенко | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ізбасары | Алмазбек Атамбаев | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Өмірбаяны | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Партиясы | КОКП (1962–1991) Партиясыз (1991–1999) Аманат (1999 бері) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Білімі | 1) Днепродзержинск техникалық училищесі (1960) 2) Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (1964–1965) 3) Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы зауыт-техникалық колледжі (1967) 4) КОКП ОК жанындағы сырттай оқитын Жоғары партия мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | КСРО Қазақстан | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дүниеге келуі | 6 шілде 1940 (84 жас) Үшқоңыр ауылы, Қаскелең ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР, КСРО | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әкесі | Әбіш Назарбаев | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Анасы | Әлжан Назарбаева | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жұбайы | 1) Сара Алпысқызы 2) Әсел Тілектесқызы Құрманбаева (Исабаева)[1] | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Балалары | 1-некеден Дариға (1963) Динара (1967) Әлия (1980) 2-некеден Тауман (2005) Байкен (2008)[1] | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сайты | nazarbayev.kz | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әскери қызметі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қызмет еткен жылдары | 1991—2019 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әскер түрі | Қазақстан Қарулы Күштері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Атағы | Жоғарғы қолбасшы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қолтаңбасы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Марапаттары |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ортаққорда | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
өңдеу |
2010 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті — Елбасы ресми мәртебесіне ие болды.[2][3]
Бұрын Назарбаев Қазақстан Конституциялық Кеңесінің мүшесі (2019–2023), Нұр Отан ХДП төрағасы (2007–2022), Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы (1995–2021), Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы (1991–2022) лауазымдарының иесі болған. Қазақстан тәуелсіздігіне және өзінің президенттігіне дейін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы (1984–1989), КОКП ОК мүшесі (1986–1991), КОКП ОК Саяси бюро мүшесі (1990–1991), Қазақстан КП ОК хатшысы (1974–1984), Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы (1989–1991), КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10–11-шақырылымының Солтүстік Қазақстан облысынан депутаты (1979–1989), КСРО халық депутаты (1989–1991), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990), Қазақ КСР президенті (1990–1991) болды.
Назарбаевтың президенттігін саясаттанушылар және бақылаушылар жеке басына табынуы бар,[4][5] авторитарлық,[6][7] непотистік[8] диктатура[9][10] етіп сипаттайды. Назарбаев тұсында өткен сайлаулар ашық, әрі әділ өтпейтін[11] және айтқан сөзіне қарамастан[12] елде сөз бостандығы қатты шектелетін.[13] 30 жылға жуық билікте болған Назарбаев әлемдегі билігі ең ұзақ болған монарх емес мемлекет басшыларының бірі болды.[14]
2019 жылғы наурыздағы наразылық шараларына байланысты Назарбаев отставкасын жариялап, билікті өзіне жақын одақтасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берді. Тоқаевтың 2019 жылы сайлануына қарамастан, Назарбаев қазақстандық саясаттағы билігі әлі де бар сұр кардинал ретінде қарастырыла берді, Қазақстан халқы ассамблеясы, Нұр Отан партиясы және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде ол 2022 жылғы ірі тәртіпсіздіктерге дейін өз ықпалын көрсете берді.[15][16] 2022 жылғы референдумнан кейін көп ұзамай Елбасы ерекше атағынан айырылғанына қарамастан ол дербес құқығын, қолсұғылмаушылығын сақтап қалды,[17] отбасы әлі де ықпалды.[18]
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысының Қаскелең ауданындағы Үшқоңыр ауылында Әбіш (1903–1971) пен Әлжанның (1910–1977) отбасында дүниеге келді.[19] 1957 жылы Абай атындағы Қазақ орта мектебіндегі оқуын аяқтады.[20]
Метталург болуға ниеті бар Назарбаев 1958 жылдың алғашқы екі айында Қарағанды облысында Теміртау қаласынан 15 километр жердегі Токаревка ауылында жатақханада тұрды. Украинаның Днепродзержинск қаласында бар Днепр металлургиялық зауытындағы №22 Кәсіптік-техникалық училищеде оқып, 1960 жылы тәмамдады. 1960 жылы Теміртау қаласында «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасына жұмысшы болып орналасты. 1960 жылғы 3 шілдеде Қазақстан және Орталық Азиядағы алғашқы домна пеші іске қосылды, Назарбаев алғашқы қазақстандық шойын қайнатуға қатысты. Содан кейін Қарағанды металлургиялық комбинатында құю машинасының шойыншысы, домна пештің горновойы, домна цехтың диспетчері, газшысы, аға газшысы болып істеді. 1967 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатындағы Жоғарғы техникалық оқу орнын бітірді.[дереккөзі?]
