Remove ads
Ақмола облысындағы қала From Wikipedia, the free encyclopedia
Степногорск – Ақмола облысындағы қала (1964).
Қала | |
Степногорск | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Облыстық маңызы бар қала |
Облысы | |
Әкімі |
Гайдар Қабдоллаұлы Қасенов |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
52°20′49″ с. е. 71°52′54″ ш. б.52.34694° с. е. 71.88167° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1959 |
Қала статусы |
1964 |
Жер аумағы |
158,36 км² |
Климаты |
қатаң-континенталды |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
49 589[1] адам (2023) |
Ұлттық құрамы |
қазақтар 45,21 % |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 71645 |
Пошта индекстері |
021500 |
Автомобиль коды |
03 |
Степногорск қаласының әкімдігі | |
Степногорск шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Степногорск |
Көкшетау қаласының оңтүстік-шығысына қарай 220 км жерде, Сарыарқаның солтүстігінде, Ақсу өзенінің оң жағалауындағы аласа белесті жазықта орналасқан.
Тұрғыны 41,6 мың адам (2005). Іргесі 1963 жылы қаланған. Қаланы сирек шоқ ормандар қоршаған. Степногорскіде химия, машина жасау, микробиология, тамақ, құрылыс материалдары кәсіпорындары, энергетика саласы жақсы дамыған. Негізгі кәсіпорындары: кен-химия комбинаты, жөндеу-механика зауыты, “Прогресс” АҚ, “Степногорск подшипник зауыты” АҚ, үй-құрылыс комбинаты, темір-бетон бұйымдар зауыты, сүт-консерві, тамақ комбинаттары, “Биомедпрепарат” ғылыми-өндірістік комбинаты, т.б. Қалада 9 байланыс бөлімі, телефон станциясы, 7 аурухана, 9 емхана, 7 дәріхана, қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілген 1000 орындық аурухана кешені жұмыс істейді.
Мектепке дейінгі 38 балалар мекемесі, жалпы білім беретін 13 мектеп, өнеркәсіптік гимназия, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, оқу комбинаты, аймақтық колледж, балалар мен жастардың шығармашылық үйі, жас техниктер станциялары, мәдениет сарайы, 9 клуб, 12 кітапхана, Мәдениет және демалыс саябағы, 2 кинотеатр, 2 спорт кешені, стадион, 4 шаңғы базасы, т.б. бар. Степногорскінің солтүстік-батысынан (8 км жерден) Ерейментау – Заозерный т. ж. мен Ерейментау – Макинск автомобиль жолы, қала арқылы Ақкөл – Ертіс автомобиль жолы өтеді.[3]
Ақсу өзенінің даласына адамның келген тарихы 5-6 мың жыл бұрын басталды. Степногорск қаласы маңында алты километр аумағында Ə.Х.Марғұлан атындағы археология институты мен Степногорск өлкетану мұражайының бірлескен экспедициясымен тас дәуірінің екі қонысы (олардың жасы 5-6 мың жыл бұрын), қола дәуірінің төрт қорымы мен қонысы табылды.
Зерттеулер қазіргі қазақтардың ата-бабасы болып саналатын Ақсу өзенінің сол жағалауында (қазіргі Степногорск қаласынан батыс бағытында) тұрған түрк халқының тарихы бойынша мол ақпаратты берді.
КСРО Министрлер Кеңесі 1956 жылдың 4 мамырында уран кен орындар базасында Тың тау-кен-химиялық комбинатын құру туралы қаулы қабылдады. КСРО орташа машинақұрылысы Министрлігінің бұйрығымен сол жылдың 17 мамырында құрылып жатқан комбинаттың дирекциясы ұйымдастырылды. Тұрғын кентінің, болашақ Степногорсктың, құрылысына орын Ақсу кенішінің (бұрыңғы атауы – Сталинский) қосалқы шаруашылығы жаңында таңдалды.
Қаланы жобалау жұмыстары 1960 жылы «Горстройпроект» Мәскеулік институты бастады, олар 16 мың тұрғынға тұрғын кенті бас жобасының сызбанұсқасын әзірледі. Тың тау-кен-химиялық комбинаты қорғаныс кешенінің объектісі болғанына байланысты қала құпияланған болды – құжаттар бойынша ол Целиноград-25 атанды. Қаланың қарқынды тұрғызуы 1961 жылы басталды. 315,6 мың шаршы метр ауданымен тұрғын үйлер, балабақша, мектеп, кафе, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, кинотеатр және басқалар салынды.
