From Wikipedia, the free encyclopedia
Медресе (араб.: مدرسة, медраса - оқу) — орта (сирек жағдайда жоғары) конфессионалдық мұсылмандық мектеп. Дін қызметкерлерін, мұсылман бастауыш мектептерінің мұғалімдерін және Таяу, Орта Шығыс, тағыда басқа елдердің мемлекеттік аппарат қызметкерлерін даярлайтын орта және жоғары мұсылман мектептері.[1]
Медресе арабтарда VII-VIII ғғ. пайда болып, Таяу және Орта Шығыс елдерінде IX-X ғғ. тарады. Ресей мемлекет құрамында өмір сүрген мұсылман халықтары үшін кей Орта Азиялық медресе білім беру дәстүрінің маңызы зор болды. Олар: Самарқандағы (848), Бұхарадағы («Медресе фарджек», Юг. 1 жартысы; «Масудия», «Хания», 1250). М. Поволжие мен Орал татарлары мен башқұрттарында, Кавказ бен Закавказье мұсылман халықтарында да болды. Медресе мақсаттары мен мазмұны және оқыту әдісі бірдей болды. Дәрісханаларда ислами ілімдер мен бағыттар тарихы, Құран Кәрімнің тарихы, астрономия, шығыс әдебиеттері, трактаттар оқытылған. Негізінде медресе ғимараттарын бай адамдар өзі қаржысына салдырған немесе халықтан жиналған қаражатқа салынған. Шолақ қорғандағы Бабата медресесі XIX ғасыр күйдірілген кірпіштен салынып, әк балшық материалынан қаланған. Бұл медресенің дәрісханасы үйдің бұрыш жағына салынып, қос күмбезделіп жабылған.[2] Медресе оқушыларды дайындау деңгейі бойынша 3-ке бөлінген:
Орта типтегі медресе оқушылар мұсылмандық құдайтануды, заңтануды, логиканы, ежелгі философиялық ілімдерді, математиканы, георафияны, араб және парсы тілдерін оқыған. Медресе арабизмның (құрамына лексикофафия, этимология, синтаксис, риторика, тарих кірген), дін оқуы мен заңтанудың философияның (логика, математика, георафия, асфаномия, медицина, жаратылыстану ғылымдары мен ойтану философиясы) толық курсы (XI-XII ғғ.) оқытылған. Оқытудың негізгі әдістері дәріс пен диспут болған. Орта типтегі медресе міндеті - мектептерге молда мұғалімдерді дайындау, мешіттерге қызметшілер дайындау болған; жоғары типтегі медресе қазыларды (билер), шариғатты түсіндірушілерді, мұсылман заңдарының білгірлерін дайындаған. Медресе өздерін рухани лауазымға арнаған жандар ғана емес, кейін мұғалім, дәрігер т.б. мамандықтарын алуды мақсат еткен түрлі дәрежелі зиялы адамдар да оқыған.[1]
Медресе тарихы Үндістандағы Дели, Калькутта, Лахор қалаларынан басталып, Ирандағы Тегеран (Рей), Исфаһан, Тебриз; Ауғанстандағы Кабул, Герат; араб шығыс әлеміндегі Бағдат, Александрия, Каир (Мысыр), Дамаск (Шам); Африкадағы (Мағриб) Алжир, Тунис, Триполиге дейін; Испанияда Кордоваға; Орта Азияда Бұхара, Самарқандқа және Қазан, Уфа, Семей, Орынборға дейін шығыс елдеріне кең тараған мұсылмандық ағарту ісімен тығыз байланысты.
Медресе үшін салынған ғимараттарда шығыс елдерінің көрікті ұлттық өрнегін қолданған, ал маңдайшаларына түрлі өсиет-өнеге, ғибрат сөздер, салғызған адамның, шеберлердің аты-жөні, іргесі қаланған жылы жазылған. Медресе ішіндегі оқу бөлімшелері құжыра, дәрісхана деп аталған. Әрбір ірі медресе де кітапханалар жұмыс істеген. Мысалы, XI ғасрдағы Бұхара медресесінде ірі кітапхана болған. Осындай ортағасырлық медреселердің зәулім ғимараттарынан мыналарды айрықша атауға болады: Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі. Мұнда кезінде медресемен бірге кітапхана да болған. Бұхара қаласындағы көне медреселерге Арслан ханның бас мешіті (XII ғасыр), 1119 — 1120 жылдары салынған Намазғақ медресесі жатады. Ірілерінің бірі — Мір Араб медресесі (1530); 1568 жылы салынған Көкілташ медресесі, мұнда 160 құжыра мен дәрісхана бар, жалпы бұл қалада жоғары, орта, бастауыш білім беретін 100 шақты медресе болған.
