«Халық қаһарманы» атағы – Қазақстан Республикасындағы «Алтын Қыран» ордені және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен бірге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі. «Халық қаһарманы» атағы Қазақстан Республикасына сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi.
Quick Facts Халық қаһарманы, Hero of Kazakhstan Ортаққорда ...
Close
«Халық қаhарманы» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады.
Жоғары ерекшелік белгісі «Халық қаһарманы» атағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» 1993 жылғы 1 сәуiрдегi № 2069-ХІІ Заңымен бекітілген және Қазақстан Республикасына сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi.
1995 жылғы 12 желтоқсанда жаңа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» № 2676 Заңы қабылданып, бұрынғы нормотивтік-құқықтық актінің күшін жойып, бұрынғы заңмен бекітілген мемлекеттік наградалар қатарына жаңалары қосылды. Ең жоғары ерекшелік белгісі «Халық қаһарманы» атағымен бірге, «Алтын Қыран» ордені белгіленді. «Халық қаhарманы» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi Алтын жұлдызбен бірге «Отан» ордені тапсырылатын болды.
1999 жылы Алтын Жұлдызға өзгерістер енгізілді.
2008 жылғы 1 желтоқсанда ең жоғары ерекшелік белгілері қатарына «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы қосылды.
Ағымда 36 адам марапатталған, соның ішінде:
- Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов — армия генералы, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (1994 жылғы 24 мамыр);
- Ахат Сәлемхатұлы Күленов - «Өскемен қорғасын мырыш комбинаты» акционерлік қоғамының президенті (1994 жылғы 15 қазан);
- Христенко Александр Федорович - Қарағанды облысы Тельман ауданындағы кеңшар-институттың бас директоры (1994 жылғы 15 қазан);
- Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — Қазақстанның 1-ші ғарышкер-ұшқышы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ұлт қауіпсіздігі және қорғаныс жөніндегі комитетінің төрағасы (1995 жылғы 12 қаңтар);
- Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев — Қазақстанның 2-ші ғарышкер-ұшқышы, Ю.Гагарин атындағы Ғарышкерлер даярлау орталығының ғарышкер-сынаушысы (1995 жылғы 12 қаңтар);
- Маленченко Юрий Иванович - Қазақстанның 3-ші ғарышкер-ұшқышы, Ю.Гагарин атындағы Ғарышкерлер даярлау орталығының ғарышкер-сынаушысы (1995 жылғы 12 қаңтар);
- Қасым Қайсенов — жазушы, 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысының ардагері (1995 жылғы 24 сәуір);
- Кулаков Алексей Карпович - зейнеткер, 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысының ардагері, Қарағанды облысының Осакаров ауданы (1995 жылғы 24 сәуір);
- Таипов Мурдин - зейнеткер, 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысының ардагері,, Алматы облысының Ұйғыр ауданы (1995 жылғы 24 сәуір);
- Мұхтар Әлиұлы Әлиев - А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының директоры (1995 жылғы 29 желтоқсан);
- Аким Иванович Атмачиди - «Семей» қаржы-өнеркәсіп тобының президенті (1995 жылғы 29 желтоқсан);
- Шапық Шөкіұлы Шөкин - академик (1996 жылғы 7 маусым);
- Роза Тәжібайқызы Бағланова — КСРО халық әртісі (1996 жылғы 9 желтоқсан);
- Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков — 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы, Алматы сәулет-құрылыс институтының бұрынғы студенті (1996 жылғы 9 желтоқсан);
- Бақтыораз Бейсекбаев - кіші сержант, 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысушы, марқұм (1998 жылғы 6 мамыр);
- Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев — композитор, дирижер, дәулескер домбырашы (1998 жылғы 24 тамыз);
- Рақымжан Қошқарбаев - Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тігуші, марқұм (1999 жылғы 7 мамыр);
- Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов — Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі (2000 жылғы 24 қазан);
- Хиуаз Қайырқызы Доспанова — еңбек ардагері, 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысының қатысушы (2004 жылғы 7 желтоқсан);
- Қалмырза Мәулен Реметұлы - 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысының қатысушы (2005 жыл);
- Капорин Александр Емельянович - 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысының қатысушы (2005 жыл);
- Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, армия генералы (2006 жылғы 6 мамыр);
- Азамат Тілеуханұлы Жұмәділов - 55078 әскери бөлімінің денешынықтыру дайындығы және спорт бастығы, аға лейтенант (2007 жылғы 7 желтоқсан);
- Бақытжан Ертайұлы Ертаев - Қазақстан Қарулы Күштері Штабтары бастықтары комитеті төрағасының орынбасары, генерал-лейтенант (2008 жылғы 5 желтоқсан);
- Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов - Жамбыл облысы ішкі істер департаменті жол полициясы жеке батальонының взвод командирі (марқұм) (2011 жылғы 5 желтоқсан);
- Айдын Ақанұлы Айымбетов - Қазақстан Республикасының ғарышкері (2015 жылғы 14 қазан);
- Родин Дмитрий Олегович - «Fokker-100» әуе кемесінің командирі, Алматы қаласы (2016 жылғы 3 мамыр);
- Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы - Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы – 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары (2016 жылғы 3 мамыр);
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы (2019 жылғы 20 наурыз);
- Мейіржан Қақпасынұлы Айманов - Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары (марқұм) (2021 жылғы 29 тамыз);
- Төлеуғали Насырханұлы Әбдібеков - 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені (марқұм) (2022 жылғы 5 мамыр);
- Несмиянов Александр Александрович – 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі (марқұм) (2022 жылғы 5 мамыр);
- Ыбырайым Сүлейменов - 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы (марқұм) (2022 жылғы 5 мамыр);
- Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов - ішкі істер органының ардагері, генерал-полковник, Астана қаласы (2022 жылғы 14 қазан);
- Қаймолдин Әбдіғали - 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысының қатысушы (2023 жылғы 5 мамыр);
- Гапич Иван Степанович - 1941—1945 жж. Ұлы Отан соғысының ардагері, Жеңіс парадына қатысушы (2023 жылғы 5 мамыр).