1969 және 1973 жылдары Теміртау қаласында партиялық комсомолдық қызмет атқарды. 1973–1978 жылдары Қарағанды металлургиялық комбинаты партия комитетінің хатшысы болды. Бұл лауазымды кәсіпорын комбинат директорынан кейінгі екінші тұлға дейді. Бұл жерде 30 мың адам жұмыс істейтін.
1978–1979 жылдары партияның Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, екінші хатшысы болды. 1979 жылы Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің хатшысы болып тағайындалды.
1984–1989 жылдары 43 жасында болған Назарбаев Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы ретінде (Қазақстан премьер-министрінің сол кездегі баламасы) одақ республикалары арасындағы ең жас басшы атанды. Бұл тағайындау Қазақстан компартиясы бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың тұсында орын алды.[21] Бұл кезеңде Қайта құру саясаты Михаил Горбачёв кезінде баяу жүзеге аса бастады, ал Назарбаевтың өзі тәжірибелі саясаткер ретінде қарастырылды, өйткені оның көзқарастары мен ұстанымдары Хрущёв жылымығы мен 1965 жылғы кеңестік экономикалық реформа кезінде қалыптасқан болатын.[21]
1986 жылғы желтоқсанда республика астанасы Алматы қаласында ереуіл басталды. Оған Қазақстан компартиясы ОК бірінші хатшысының қызметіне Дінмұхамед Қонаевтың орнына бұрын-соңды Қазақстанда тұрмаған Геннадий Колбин сайланғаны түрткі болды. Жастар ереуілі аяусыз жаншылды, оқиға қатысушылары қудаланды, тек 1989–1991 жылдары ғана қайта қаралды.
1989–1991 жылдары Назарбаев Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1989–1992 жылдары КСРО халық депутаты болып сайланды. Сол уақытта 1990 жылғы ақпан-сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің төрағасы болды. 1990 жылғы 14 шілде мен 1991 жылғы 23 тамыз аралығында КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі және 1981–1986 жылдары КОКП Орталық ревизиялық комиссиясының мүшесі еді. КОКП ОК мүшесі (1986–1991).
1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ КСР президенті лауазымы құрылып, оған Нұрсұлтан Назарбаев лайық деп табылды.
1991 жылғы жазда Михаил Горбачёв пен Борис Ельцин жаңа одақтық келісімшартқа қол қою барысында Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер одағы үкіметінің төрағасы лауазымын иеленетін болды, алайда ТЖМК Тамыз бүлігі бұған кедергі келтірді.
Назарбаев КСРО-ны конфедерацияға айналдыруды қолдады.
28 тамызда Қазақстан КП ОК пленумында президент Назарбаев КОКП-дан шығатыны туралы мәлімдеді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бір ғана үміткердің қатысуымен Қазақ КСР-інің тұңғыш бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Нәтижесінде Назарбаев сайлаушылардың 98,7%-ын дауысын иеленді.
10 желтоқсанда Қазақ КСР атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылдады, ал Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болды. 5 күн өткен соң осы статусымен КСРО-ның тарағанын растайтын ТМД мақсаттары мен принциптерінің Алма-Ата декларациясына қол қойылды.
1995 жылғы 29 сәуірде өткен референдум нәтижесінде Назарбаевтың президенттік өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылғы 10 қаңтарда Назарбаев 79,78% дауыспен президент болып сайланды.
