Педагогика (гр. 'παῖς', paіda — бала, гр. 'ἄγω', gogos — жетектеуші) — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды.[1] Ертедегі Грекия еңбекке, қол және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған.
Тарихы
Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. 12 ғасырдың басында жеке ғылым болып бөлініп шықты. Ф.Бэконның, Я.Коменскийдің еңбектерінде Педагогиканың дербестігі беки түсті. Олардың ізінше Джон Локк, Жан Жак Руссо, И.Песталоцци, И.Гербард, А.Дистерверг еңбектері жарық көрді. Орта ғасырларда жастарға білім және тәрбие беру ісі діни орындардың қолында болды. Мешіт жанынан медреселер, шіркеу жанынан приходтық, соборлық, монастырлық мектептер ашылды. Олардың бәрінде дерлік құдай заңы, төрт амалды есеп, таза жазу, еңбекке үйрету пәндері оқытылды. Кейіннен өндіріс пен сауда-саттықтың өркендеуіне орай гильдейлік мектептер ашылды, онда тауартану, заттың өзіндік құны мен сапасын анықтау, геодезия, топография сабақтары енгізілді.
Педагогика пәні, салалары
19 ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты. Олар:
- Жалпы педагогика (тәрбие, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді),
- Сәбилер мен мектепалды педагогикасы,
- Мектеп педагогикасы,
- Сурдотифло педагогика және олигофрено педагогика (есту қабілетінде бұзылысы бар, көру қабілетінде бұзылысы бар және зиятында бұзылысы бар балалардың тәрбиесі мәселелерін зерттейді),
- Жеке пән әдістері,
- Педагогика тарихы.
Жаңадан қалыптасып жатқан педагогика салалары да бар:
- Мектептану,
- Отбасы тәрбиесінің педагогикасы,
- Басқару педагогикасы,
- Ішкі істер педагогикасы.
Дербес педагогикалық пән ретінде:
- Әскери педагогика,
- Жоғары мектеп педагогикасы,
- Кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы.
Мақсаты
Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сондай-ақ Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидакт. теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырады.
Педагогикалық такт
Педагогикалық такт — оқушылармен қарым-қатынаста педагогтың өнеге құралдарын тиімді пайдалана білуі. Педагогикалық такт адамгершілік қағидасына негізделеді. Оның мәні баланың рухани дүниесіне педагогтың әсер ете білуінде. Педагогикалық тактіні жақсы меңгерген педагог қолданылған тәрбие құралының күтпеген нәтиже беретінін де ескереді. Мысалы, ұжымның ықпалы тиімді пайдаланылмаса баланың белсенділігін, бастамашылдығын дамыту құралы болудың орнына, олардың дербестігін шектеуге, достық көңілдегі әңгіме іш пыстыратын уағызға, мадақтау күдік пен сенімсіздіктің дамуына себеп болады. Педагог тәрбиеленушілермен қарым-қатынаста туындайтын қиыншылықтарды алдын-ала болжап, оны болдырмаудың жолын таба білуге тиіс.[2][3]
Вальдорфтік педагогика
Вальдорфтік педагогика - антропософия, адам туралы, оның Әлемнің рухани негізімен бірлігі туралы мистикалық оқу негізінде Р. Штейнер әзірлеген (1861-1925) оқудағы және тәрбиелеудегі ғылыми-практикалық бағыт. Вальдорфтік педагогканың мақсаты - тәрбиелеу арқылы медитацияны, музыканы, эвритмияны (Р. Штейнермен және оның сөйлеу және музыкаға қатысты дене қозғалысы өнерінің ізбасарларымен өнделген) және т.б. балаға өзіндік өмір жолын таңдауға, өзіндік қабілет, қасиеттерін ашуға көмектеседі. Қазіргі кезде әлемде 500-ге жуық вальдорфтік мектептер (олар біздің елде де ашылды) және 1000-ға жуық балабақша бар.[1]
Гуманистік педагогика
Гуманистік педагогика - XX ғасырдың 50-ші жылдарының аяғында 60-шы жылдардың басында АҚШ-та пайда болған гуманистік психология идеясының педагогикалық қайта жаңғыртуы сияқты қазіргі кездегі тәрбие теориясы мен тәжірибесіндегі бағыт. Батыстағы ең бір көзге түсер өкілдері - К. Роджерс, Р. Барт, Ч. Ратбоун және т.б. Аталған педагогикалық бағыттың негізгі тенденциясы - білімге тұлғалық-болжаулық қасиет беру, оқуда және тәрбиеде авторитаризмді игеру, оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, және дағдылардың эмоционалды реңктерде іске асыру.[1]
Белгілі педагогтар (дүниежүзіндегі)
- Конфуций (551 д.н.э - 479 д.н.э)
- Квинтилиан (35 н.э.- 96 н.э.)
- Роттердамдық Эразм (1465 - 1536)
- Ян Амос Коменский (1592 - 1670)
- Джон Локк (1632 - 1704)
- Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765)
- Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827)
- Фридрих Фрёбель (1782 - 1852)
- Адольф Дистервег (1790 - 1866)
- Николай Иванович Пирогов (1810 - 1881)
- Герберт Спенсер (1820 - 1903)
- Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871)
- Лев Николаевич Толстой (1828 - 1910)
- Георг Кершенштейнер (1854 - 1932)
- Джон Дьюи (1859 - 1952)
- Мария Монтессори (1870-1952)
- Станислав Теофилович Шацкий (1878 - 1934)
- Януш Корчак (1878-1942)
- Павел Петрович Блонский (1884 - 1941)
- Антон Семёнович Макаренко (1888 - 1939)
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.