From Wikipedia, the free encyclopedia
Академия — ғылыми қоғамдардың, мекемелердің, оқу орындарының атауы. "Академия" сөзі гректің Akademos деген мифтік батырының атынан шыққан. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда Афины маңындағы "қасиетті бақ" сол батырдың атымен аталып, онда Платон өз шәкірттеріне лекция оқыған. Ғылыми мекемелерде, оқу орындарында "академия" атауы содан бері қолданылып келеді. Эллинизм дәуірінде академия типіне жақын ғылыми қоғамдар пайда болды (мысалы, Александрия мусейоны, Біздің заманымыздан бұрын 3 ғасыр). Орта ғасырлық шығыста Бағдадтағы "Ғалымдар үйі" ("Байту-л-хикма-академия", 9 ғасыр), Хорезмдегі "Маъмун академиясы" (11-ғасырдың басы), Мараға обсерваторияларындағы (13 ғасыр), Самарқандағы (15 ғасыр) ғылыми қоғамдар алғашқы академиялық орталықтар іспетті болды. Еуропада (15-16 ғасырлар) Италияның әртүрлі гуманитарлық ғылыми қоғамдары академия деп аталды. Ғылыми орталық ретіндегі академиялар 17 ғасырдан бастап Лондонда (1660), Парижде (1666), Берлинде (1700) құрылды. Ресейде ҒА-сы 1725 жылы ашылды. Қазақстанда 1946 жылы құрылды. Қазақстанда бірнеше салалық академиялар (Ауыл шаруашылық Ғылым Академиясы, Медициналық Ғылым Академиясы, Көлік және коммуникация Академиясы Педагогикалық Ғылым Академиясы, Көркемсурет, Гуманитарлық Ғылым Академиясы, Жоғары әскери Академиясы т.б.) бар.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.