Самарқандта 19 медресе жұмыс істеген. Оның ішінде Ұлықбек медресесі — 1420 жылы салынған ірі медреселердің бірі. Қоқанда 37 медресе болған. Наманғанда 20 медресе., Ташкент-те 23 медресе, оның ірілері — Қожа Ахрар (1490), Барақ хан (1554) медреселері. Сырдария облысында [Сайрам (Исфиджаб), Әулиеата, Түркістан, Ақмешіт, Зеңгі Ата, тағыда басқа] 31 медресе болған. Семейде 7 медресе, оның үлкені — Ахмет Риза медресесі. Орынборда 10 медресе, олардың ішіндегі ірісі — Хұсаиния, Уфада он шақты медресе болған, ең ірісі — Ғалия (XIX ғасыр). Қазанда 50 медресе болды, оның кейбірі жоғары, орта, көбі төмен дәрежелі медресе еді. Олардың ірілері — Ахундов және Апанаев Медреселері, А.Әмірханов медресесі (1780). Бөкей ордасында, сондай-ақ Бакуде, Хиуада, Астраханда, Бақшасарайда (Қырымда) vедреселер болған.
Медреселерде дәріс беретін оқытушылар “абыз”, “ахун”, “молда”, “хазірет”, онан жоғарысы “мударрис” деп аталды. Ал оқушыларды “шәкірт”, “талиб әл-илим” (ғылым ізденуші) деп атаған. Медресе өзінің білім беру, оқу дәрежесіне қарай төрт басқышқа бөлінеді:
Ғалияны бітірген шәкіртке “абыз”, “молла”, “халфе” немесе “мударрис” деген атақ берілді. Медреседе жалпы оқу мерзімі 12 — 13 жылға созылды. Ал кейбір Медреселерге түсу үшін “техзирия” атты даярлық сынып болған. Оқу пәндері медресенің сатысына байланысты белгіленген. Жоғары білім беретін Медреселерде: араб тілі (лексика, этимология, синтаксис, шешендік өнер, тарих); дін, заңнама (Құранды, аят хадистерді түсіндіру, шариат); фәлсафа (логика, математика, география, астрономия, медицина, табиғаттану негіздері, ой талдау философиясы) оқылды. Медреселердің бағдарламасында діни оқу жағы басым болды.
Медреселерде орта ғасырда тек молла, халфе ғана емес, астроном, тарихшы, лингвистер, тағыда басқалар сабақ берген. Өйткені сол кездің өзінде — Бируни, ибн Сина, әл-Фараби, Омар Хайям, Науаи, Қашқари, Хорезми, Ұлықбек, тағыда басқа атақты ғалымдар негізгі білімді медреселерден алған. XIX ғасырдың ішінде медреселерде Шығыс әдебиетінің кейбір үлгілері оқытылды. Мысалы, Сопы Аллаяр (түрік-шағатай тілінде), парсы, араб тілдерінде Қожа Ахмет Иасауи, Қожа Хафиз, Физули, Бедел шығармаларын оқыған.
Абай оқыған Камали қазірет Медресесі діни кітаппен қатар, Фирдауси, Хафиз, Физули, Шамси, Сайхали, Науаи өлеңдерін үйреткені белгілі. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында медреселерде көне оқу жүйесін қолдайтын ағым қадимшілдікке қарсы жәдидшілдік пайда болды. Әуелде “усули жәдид” (жаңа) немесе “төте оқу” деген атпен бұл қозғалыс белгілі дәрежеде игі рөл атқарды.
Медреселердің оқу жүйесіне физика, математика, ана тілі, география, химия, тағыда басқа пәндер енгізілді. Сол кездің зиялылары Гаспралы, ұ.Тоқай, ұ.Камал, Ф.Әмірхан, М.ұафури, Мамедкулизаде, А.Байтұрсынов, А.Ақмолда, Т.Жомартбаев, С.Көбеев, С.Торайғыров, М.Қалтаев, тағыда басқа төте оқуды жақтады. Усули-жәдид үлгісі мен төте оқу жолының Қазақстанда іске асуы 1900 жылдың басынан әсіресе 1905 жылғы төңкерістен соң өріс алды. Қазақстанда жаңа әдіспен оқытатын жүздеген медреселер жұмыс істеді. Араб әрпіне алғаш рет реформа жасалды. Медресе шәкірттері түрлі қолжазба, газет, журналдар (“Садақ”, “Тарақият”, т.б.) шығарды.
Медресе Орта Азия мен Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды. Қазір мұсылман шығысы елдерінің мәдени өмірінде медресенің орны ерекше. Ислам елдерінде 20 ғ-дың 60-жылдарында оқу-ағарту жүйесін қайта құруға байланысты медреселердің екі түрі қалыптасты: оқу-ағарту жүйесіне енетін зайырлы орта, жоғары оқу орындары және діни Медресе Дүниетанымдық медреседе оқу ақысыз және бөліп оқытылады. Барлық медреселерде Құранды үйрену міндетті. Медресені бітіргендер университетке түсуге құқылы. КСРО-да орта діни білім беретін Мир Араб Медресесі жұмыс істеді. 20 ғасырдың 90-жылдарынан кейін Орталық Азия мемлекеттерінде медреселер көптеп ашыла бастады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.