Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Академик – құрметті ғылыми атақ. Бұрынғы КСРО ҒА-сы мен одақтас республикалар ҒА-ларының және кейбір салалық академиялардың (Бүкілодақтық ауыл шаруашылығының ҒА-сы, КСРО Медицина ҒА-сы, КСРО Педагогика ҒА-сы, т.б.) толық мүшелері тиісті академияның Академигі деп аталды. Академияның толық мүшелігіне кандидаттарды ғылыми мекемелер, қоғамдық ұйымдар мен ғылыми қызметкерлер ұсынады да, олар академияның жалпы жиналысында сайланады. Республикада 1946 ж. Қазақстан ҒА-сының ұйымдастырылуымен байланысты оның толық мүшесі, яғни Академик болып ғылым салаларынан 14 ғалым (Қ.И.Сәтбаев, М.О.Әуезов, Ә.Бектұров, И.Г.Галузо, М.И.Горяев, А.Қ.Жұбанов, т.б.), ал 16 ғалым корр. мүшелері (Х.К.Аветисян, А.В.Бричкин, А.Ж.Машанов, К.М.Мыңбаев, т.б.) болып сайланды. 20 ғасырдың 90-жылдары салалық ғылыми академиялары (ҚР Инженер ғылыми академиясы, Жаратылыстану, т.б.) өмірге келуімен орай олардың да Академигі және корр. мүшелері сайлана бастады. Ғылыми академиясында Құрметті Академик және шетелдік мүше деген атақтар да бар. Академик атағы көптеген шет ел академияларында да қолданылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.