2005 жылғы 4 желтоқсанда өткен сайлауда Назарбаев Қазақстан президенті болып қайта сайланды, сайлауда 91,15% дауыс жинады.
2010 жылғы 15 маусымда Елбасы – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті мәртебесі ресми бекітілді.
2010 жылғы 23 желтоқсанда Өскеменде өткен форумда ел президентінің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс айтылды, ол үшін жалпыреспубликалық референдум өткізу керек еді. Ұсыныс білдірушілердің бірі – Олжас Сүлейменов болатын. Көп ұзамай 2011 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Республика парламентінің Қазақстан Республикасы Конституциясына қазіргі президенті өкілеттігін 2020 жылғы жалпыхалықтық сайлауға дейін ұзарту бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумға салу туралы ұсынысынан бас тартты.[22][23] Бірақ қол жинау тоқтаған жоқ, сөйтіп 2011 жылғы 13 қаңтарда осы бастаманы қолдап 5 миллион 16 мың қол жиналды. 2011 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Парламенті Конституцияға түзету енгізуді бірауыздан қабылдады. 31 қаңтарда Қазақстан Конституциялық кеңесі сайлауды референдумға ауыстыру туралы заңды конституцияға сай емес деп тапты.[24]
Сол күні халыққа жолдауында президент Конституциялық кеңестің шешімін қолдап, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді ұсынды.[25] 3 сәуірде мерзімінен бұрын өткен сайлауда 2016 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. Орталық сайлау комиссиясының соңғы есебі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев 95,5% дауыс жинады. Конституция бойынша бір тұлға екі реттен артық қатарынан сайлауға қатыса алмайды, бірақ бұл шектеудің Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіне қатысы жоқ.
2015 жылғы наурызда Назарбаев 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасының мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауына қатысуға үміткер ретінде тіркелді.[26] Сайлауда 97,75% дауыс жинады.
2019 жылғы 19 наурызда 2019 жылғы 20 наурыздан бастап президенттік өкілеттігін өз қалауымен өткізетін қаулы қабылдады.[27][28] Халыққа үндеуінде Назарбаев:
Мен Қазақстан Республикасының президенті ретінде өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Биыл еліміздің ең жоғарғы лауазымындағы қызметін атқарып келе жатқаныма отыз жыл толады. Мен Қазақстан Республикасының президенті ретінде өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым[29]
– деп жариялады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша президент өкілеттігі Парламент сенаты төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа беріледі, ол 20 наурызда Қазақстан парламенті қос палатасының біріккен отырысында ант берді. Бұдан кейін Назарбаев елдің Қауіпсіздік кеңесі төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі және «Нұр Отан» партиясының төрағасы лауазамын сақтап қалды.[30]
Сонымен қатар Тұңғыш президент қоры аясында қоғамдық қызметпен айналысуды жалғастырды. 2019 жылы қор «Ел үміті» және «Қамқорлық» жастарды қолдау жобаларын жүзеге асыра бастады. Біріншісі – өзгерістерді басқару бойынша жас менеджерлерді дайындауға бағытталған. Бағдарлама аясында қатысушылар әлемнің озық университеттері мен компанияларында білім алуға мүмкіндік алды, сондай-ақ олардың тәлімгері ретінде әрекет ететін үкімет, отандық және халықаралық сарапшылармен тікелей байланыс орната алады. «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша ауруханаларда оңалту орталықтары, мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып, жылына 5 мыңға жуық балаға тегін кешендік оңалту жүргізеді.[31]
2020 жылғы маусым-шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен ауырды.[32][33][34] Коронавирус пандемиясы тұсында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз біргеміз!» ұлттық акциясы бастама алды, оның аясында 2,3 миллион азаматқа көмек көрсетілді: мұқтаж отбасыларға азық-түлік, медицина қызметкерлеріне еріктілер көмегі беріліп, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына қашықтан оқытуға компьютер алынды.[35]
