Кент
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кент[1] – шағын мекен-жай немесе соқпалы қабырғалармен қоршалған көгалды аймақтағы қала. “ Кент” ежелгі түркі сөзі. Алғашқыда үй-жай салып, топтасып өмір сүретін мекен ұғымын білдірген. Ежелгі шағын қалалар мен елді мекеннің көбі “ Кент ” аталған. Бірте-бірте қала сөзімен ауысқан. Бірақ күні бүгінге дейін тілімізде қолданыстан қалмаған. Мысалы, Жаркент – жардың жағасындағы кент, яғни елді мекен деген сөз.
Кент салу – отырықшылықтың алғашқы сатысы болды. Ежелгі түркілер (V – XI ғасырлар) осындай тұрғындарын ятук (жатақ), яғни “отырықшы” немесе балықдақтар деп атаған. Түркілер қала мағынасында кент сөзімен қатар балық сөзін де қолданған кезеңдері болған. Мыс., Бесбалық, Ханбалық атаулары осыны айғақтайды.Кент керуен жолдары бойына орналасқан жағдайда оның тұрғындары өтпелі саудамен де айналысты. Қазіргі қазақ тілінде 1994 жылдан “ Кент ” сөзі бұрынғы қала типтес поселке сөзінің баламасы ретінде қолданылады.[1]
Кент[2] (Поселок) — қалалық елді мекендердің санатындағы елді мекен (термин Қазақстанда 1997 жылы енгізілді). Әдетте Кент өнеркәсіптік, көліктік, әкімшілік, ғылыми, курорттық және т.б. міндеттерді атқарады. Бірақ қазіргі даму деңгейі жағдайында оның бұл атқарымдары қалаға айналуына жеткіліксіз. Сондықтан Кент ауылдан қалаға дейінгі аралық елді мекен болып табылады. Алайда Кенттің халқы қала халқына жатқызылады. Қазақстанда 174 кент бар (2005 жыл).
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.