Remove ads
Инженер-металлург, саясаткер, Қазақ КСР-ның аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері From Wikipedia, the free encyclopedia
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (12 қаңтар 1912 жыл, Верный – 22 тамыз 1993 жыл, Алматы) — кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.[1] Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960–1962 және 1964–1986) және КОКП ОК саяси бюросының мүшесі (1971–1987) лауазымдарының иегері.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев | |||
| |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
31 наурыз 1955 — 29 қаңтар 1960 | |||
Ізашары | Елубай Тайбеков | ||
Ізбасары | Жұмабек Тәшенов | ||
| |||
19 қаңтар 1960 жыл — 26 желтоқсан 1962 жыл | |||
Ізашары | Николай Беляев | ||
Ізбасары | Ысмайыл Юсупов | ||
| |||
26 желтоқсан 1962 жыл — 7 желтоқсан 1964 жыл | |||
Ізашары | Мәсімхан Бейсебаев | ||
Ізбасары | Мәсімхан Бейсебаев | ||
| |||
7 желтоқсан 1964 жыл — 16 желтоқсан 1986 жыл | |||
Ізашары | Ысмайыл Юсупов | ||
Ізбасары | Геннадий Колбин | ||
Өмірбаяны | |||
Партиясы | КОКП | ||
Білімі | Мәскеу түсті металдар мен алтын институты | ||
Мамандығы | тау-кен инженері | ||
Дүниеге келуі | 12 қаңтар 1912 Верный, Жетісу облысы, Ресей империясы | ||
Қайтыс болуы | 22 тамыз 1993 (81 жас) Ақши, Алакөл ауданы, Алматы облысы, Қазақстан | ||
Жерленді | Кеңсай зираты | ||
Әкесі | Меңліахмет Жұмабайұлы Қонаев (1886—1976) | ||
Анасы | Зәуре Баирқызы Қонаева (1888—1973) | ||
Жұбайы | Зухра Шариповна Ялымова (1918–1990) | ||
Балалары | жоқ | ||
Марапаттары | |||
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Ортаққорда | |||
өңдеу |
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Ысты тайпасының Ойық руынан шыққан.[2]
Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары – Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
Қазақ КСР басқаруы кезінде Қонаев жергілікті кадрларды белсенді түрде насихаттап, оларды алға жылжытуға, өсіруге ұмтылды. Атап айтқанда, ол үкіметтің басшысы қызметіне Нұрсұлтан Назарбаевты ұсынды. Орталық комитет мүшелерімен бейресми кездесулердің бірінде ол былай деді:[3]
Сендердің ешқайсыларың да республиканың келесі басшысы бола алмайсыңдар. Бұл сөзіме ренжімеңдер! Тек Нұрсұлтан Назарбаевта ғана менің мұрагерім болуға әжептәуір мүмкіндіг бар. Ол айтарлықтай жас әрі айтарлықтай дарынды.
Алайда, кейіннен Қонаев пен Назарбаев республиканы басқаруға қатысты әртүрлі көзқарастарға ие болды. Назарбаевтың естеліктеріне сәйкес, бұл қақтығыс 1986 жылы ақпанда Қонаевтың басшылығымен өткен Қазақстан Компартиясының XVI съезінде шарықтау шегіне жетті. Бейресми түрде белгіленген тәртіп бойынша партиялық съездерде 2 баяндама жасалды. Біріншісі — республикалық партия ұйымы басшысының есепті баяндамасы, екіншісі - Үкімет төрағасының қосымша баяндамасы. Сол съезде Назарбаевтың баяндамасы сынға, атап айтқанда, өндіріс көлемі мен еңбек өнімділігінің өсу қарқынына, салынған жаңа объектілердің залалдылығына, құрылыста бюджеттің игерілмеуіне, ауыл шаруашылығындағы сәтсіздіктерге негізделген болатын. Баяндамада Қазақ КСР Ғылым Академиясын басқарған Қонаевтың ағасы Асқар да сынға алынды. Осыдан кейін Қонаев Михаил Горбачёвке Назарбаевты Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметінен босату және сыртқы істер министрлігінің желісі бойынша шетелдік жұмысқа ауыстыру туралы ұсыныспен келді. Бірақ Горбачёв Қонаевтың атына Қазақстаннан көптеген шағымдар түскенін, Орталық комитеттің хатшылары бірінші хатшының жұмысына қанағаттанбағанын айтты. Сонда Қонаев: «Қажет емес. Өзім кетемін» деп жауап қайтқан екен.[3]
Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.
1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.
Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.
Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.
Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.
Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.
Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Тараз және Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.
Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.