2021 жылғы 28 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы өкілеттегін өткізді. Оны Н.Назарбаев 1995 жылдан басқарған еді, жалпықазақстандық социумға барлық этноәлеуметтік топтарды біріктіруді жалғастыру қажеттігін алға тартты. Назарбаевқа «Ассамблеяның құрметті төрағасы» атағы берілді.[36][37]
2021 жылғы сәуірде Назарбаевтың бастамасымен «Елбасы жылуы» ауқымды қайырымдылық акциясы басталды. Акция барысында Нұрсұлтан Назарбаев және «Дегдар» қайырымдылық қоры тұрмысы нашар, көпбалалы, ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған, Ұлы Отоан соғысының ардагері бар отбасыларға көмек көрсетеді. 681 мұқтаж отбасының әрқайсысына салмағы 132 кг тауар берілді.[38]
2023 жылғы қаңтарда Назарбаев отставкасынан бері иелеген «құрметті сенатор» лауазымынан айырылған.[39] Келесі күні Парламенттің екі палатасының шешімі бойынша «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» өз күшін мүлдем жоғалтты.[40] Нәтижесінде экс-президент пен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылуды тоқтатты, пәтер мен мемлекеттік саяжай жеке меншікке берілмей, қажетті қызмет көрсетумен, жеке күзетпен, жүргізушілері бар жеке автокөлікпен, ел бойынша тегін жол жүрумен, медициналық қызмет көрсетумен және санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етілуі тоқтатылды.[40]
Парламент төрағасы Мәулен Әшімбаев осы өзгерістердің себебін «2022 жылғы конституциялық референдумның нәтижесі, «халықтың шешімі» деп айтып кеткен.[39] Алайда басқа дереккөздер оның себебін 2022 жылғы «Қаңтар оқиғасын» атаған.[41]
Назарбаевтың бірнеше мәртебесінен айырылуына қарамастан оның бірнеше артықшылықтары да қалған еді, мысалы ол президент кезіндегі істері үшін жауап бермейді, оған мемлекет есебінен қызмет көрсету және күзет беру қарастырылған, және т.б..[41] 2023 жылғы 1 маусымнан бері Назарбаевты қорғайтын мемлекеттік күзет өз қызметін тоқтатты.[42]
Назарбаевтың президент ретінде қабылдаған бастамаларының бірі – Семей ядролық полигонын жауып, ізінше әлемде 4-орын алатын ядролық қару арсеналынан бас тартты. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшарттар мен институттардың белсенді қатысушысына айналды.[43][44][45]
1990 жылдары президент Қазақстанның сыртқы саясатының көпвекторлы қырын жариялады, яғни халықаралық істерде маңызды роль атқаратын кез келген мемлекетпен достық қарым-қатынасты дамыту.[46] Президенттік жылдарында Қазақстан 130 елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Аймақтық интеграция аясында Назарбаев бұрынғы КСРО мемлекеттерінің экономикалық-сауда қарым-қатынасын жандандыруға күш салды, Еуразия экономикалық одағының экономикалық маңызын алға тартты.
Қазақстан халықаралық ұйымдардың қызметіне белсене араласты. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға, 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті. Шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмысына бірінші күннен-ақ белсене кірісті, ал 2010–2011 жылдары оған төрағалық етті. 2016 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017–2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі боп тағайындалды.[47]
2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаев қоры Astana Club халықаралық пікірталас алаңын ұйымдастырды, мұнда жыл сайын әлемдік және еуразиялық аймаққа ықпал ететін жаһандық тенденциялар мен түйткілдердің шешімін талдау мақсатында саяси қайраткерлер, дипломаттар және АҚШ, Ресей, Қытай, Еуропа, Таяу Шығыс және Азия елдерінің аналитикалық орталықтарының сарапшылары жиналады.[48][49][50].
1987 жылы Назарбаев Қарабақ қақтығысы, 2014 жылғы Украина дағдарысы, Сирия бойынша Астана процесі және басқа да халықаралық қақтығыстар тұсында бейбіт бітімші ретінде әрекет етті.[51][52][53][54].
