Remove ads
Қазақстан үкіметінің басшысы From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Қазақстан үкімет басшысы. Премьер-министр өкілеттіктерінің қатарына атқарушы органдардың жүйесін басқару және олардың қызметіне басшылық жасау кіреді.[1] Премьер-министр өзінің бүкіл қызметінде президенттің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламенттің алдында жауапты.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | |
Қазақстан елтаңбасы | |
Ресми резиденциясы | |
---|---|
Лауазым пайда болды |
10 желтоқсан 1991 |
Алғашқысы | |
Сайты |
Премьер-министр лауазымы 1990 жылы 20 қарашада қабылданған Заңға сәйкес Министрлер Кеңесі Төрағасы лауазымының орнына енгізілді.
Қазақ КСР-нің премьер-министрі қызметін алғаш Ұзақбай Қараманов атқарған болса, Қазақ КСР-нің соңғы премьер-министрі және тәуелсіз Қазақстанның алғашқы премьер-министрі Сергей Терещенко болды.
Премьер-Министр үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді, үкімет қаулыларына қол қояды, үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде президентке баяндап отырады және үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтерді атқарады.
Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербестікке ие, әрі өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Қазақстан премьер-министрінің алдында жеке-дара жауап береді. Премьер-министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығара алады.
Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді.
Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республиканың Президенті он күн мерзімде қарайды.
Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.
Төменде Қазақстанның 1917 жылдан бергі үкімет басшыларының тізімі берілген.
№ | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) |
Қызметі | Партиясы | Руы | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | Әлихан Бөкейханов (1866–1937) |
13 желтоқсан 1917 |
5 наурыз 1920 |
Алаш | Төре |
№ | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) |
Қызметі | Партиясы | Қосымша ақпарат | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Қырғыз өлкесі (1919–1920) | |||||||
Революциялық комитеттің төрағасы | |||||||
1 | Станислав Пестковский (1882–1937) |
шілде 1919 |
қазан 1921 |
РСДЖП | Ұлты — поляк | ||
2 | Виктор Радус-Зенькович (1877–1967) |
15 қыркүйек 1920 |
4 қазан 1920 |
РСДЖП | Ұлты — поляк | ||
Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1920–1925) | |||||||
Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы | |||||||
1 | Виктор Радус-Зенькович (1877–1967) |
12 қазан 1920 |
қазан 1921 |
РСДЖП | Ұлты — поляк | ||
2 | Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев (1887–1938) |
қазан 1921 |
қыркүйек 1922 |
РКП(б) | Жетіру, Кердері | ||
3 | Сәкен Сейфуллин (1894–1938) |
қыркүйек 1922 |
қазан 1924 |
РКП(б) | Арғын, Қуандық | ||
4 | Сәкен Сейфуллин (1895–1937) |
қазан 1924 |
19 ақпан 1925 |
РКП(б) | Арғын, Қуандық | ||
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925–1936) | |||||||
Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы | |||||||
1 | Сәкен Сейфуллин (1895–1937) |
19 ақпан 1925 |
мамыр 1928 |
РКП(б) | Арғын, Қуандық | ||
2 | Ораз Исаев (1899–1938) |
мамыр 1928 |
5 желтоқсан 1936 |
БК(б)П | Байұлы, Байбақты, Қынық, Байжиен | ||
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (1936–1991) | |||||||
Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы | |||||||
1 | Ораз Исаев (1899–1938) |
5 желтоқсан 1936 |
қыркүйек 1937 |
БК(б)П | Байұлы, Байбақты, Қынық, Байжиен | ||
2 | Ыбрайым Тәжиев (1904–1960) |
қыркүйек 1937 |
17 шілде 1938 |
