1952 жылы Алматы хореография училищесін, 1957 жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының (қазіргі Мемлекеттік театр өнері академиясы) режиссерлік факултетін (проф. Н.И. Горчаков пен А.А. Гончаровтың мектебі бойынша) бітірді.
1957 — 1995 жылдары Қазақтың мемлекеттік академия, драма театрында режиссер, директор, Мосфильм киностудиясында стажер-режисер, Қазақфильм студиясының көркемдік жағын басқарушы, бас режисер қызметтерін атқарған.
1970 жылдан педагогикалық қызметпен шұғылданады,
1979 жылдан Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) профессоры;
1981 жылдан Қазақ театр қоғамының (қазіргі Қазақстан театр қайраткерлері одағының) төрағасы, 1996 жылдан президенті.
1999 жылдан Ақмола облысы қазақ музыкалы драма театрының (Астана қаласында) көркемдік жағын басқарады.
Мәмбетов өзінің режиссерлік өнер жолын 1957 жылы Қазақтың мемлекеттік академия драма театрында Ш.Хұсайыновтың “Ертіс жағасында” пьесасын қоюмен бастады.
Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында” (1959, осы спектакльде өзі Арыстанның рөлін орындады),
2000 жылы президент жарлығымен қазақ театр өнеріне сіңірген зор еңбектері үшін ҚР Ең жоғарғы марапаты алтын жұлдызды Халық қаһарманы атағы және ең жоғары «Отан ордені» берілді.
Бірнеше медальдар мен "Құрмет" грамоталарымен марапатталған.
Әзірбайжан Мәдиұлының жұбайы: әйгілі композитор, КСРО және Қазақстанның халық артисі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, педогог-профессор Ғазиза Ахметқызы Жұбанова (1927-1993). Бес баласы бар.
Әзірбайжан Мәдиұлының әпкесі: танымал театр актрисасы, Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі Аққағаз Мәдиқызы Мәмбетова.
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.