Алтын Қыран ордені

ҚР жоғары дәрежелі орден From Wikipedia, the free encyclopedia

Алтын Қыран ордені

«Алтын Қыран» — Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі. Осы орденмен азаматтар Қазақстан Республикасына ерекше мемлекеттік қызметі үшін марапатталады.[1]

Quick Facts «Алтын Қыран» ордені, Orders of Golden Eagle Ортаққорда ...
«Алтын Қыран» ордені
Thumb
Thumb
Мемлекет  Қазақстан
Түрі Орден
Жағдайы беріледі
Негізделді 1995 жыл
Алғашқы иегері 27 ақпан 1997 жылы
Барынша ұсынылған 22 адам
Төменгі марапаты «Отан» ордені
Orders of Golden Eagle Ортаққорда
Close

«Алтын Қыран» орденімен марапаттауға үміткерлерді Қазақстан Президенті айқындайды.

Қазақстан Республикасының Президенті лауазымы бойынша ерекше үлгідегі «Алтын қыран» орденінің иегері атанады.

Сипаттамасы

Орденнің инсигниясы орден тізбегіндегі белгі мен жұлдыздан тұрады.

Орденнің белгісі түп жағында ою-өрнек элементімен аяқталатын алтын жиегі бар көк эмальмен қапталған, ұштары дөңгеленген, кесілген бес бұрышты жұлдыз түріндегі алтыннан жасалған. Жұлдыз сәулелерінің арасында желпуіш тәрізді штралдар бар, олардың орталық бөлігінде төрт гауһар бекітілген. Белгінің ортасында ақ алтын дәндерімен жиектелген шеңберде көк эмаль аясында алтын қыран бейнеленген. Төменде қызыл эмаль лентаның аясындағы шеңберде алтын әріптермен «АЛТЫН ҚЫРАН» деген жазу бар. Қыранның үстінде геометриялық өрнек аясында шеңбер бойымен үш лағыл тас бекітілген.

Орден белгісі Қазақстан Мемлекеттік Туының элементі – стильдендірілген қыран мен күн бейнеленген салпыншақ арқылы қос орденді церийге құлақшамен бекітіліп, Қазақстанның Елтаңбасы бейнеленген он жеті ауыспалы буыны бар қос алқамен жалғанады.

Салпыншақтың сол және оң жағында, буынның артқы жағында алқаны киімге тағуға арналған қалқалы бекітпесі бар ине орналасқан.

Орден жұлдызы үлкен және жұлдыз сәулелерін жабатын эмаль мен штралдағы гауһар тастарды қоспағанда, белгіні көзкөрім түрде қайталайды. Жұлдыздың сәулелері қырлы болып келеді.

Орден белгіленген кезде инсигния жұлдыз бен орден тізбегін қамтымады, ал орден белгісі бекіткіш пластинаның көмегімен созылып, ортасында қызыл жолағы бар Мемлекеттік Тудың түсіндегі жібек қатқыл таспасы болған фигуралық тағанға бекітілді. 1999 жылғы орден реформасының нәтижесінде марапат өзінің заманауи түрін иеленді.

Күнделікті кию үшін орден түсінің таспасынан ілінген шағын орден жұлдызы түріндегі орденнің миниатюрасы бар.

Марапатталғандар

Ағымда «Алтын Қыран» орденімен 7 тұлға марапатталған, соның ішінде:

More information Марапатталғаны, Жыл ...
Марапатталғаны Жыл Қосымша Лауазымы Дер.
Борис Ельцин 1997 Бірінші Ресей президенті
Ислам Кәрімов Бірінші Өзбекстан президенті
Леонід Кучма 1999 Екінші Украина президенті
Цзян Цзэминь Қытай Жоғарғы басшысы
II Елизабет 2000 Ұлыбритания патшайымы
Герхард Шрёдер 2003 Жетінші Германия Федералдық канцлері
Владимир Путин 2004 Екінші Ресей президенті
Хосни Мүбәрак 2008 Төртінші Мысыр президенті
Акихито Жапония императоры
Халифа әл-Нахайян 2009 БАӘ президенті
Тарья Халонен Финляндия президенті
Ли Мёң Бак Корея Республикасының президенті
Николя Саркози Франция президенті
Абдуллаһ Гүл 2012 Түркия президенті
Режеп Тайып Ердоған Түркия премьер-министрі
I Хуан Карлос 2013 Испания королі
Құрбанқұлы Бердімұхамедов 2022 Түрікменстан президенті
Салман әл-Ғазиз әл-Сауд Сауд Арабиясы королі
Ильхам Әлиев Әзербайжан президенті
Си Цзиньпин Қытай Жоғарғы басшысы
Тамим бин Хамад Әл Тани Катар әмірі [2]
Эмомали Рахмон 2023 Тәжікстан президенті [3]
Шавкат Мирзиёев 2024 Өзбекстан президенті [4]
Close

Галерея

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.