1964 жылдың 6 сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жарғысымен Целиноград өлкенің Жолымбет өнеркәсіптік ауданының Соцгородок елді мекені Степногорск атауы беріліп өлкелік бағыну қалалар категориясына жатқызылды.
1964 жылдың 3 маусымында Тың өлкесі атқарушы комитетінің оның құрамына Құрылысшылар, Гидрострой кенттері, Ақсу және «0,5» темір жол станциялар еңгізілді. Степногороск қалалық кеңесі мен оның атқарушы комитетінің тікелей әкімшілік-аумақтық бағынуында Тың тау-кен-химиялық комбинаты кәсіпорындарының кенттері болды. Олардың өсуі, тұрғындардың саны көбеюіне байланысты бұл кенттер қалалық үлгідегі кенттер болып өзгертілді.
1965 жылдың 5 сәуірінде Ақмола облысы Балқашин ауданының Шаңтөбе кенті қалалық үлгідегі кенті мәртебесін алды. 1968 жылдың 31 қазанында Степногорск қаласының Құрылысшылар кенті Заводской атауы беріліп қалалық үлгідегі кенттер категориясына жатқызылды. 1970 жылғы 1 тамызындағы Целиноград облыстық атқарушы комитетінің шешіміне сәйкес Целиноград облысы Алексеевка ауданының Қарабұлақ ауылдық кеңесінің Ескі Қарабұлақ кенті Степногорск қалалық кеңесі бағынуына тапсырылды.
1997 жылғы 11 наурызындағы Ақмола облысы әкімінің шешімімен Ақсу және Бестөбе кенттері Степногорск қаласының шекарасына еңгізілді. Сол жылдың 14 шілдесінде Ақмола облысы әкімі шешімімен Торғай облысының таратуына байланысты Шаңтөбе кенті Степногорск қаласының әкімшілік бағынуына тапсырылды. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында 1998 жылдың 8 желтоқсанында Ақмола облысы әкімінің шешімімен Қарабұлақ, Көксал және Первомайское ауылдар базасында Қарабұлақ ауылдық округі құрылып Степногорск қаласы әкімінің әкімшілік-аумақтық бағынуына тапсырылды.
2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
46712 | ▲48894 | 104,7 | 21349 | ▲23168 | 108,5 | 25363 | ▲25726 | 101,4 |
Жердің жалпы ауданы (Заводской, Ақсу, Бестөбе кенттері, Қарабұлақ ауылын есептей отырғанда) - 152,233 га, оның ішінде: ауыл шаруашылық жерлер - 129,238 га, олардың ішінде: егістік - 2,786 га; көп жылдық көшеттер - 333 га; кендер - 13,899 га; шабындық - 234 га; мал жайылымы - 111,086 га; бақшалар - 900 га; құрылыстар астында - 3,684 га; өзге жерлер - 6,510 га. Шаңтөбе кенті Ақмола облысы Сандықтау ауданының жерлерінде орналасқан.
Степногорск қаласының ауданы - 15,836 га, оның ішінде өнеркәсіптік аумағының ауданы - 8,690 га. Өнеркәсіптік алаң қаладан 4 км-ден 24 км-ге дейін солтүстік-шығыс бағытына алыстанған.
Степногорск қаласы Қазақ ұсақ шоқысы орманды дала жазығында Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласынан 180 км қашықтықта орналасқан.
Жердің бедері өзімен теңіз деңгейінен 280-350 м биіктікте Солтүстік Қазақстан үшін типтілік аласа белесті жазығы болып саналады. Климаты қатаң-континенталды, температуралар жылдық амплитудасы Цельсий бойынша 70 градусқа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 250-300 мм.
Аумақтың минералды-шикізат базасы ірі алтын, қалайы, вольфрам және уран кен орындарымен, сонымен қоса кен шығатын орындардың үлкен тобымен – техникалық алмастар, ұсақ қабыршақты мусковит, вермикулит, апатит, каолин, фосфор-глауконит шикізаты, қаптауыш граниттың әктастарымен ұсынылған.
2013 жылдың қаңтар-шілде айларында Степногорск қаласының кәсіпорындарымен 54,4 млрд. теңге соммасында немесе өткен жылдың 98,2% деңгейінен тауарлық өнімдер өндірілді, нақты көлемнің индексі – 91,1 %.