2011 жылы Назарбаев жаңа G-Global коммуникациялық алаңын құруды ұсынды, себебі оның ойынша G-20 және G-8 форматы әлемдік антикризистік жоспарды шешпеді. G-Global идеясы мынада, әлемдік мәселелердің тағдырын мейлінше көп ел мен планета азаматтарының қатысуымен демократиялық принциптер негізінде өткізген абзал. Осы мақсатта мемлекет көшбасшылары мен сарапшылар және олардың жауаптарын қамтитын мәселелерді талқылау үшін интернетте халықаралық ақпараттық-коммуникациялық платформа құрылды.[55]
2017 жылы Астанада 112 мемлекеттің қатысуымен баламал энергетика тақырыбына арналған Бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесі өтті. Көрме аяқталған соң оның орнына «Астана» халықаралық қаржы орталығы ашылды.[56]
КСРО құлаған соң 4 жылдың ішінде Қазақстанның өнеркәсіптік өндірісі екі есе қысқарды, ауылшаруашылығы 30 пайызға қысқарды, көптеген ірі кәсіпорындар жабылды. Қазақстанды басқарған жылдары ел экономикасының көлемі (ЖІӨ) 15 есе өсті, халықтың табысы доллармен есептегенде 9 есеге артты, кедейлік 10 есеге яғни 90 пайызға азайды. 2018 жылы жалпы өнеркәсіптік көлемде өңдеу секторы 40 пайыздан асты. Қазақстанда баспанамен қамту көлемі жылына 10 миллион квадрат метрден асып түсті, бір адамды баспанамен қамту 21,8 м квадратқа өсті.
1997 жылы президент «Қазақстан-2030» даму стратегиясын жасақтады. Оның басты мақсаттарының бірі – шетелдік инвестиция мен ішкі қордың үлесі жоғары болатын ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсім. Президенттің басшылығымен Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылды. 1993–2006 жылдары Қазақстан 51,2 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартты (Орталық Азиядағы инвестицяның 80%-дан астамы).
Макроэкономикалық тұрақтылықты қамту мақсатында елдің мұнайдан түскен табысының жартысын жинау есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылды.
Назарбаев астананы Алма-ата қаласынан Астанаға көшіруді қолдады. 1995 жылғы 15 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» қаулы қабылдады, оған сәйкес жоғарғы және орталық билік органдарын Ақмола қаласына көшіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. 1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақмола Қазақстан астанасы болып бекітілді, ал 1998 жылғы 6 мамырда қаланың атауы Астана деп өзгертілді, 2019 жылы Нұр-Сұлтан деп аталды.
Түлектер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таза сөйлеуі үшін білім саласында үш тұғырлы тіл қағидасы жарияланды. 1993 жылы президент «Болашақ» білім беру бағдарламасын ашты, оның аясында мектеп түлектері конкурс бойынша мемлекеттік стипендиямен шетелге оқуға жіберілді. Бағдарлама бойынша 15 мың маман дайындалды. 2010 жылы президенттің бастамасымен Назарбаев университеті және Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды.
Денсаулық сақтау саласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне біртіндеп өту жүзеге асырылды. Бұл халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ынтымақтас жауапкершілігіне негізделді.
2010 жылы президенттің қаулысымен Қазақстан Республикасының үдемелі индустиралды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Экономиканың шикізат секторын дамыту арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін әртараптандыру және арттыру, табысты арттыру арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында құрылды.
