From Wikipedia, the free encyclopedia
Атығай — қазақ халқының құрамындағы ру.
Шежіре бойынша, Орта жүздегі Арғын тайпасынан таратылады. Он екі Дәуіт ата Атығай, Атығай-Қарауыл деп те аталады. “Ақтабан шұбырындыда” Сыр бойынан ығысып, Көкшетау, Қызылжар, Омбы өңіріне келіп орын тепкен. Қызылжар (Петропавл) бекінісі салынған (1755) жерде бұрын Атығай руынан Дәулетбек байдың (Даңқойдың) ауылы отырған. Ш. Уәлиханов Абылай ханның тұтқын қырғыздарды Атығайдың арасына қоныстандырған соң олар Атығайға Байқырғыз, Жаңақырғыз, Сару, Құсшы қырғыз атасы болып сіңісіп кеткенін жазады.
Шежіре деректері бойынша Атығайдан:
«Есім хан қалмақтармен жауласып тұрған шақта,қол астына ағайынды қос жетім 15 жасар Атығай мен 12 жасар Бағыс өмір сүріпті. Бір күні Атығай басқаларға еріп,қалмақтарға қарсы жорыққа шығады. Ол жаумен шайқасқанда өзінің ептілігімен, батырлығымен көзге түседі. Ақ боз атқа мінген Атығай, қолына егеулі найза іліп алып, Атығайлап ұран тастап жаудың ортасына бұзып-жарып кіреді. Кірген беттен жаудың туын ұстап тұрған батырды шауып түсіреді. Қалмақтар желбіреп тұрған туының құлағанын көріп кейін шегінеді. Атығайдың ерлігіне риза болған Есім хан оны ордасына шақырып алып, батасын береді және Дәуіттен тараған 12 ру, бұдан былай Атығай аталсын деп бұйырады.» Міне, осылай Атығай руы төрт жүз жыл өз атын сақтап келеді. Аңыз мазмұнынан Дәуіт бабамыздың өзі мен ұрпақтарының Атығайдан бұрын болғанын, Атығай деп Дәуіттің ұрпағына берілген атау екендігін аңғарамыз. Бұл аңыз-дерек «Қазақ ру-тайпалар тарихы» атты кітаптың тоғызыншы томының «Арғын» атты үш кітаптан тұратын топтаманың үшіншісіне енгізілген. Оны 1898 жылы ел аузынан қазақ халқының аяулы перзенті Әлихан Бөкейханұлы жазып алған көрінеді. Әлихан Бөкейханов өз тарапынан мынадай қорытынды жасайды:«Аңызға қарағанда, тайпаның негізін салушы Атығайдың өзі емес, Атығай бар болғаны бірнеше (12) рулардың жиынтық атауы болғанын көруге болады. Ол руларға:
1.Баба.
2.Бағыс.
3.Майлы.
4.Балта.
5.Бабасан.
6.Құдайберді-Бәйімбет.
7.Сүйіндік-Қара.
8.Ақ-киік.
9.Қойлы Атығай.
10.Құлансу.
11.Қадыр.
12.Атығай.
Атығайдың өз кіндігінен Баулық, Матай, Шаға, Жауғашар атты 4 бала»,- деп ойын түйіндейді. Логика заңдылығына сәйкес жоғарғы аңызға сәйкес келетін кезеңде Атығай руына тек Дәуіт атамыздың балалары ғана жатады. Сол кезде, яғни Есімхан заманында Дәуіттің қай балалары өмір кешіп жатқанын анықтау керек. Дәуіттің сол кезде өмір сүрген балалары: Қалқаш батыр, Есенаман, Игісәт, Сүгір, Назар, Бабасан, Тоғанас, Ысты, Қара батыр, Сасық. Бүгінгі таңда Атығай 12 ата болып таратылса, жоғарыда көрсетілген кезеңде аталар саны он болған. Ал егер Атығай мен Бағысты жаңа құрылған руға қосып есептесек онда он екі шығады. Уақыт өте Атығай ру құрамы өзгеріске ұшырап отырған. Мысалы, қазіргі кезде 12 ата Атығайға Дәуіттің немерелерінің есімдерімен байланысты рулардан құралғандығын байқаймыз. Солардың екеуі Құдайберді мен Бәйімбет. Ал олар Қалқаш батырдың екі баласы. Ал Атығай, Бағыс, Баба болса Есенаман балалары. Атығайды Сарысопыдан тарату шежіре үлгілерінің басым көпшілігінде кездеседі. Бұл пікірді алғаш айтып қана қоймай зерттеген Г.Потанин. Атығайды Арғын тайпалық одағына жататын Момыннан тарайтын Сарысопыдан өрбітіп және оның 12 рулы Дәуіт-Атығай деп аталатындығын да айтып өтеді. Сонымен бірге Г.Потанин Атығай тайпасының ұраны - Ошпай дейді. Атығай тайпасы болып 17 ғасырдан бастап аталсақ одан бұрын қалай аталғанымыз, қай ру-тайпаның құрамында болғанымыз сұрақ күйінде қалады. Қазақ Совет Энциклопедиясында қазақ шежіресіне қатысты мақалада Арғынның өсіп-өнуі былай сипатталады: Арғынның бірінші бәйбішесі Ергүлден - Мейрам, оның балалары Қуандық, Сүйіндік, Бегіндік, Шегіндік, Каракесек /бес Мейрам/. Қыздан туған жиені Тарақты Арғынның «Ноқта ағасы» саналады. Екінші бәйбішесі Момыннан төртеу: 1.