From Wikipedia, the free encyclopedia
Шерубай-Нұра болысы (1875 жылғы 29 тамызына дейін Қареке-Алтай болысы[1]) — Ақмола облысы Ақмола уезіндегі қазақ болысы.
Болыс 183? жылы құрылды. Болыстан 1901 жылы Бұғылы болысы бөлінді. Болыс 1923 жылы Қарағанды болысына қосылды. Болыс қыстаулары Нұре өзенінде болды, жайлауылары Есіл, Құндызды және Көкбекті өзендері бойында[2].
Шекарасы Үсен өзенінің Нұра өзеніне құйған тұсынан жоғары Үсен өзенінің сол жағымен Қозыбақ бастауы мен Нұрбақтың ескі арнасының бөлінген жерімен, Қужалөзенінің Сарысу өзеніне құйған тұсымен Үңірек шоқысына дейін, Өртеңжал шоқыларымен Сары адыр, Сарыкөл мекені, Қойтас, Айнабұлақ, Қуөзек, Нұра өзені жанындағы Қонақпай бейтімен өтеді
1865 жылы 3966 адам болды. 1898 жылы 11798 адам болды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.