2012 жылғы желтоқсанда дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатында Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы жасақталды.[57]
2008 жылы басталған жаһандық экономикалық дағдарысқа қарсы Назарбаев «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын ұсынды. Дағдарысқа қарсы бағдарлама шаралары 5 негізгі бағытқа шоғырланды: қаржы секторын тұрақтандыру; жылжымайтын мүлік нарығындағы түйткілдерді шешу; шағын және орта бизнеске қолдау көрсету; агроөнеркәсіп кешенін ынталандыру; индустриалды және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның басты міндеттерінің бірі – халықты әлеуметтік қорғау, атап айтқанда инфляцияны ырықтандыру және негізгі азық-түлік бағасын ұстап тұру, бюджеттік қызметкерлердің еңбек ақысын көтеру, халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобы: зейнеткерлер, мүгедектер, жетімдерге жас бойынша зейнетақыны, мүгедектік бойынша жәрдемақыны, асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақыны көтеру арқылы әлеуметтік қамқорлықты жақсарту.[58]
КСРО күйрегенге дейін КОКП мүшесі болды. 1999 жылғы президенттік сайлауға дайындық тұсында Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттікке үміткерлігін қолдайтын қоғамдық штаб құрылды. 1999 жылғы 19 қаңтарда президент инаугурациясы кезінде штаб отырысында соның базасында саяси партия құру туралы шешім қабылданды, 12 ақпанда «Нұр Отан» республикалық саяси партиясы тіркелді. 1-съезде партияға Қазақстан халықтар бірлігі партиясы, Қазақстан демократиялық партиясы, Қазақстан либералды қозғалысы және «Қазақстан-2030» қозғалысы қосылды. 2007 жылы Конституцияға енгізілген түзетулерге байланысты Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының төрағасы лауазымына ресми бекітілді.[59]
Қазақстанның мемлекеттік наградалары:
КСРО мемлекеттік наградалары:
2010 жылғы 12 мамырда Қазақстан парламентінің төменгі палатасы – Мәжіліс депутаттары Назарбаевқа Елбасы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті статусын беретін заң жобасына түзетулерді қарауға бірауыздан қабылдады. 2012 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті өз статусы бойынша Халық қаһарманы атағының иегері деген норма қабылданды.
2019 жылғы 30 мамырда «Құрметті сенатор» төсбелгісі берілді. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қазақстан Республикасының демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде конституциялық-құқықтық негізде қалыптастыруға, сондай-ақ отандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына қосқан айрықша үлесі үшін» берілді.[61][62]
2021 жылы 28 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясының құрметті төрағасы статусы берілді.[63]
Нұрсұлтан Назарбаеатың өмір жолы «Елбасы жолы» киноэпопеясында баяндалды. Киноэпопеяның алғашқы төрт фильмі – «Балалық шағымның аспаны» (2011), «Отты өзен» (2013), «Темір тау» (2013), «Тығырықтан жол тапқан» (2014) болашақ президенттің балалық шағы, жасөспірім және жастық шағын баяндайды. Қазақстандық режиссер Рүстем Әбдірәшов түсірді. Назарбаевтың бала күнгі ролін жас актер Елжас Әлпиев сомдады, жастық шағын Нұрлан Әлімжанов сомдады. Әжесінің ролін Бибігүл Төлегенова, анасын Наталья Орынбасарова, әкесін Нұржұман Ықтымбаев ойнады. Қазақстан тарихы мен тұтас посткеңестік кеңістіктегі бетбұрысты кезең тура келген 90 жылдарды қамтитын эпопеяның қорытынды фильмі «Жұлдыздар тоғысқанда» деп аталды. Оның түсіріліміне ресейлік режиссер Сергей Снежкин шақыртылды. Аталған режиссердің күрделі тарихи сериалдарды қою тәжірибесі мол. «Жұлдыздар тоғысқанда» картинасындағы басты ролді Берік Айтжанов сомдады.[64][65]
2011 жылы қыркүйекте НТВ телеарнасында режиссер Александр Моховтың «Ельцин. Тамыздың үш күні» фильмі жарыққа шықты. 2011 жылы қарашада Астанадағы Бейбітшілік сарайында Еркін Жуасбектің Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай президенттің Қазақстан тәуелсіздігін алу мен бекіту кезеңіндегі ролі туралы «Терең тамырлар» драмасының тұсауы кесілді.[66]
2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстандағы тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру.[67]
Орталық Азиядағы ең ірі екі театр «Астана опера» және «Астана балеттен» басқа Қазақстан астанасында Назарбаевтың бастамасымен Қазақ ұлттық хореография академиясы ашылды.