БК(б)П | Қоңырат | ||
3 | Нұртас Оңдасынов (1904–1989) |
17 шілде 1938 |
15 наурыз 1946 |
БК(б)П | Қоңырат, Жетімдер руы | ||
Министрлер Кеңесінің төрағасы | |||||||
1 | Нұртас Оңдасынов (1904–1989) |
15 наурыз 1946 |
24 наурыз 1954 |
БК(б)П | Қоңырат, Жетімдер руы | ||
2 | Елубай Тайбеков (1901–1991) |
24 наурыз 1954 |
31 наурыз 1955 |
КОКП | Арғын, Қуандық, Темеш | ||
3 | Дінмұхамед Қонаев (1912–1993) |
31 наурыз 1955 |
20 қаңтар 1960 |
КОКП | Ысты, Ойық | ||
4 | Жұмабек Тәшенов (1915–1986) |
20 қаңтар 1960 |
6 қаңтар 1961 |
КОКП | Арғын, Қуандық, Қареке | ||
5 | Сәлкен Дәуленов (1907–1984) |
6 қаңтар 1961 |
13 қыркүйек 1962 |
КОКП | Әлімұлы, Кете, Қара кете | ||
6 | Мәсімхан Бейсебаев (1908–1987) |
13 қыркүйек 1962 |
26 желтоқсан 1962 |
КОКП | Дулат, Ботпай, Қоралас | ||
(3) | Дінмұхамед Қонаев (1912–1993) |
26 желтоқсан 1962 |
7 желтоқсан 1964 |
КОКП | Ысты, Ойық | ||
(6) | Мәсімхан Бейсебаев (1908–1987) |
7 желтоқсан 1964 |
31 наурыз 1970 |
КОКП | Дулат, Ботпай, Қоралас | ||
7 | Бәйкен Әшімов (1917–2010) |
31 наурыз 1970 |
22 наурыз 1984 |
КОКП | Арғын, Атығай, Құдайберді | ||
8 | Нұрсұлтан Назарбаев (1940 туған) |
22 наурыз 1984 |
27 шілде 1989 |
КОКП | Шапырашты, Есқожа | ||
8 | Ұзақбай Қараманов (1937–2017) |
27 шілде 1989 |
20 қараша 1990 |
КОКП | Әлімұлы, Шекті | ||
Премьер-министр | |||||||
1 | Ұзақбай Қараманов (1937–2017) |
20 қараша 1990 |
14 қазан 1991 |
КОКП | Әлімұлы, Шекті | ||
2 | Сергей Терещенко (1951–2023) |
16 қазан 1991 |
10 желтоқсан 1991 |
КОКП | Ұлты — украин |
Премьер-министр міндетін атқарушы
№ | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) |
Қызметі | Партиясы | Президенті | Үкіметі | Руы | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | Сергей Терещенко (1951–2023) |
10 желтоқсан 1991 |
11 қазан 1994 |
Партиясыз | Нұрсұлтан Назарбаев (1991–2019) |
Терещенко | Ұлты — украин | ||
2 | Әкежан Қажыгелдин (1952 туған) |
12 қазан 1994 |
10 қазан 1997 |
Халық бірлігі | Қажыгелдин | Уақ, Шоға | |||
3 | Нұрлан Балғымбаев (1947–2015) |
10 қазан 1997 |
1 қазан 1999 |
Халық бірлігі | Балғымбаев | Байұлы, Ысық | |||
4 | Қасым-Жомарт Тоқаев (1953 туған) |
12 қазан 1999 |
28 қаңтар 2002 |
Нұр Отан | Тоқаев | Жалайыр, Күшік | |||
5 | Иманғали Тасмағамбетов (1956 туған) |
28 қаңтар 2002 |
11 маусым 2003 |
Нұр Отан | Тасмағамбетов | Байұлы, Жаппас | |||
6 | Даниал Ахметов (1954 туған) |
13 маусым 2003 |
8 қаңтар 2007 |
Нұр Отан | Даниал Ахметов | Арғын, Қанжығалы | |||
7 | Кәрім Мәсімов (1965 туған) |
10 қаңтар 2007 |
24 қыркүйек 2012 |
Нұр Отан | I Мәсімов | Ұлты — ұйғыр[2] | |||
8 | Серік Ахметов (1958 туған) |
24 қыркүйек 2012 |
2 сәуір 2014 |
Нұр Отан | Серік Ахметов | Арғын, Қуандық | |||
(7) | Кәрім Мәсімов (1965 туған) |
2 сәуір 2014 |
8 қыркүйек 2016 |
Нұр Отан | II Мәсімов | Ұлты — ұйғыр[2] | |||
– | Бақытжан Сағынтаев (1963 туған) |
8 қыркүйек 2016 |
9 қыркүйек 2016 |
Нұр Отан | – | Ошақты | |||
9 | 9 қыркүйек 2016 |
21 ақпан 2019 |
Сағынтаев | ||||||
– | Асқар Мамин (1965 туған) |
21 ақпан 2019 |
25 ақпан 2019 |
Нұр Отан | – | Арғын, Қанжығалы | |||
10 | 25 ақпан 2019 |
5 қаңтар 2022 |
I Мамин | ||||||
Қасым-Жомарт Тоқаев (2019–) |
II Мамин | ||||||||
– | Әлихан Смайылов (1972 туған) |
5 қаңтар 2022 |
11 қаңтар 2022 |
Аманат | – | Қаңлы, Қара қаңлы | |||
11 | 11 қаңтар 2022 |
5 ақпан 2024 |
I Смайылов | ||||||
II Смайылов | |||||||||
– | Роман Скляр (1971 туған) |
5 ақпан 2024 |
6 ақпан 2024 |
Аманат | – | Ұлты — украин[3][4] | |||
12 | Олжас Бектенов (1980 туған) |
6 ақпан 2024 |
— | белгісіз | Бектенов | белгісіз |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.