Ақсопы, одан Қанжығалы, Тобықты; 2.Қарасопы, одан Бәсентиін, Қарауыл; 3.Сарысопы, одан Атығай, 4.Тәнбісопы, одан Сарыжетім, Шақпақ. Момыннан тараған бұл ұрпақ: Атығай, Бәсентиін, Қарауыл, Қанжығалы, Тобықты, Шақшақ, Сарыжетім - қазақта бұл жетеуі - Желкілдеген Жеті Момын деп аталады. Одан әрі энциклопедияда, ғылыми жағынан көзге ерекше түсетін жай Арғын тайпасының елдік төл аты ежелгі заманда жасаған Ғұн елінің атын еске түсіреді деп ой салады. Атығайға он екі арыс Құдайберді, Бәйімбет, Баба, Моныс, Бабасан, Бағыс, Ақкиік, Құлансу, Қойлы, Есентанырақ, Майлыбалта, Жауғаш елдері кіреді деп те осында көрсетілген. М.Тынышпаевтың зерттеуінде Атығай тайпасы Момыннан тарайтындығы, ал ол өз ішінде 12 атадан тұратындығы көрсетіледі. Оларға: Баба, Бағыс, Бабасан, Сүйіндік, Бәйімбет, Қойлы, Атығай, Құдайберді, Құлансу, Ақкиік, Қара, Майлы, Балтаны жатқызады. «Атығай» этнонимінің шығу тегі туралы деректерді талдай келе, Ә.Бөкейхановтың жазып алған аңыздың шындыққа бір табан жақын екені анықталып, көзге түседі. Біріншіден, Атығай этнонимі жеке дара адам есіміне байланысты шыққан және ол 17 ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға. Екіншіден, тайпаның жаугершілік заманда қолданатын бірнеше ұраны болған. Бүкіл Арғын ұлысына ортақ ұран - «Ақжол» басты ұран болса, соғыс кезінде атығайлықтар біресе «Атығай», енді бірде «Ошыбай» ұранымен шайқасқан. Үшіншіден, Атығай тайпасы Дәуіттен тарайтын 12 рудың негізінде құрылған. Оларға: 1.Баба. 2.Бағыс. 3.Ақкиік. 4.Қойлы. 5.Құлансу. 6.Құдайберді. 7.Бабасан. 8.Майлы. 9.Балта. 10.Қадыр 11.Бәйімбет. 12.Атығай рулары жатады.([1]). Қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқановтың баласы М.С.Мұқановтың орысша 1974 жылы Алматы баспасынан шыққан «Расселение казахского народа и племенной состав Среднего жуза» кітабында Атығайды Дәуіттің Тоғым бәйбішесінен және Бегім тоқалынан таратып екіге бөледі. Бегім бірлестігіне: Есенаман, Игісай, Қалқаш. Есеманнан Баба, Бағыс; Игісайдан Ақкиік, Қойлы Атығай; Қалқаштан Құдайберді мен Бәйімбетті таратады. Сонымен Атығай тайпасын құрайтын Бегім рулар бірлестігіне: Баба, Бағыс, Атығай, Қойлы, Ақкиік, Құлансу, Құдайберді, Бәйімбет рулары жатады делінеді. Тоғым бірлестігіне: Бабасан, Майлы, Балта, Қадыр. Көрсетілген кітапқа сәйкес біздің шежіре кестеміз: Сарысопы - Елемес - Дәуіт - Қалқаш болып келеді, бірақ әлі төменде баяндалатындай атығайлық екі білгір ақындар Тоғжан мен Қожахмет, екеуі де Атығай руының өкілдері ретінде Сарысопыдан Үсенбай, Үсенбайдан 12 ата Дәуіт туған дейді. Машһұр Жүсіп Көбеев те Сары сұпыдан Үсенбай, одан 12 ата Дәуіт-Атығай туған деп жазып кеткен. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін ажырату қиын, дегенмен Мәшһұр Жүсіп пен екі ақындікі шындыққа жанасады, солардыкі дұрыс деуге негіз бар. Қазақ ру-тайпаларының тарихында Атығайдың кіндігінен Баулық, Матай, Шаға, Жауғашар туған делінеді. Ендеше Атығай Дәуіт баласы, керісінше болуы мүлде мүмкін емес.
Атығай руының тарихи тұлғалары: Қадір: Сары: Елтоқ: |
Бабасан:
Бәйімбет: Шаға: |
Құдайберді: Бағыс: |
Жәпек батыр, Андықожа батыр, Жандос, Аллақұшақ, Аңғал батыр, қазіргі көзі тірілерден Көкшетаулық көрнекті ақын-журналист Алмас Қажыбайұлы Темірбай т.б.
Бабасан (N=16) тармағының Y-ДНК гаплогруппасы R1a1a (N=15) және C3-M217 (N=1). Баба (N=1), Бағыс (N=1), Құдайберді (N=1) және Жанатай (N=1) тармағының Y-ДНК гаплогруппасы G1a[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.