2017 жылы президент рухани құндылықтарды сақтап қалу мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізін қалады. Қазақ тілін әлемдік кеңістікке интеграциялау үшін біртіндеп латын әліпбиіне ауысу жоспарланды. «Қазақстанның киелі географиясы» жобасының нысандары елдегі туризмді дамыту орталықтарына айналды. Тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, филология бойынша 100 заманауи оқулық қазақ тіліне аударылды.[68]
2018 жылы Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді, содан кейін қаланы жаңарту мен дамыту жұмыстары басталып кетті. Түркістан – қазақ хандығының көне астанасы және «түркі әлемінің рухани астанасы» ретінде белгілі. Түркістан облысын құру туралы қаулысына қол қоятын күні Назарбаев жиналыста ұлттық компаниялар мен ірі бизнес өкілдерін қала құрылысына белсене қатысуға шақырды. 2021 жылы Назарбаев Түркістанда жаңа салынған нысандар – әуежай, керуен-сарай және басқа да нысандарды аралап көрді. Түркістан жылдар бойы мұндай қайта жаңғыруды бастан өткермегенін айтты.
2020 жылы Назарбаевтың бастамасымен Нұр-Сұлтанда аумағы 22 мың метр квадрат болатын Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры құрылды. Журналистермен сұхбатында ол астананы көшіргелі бері қалада жаңадан үлкен қазақ драмтеатрын тұрғызуды армандағанын жеткізді.
2020–2021 жылдары эксклюзив сұхбаттар негізінде көпсериялы деректі фильм «Штрихи к портрету» циклі жарық көрді. Фильм Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қайраткерлігіне арналған.
2021 жылы Назарбаевтың өмірі туралы «Қазақ: алтын адамның тарихы» деректі фильмі жарыққа шықты. Режиссері Оливер Стоун және Игорь Лопатёнок.[69]
Нұрсұлтан Назарбаев Сара Алпысқызы Назарбаеваға үйленген. Олардың үш қыз баласы бар: Дариға, Динара мен Әлия. Әлия бастапқыда Айдар Ақаевқа үйленген еді. Ақаевтың Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың ұлы болғандығынан екі Орталық Азия мемлекет басшылары бір кезде құдалар еді.[70] 2020 жылғы 16 тамызда Назарбаевтың 29 жастағы немересі Айсұлтан қайтыс болды. Ресми деректерде өлімі Лондонда жүрек талмасынан орын алды, алайда бұдан бұрын ол әлеуметтік желілерде өзін Назарбаевтың ұлы деп атады да, өміріне төнген қауіп жайлы жазатын.[71] Ол сондай-ақ атасының серіктестерін қастандық пен айла-амал жасады деп айыптады.[72]
Назарбаевтың екі інісі, Сатыбалды (1947–1981)[73] мен Болат (1953–2023)[74] және қарындасы Әнипа бар.[75]
2020 жылғы 18 маусымда Назарбаевтың COVID-19 ауруымен шалдыққаны хабарланды; баспасөз хатшысы Назарбаевтың енді уақытша өз-өзін оқшаулағанын және қашықтан жұмыс істейтінін мәлімдеді.[76] 2020 жылғы 3 шілдеде Назарбаев сауығып, вирусты жұқтырғанынан үш апта өткенде «аяғына тұрды».[77] Кейінірек Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде өзінің ауруын есіне алып, «бір топ ресейлік дәрігерлер он күн бойы жанымда болды. Бұл менің жазылуымда шешуші болды» деді.[78]
2021 жылғы қазандағы сұхбатында Назарбаев 2011 жылы омыртқасының ауруға шалдыққанын, бұл ауру концертке барған кезде байқалғанын, нәтижесінде оны залдан мұқият шығарып салып, соңында омыртқасына ота жасалғанын айтты. Ақырында президенттіктен бас тартуына әсер еткен нәрселердің бірі осы болды.[79]
2023 жылғы қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына жатқызылды. 2023 жылғы 20 қаңтарда жүрекке операция жасалды, ол сәтті өтті.[80]
Назарбаев қазақ[81] және орыс[82] тілдерін меңгерген. Ағылшынша кішкене білетіндей көрінеді.[83]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.