Қаланың негізгі кәсіпорындарының тұрғысында:
«СПЗ» АҚ– тауарлық өнім көлемі – 11,2 млрд, теңге құрды.
Ресейлік вагон жасайтын заводтардың тапсырыстарының азаюының есебінен, өткен жылдың деңгейінен көлемнің төмендеуі 4,5 млрд теңге құрды. 18,4 мың тонна подшипниктар шығарылды, сфералық нақтылығы – 489,7 тонна. Сфералық подшипниктардың 48 түрі жөнге шығарылды. Сфералық подшипниктардың 30 жаңа түрін игеру бойынша кәсіпорын жұмыс жүргізіп жатыр, қазіргі уақытта мәскеулік жабдықтарды құрастыру дайындалуда. Халық аралық сертификатты алумен, IRIS теміржол стандартына ауыстыруды ұйымдастыру жүргізіліп жатыр.
«СТХК» ЖШС – 3,7 млрд. теңге соммасында немесе өткен жылдың дейгейінен 56,4% тауарлық өнімдер шығарылды. Дүние жүзілік нарықтағы уранның бағасы түсуіне, сонымен қатар кеніште металлдың құрамының түсуіне байланысты, полиметаллдың шығарылымы 2043,8 тонна немесе өткен жылдың дейгейінен 83,6% құрды. ГМЗ қуаттылықтарында 12 тонна көлемінде құрамында алтын бар кеніштердің тәжірибелік-өнеркәсіптік топтамасы өңделді.
«Қазақалтын» ТМК АҚ – 10,0 млрд. теңге соммасында тауарлық өнім шығарылды немесе өткен жылдың деңгейінен 118,7%.
«Арыстан» СҚЗ» ЖШС – 13,3 мың тонна құбырлар өндірілді, соның ішінде, өткен жылдың деңгейінен 138,5% құрған, жалпы көлемі 8,3 млрд. теңге соммасына, 1657 тонна – «корсис» кеңірдектенген құбырлар.
«Степногорск ТЭЦ» ЖШС – энерго ресурстар өндірісі 4,4 млрд. теңге құрды, 502,7 млн квт.с. электрқуат өндірілді, немесе өткен жылдың деңгейінен 97,5 %, жылу энергиясы - 614 мың Гкал немесе 2012 жылдың кезеңіне ұқсас 95,6 %.
«Биокорм» ЖШС –тауарлық өнім өндірісі 1,3 млн. теңге немесе 2012 жылдың деңгейінен 153,4%. 5102,9 мың л. Спирт және 699,6 тонна көмір қышқылдары өндірілді.
«Целингормаш» ЖШС және «ТЖЗ» ЖШС тауарлық өнім өнідірісі өткен жылдың деңгейінен 88,2 % және 44,9% сәйкес құрды.
«Қазатомөнеркәсіп КҚЗ» ЖШС «Жылына 180 мың тонна өндірістік қуаттылығымен күкірт қышқылды шығаратын кукірт қышқылды зауытын қайта құру» инвестициялық жобаны іске асырады. Жалпы құрылыс жұмыстары және құрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, құбырларды және газөткізгіштерді құрастыру өткізіліп жатыр. Жобаны іске асырудың басында 8,1 млрд. теңге немесе 78 % инвестициялар игерілді.
«Арыстан» Степногорск құбырлы зауыты» ЖШС :
«Астана-Нан» ЖШС «Astana-Nan Chemicals» филиалы «Өсімдіктерді химиядан қорғану құралдар өндірісі» инвестициялық жобаны жүзеге асырады. 2013 жылдың 9 айдың ішінде тауарлық өнімнің көлемі 6,0 млрд. теңге немесе өткен жылдың деңгейінен 84 % құрды.
«Қазақстан Жылыжай Технологиялары» ЖШС «3,5 га жылыжай комплексі» инвестициялық жобаны жүзеге асырды, жобаның құны 1049 млн. теңге. Бірінші тоқсанда жобалық қуаттылығына қол жеткізілді және 122, 9% құрды. 2013 жылдың 01.08 – 1205,8 тонна қияр, 15,3 тонна көкөніс жиналды.
«Sareco» СК» ЖШС «Жылына 1540 тонна қуаттылығымен сирек жерлерде кездесетін металлдарды жеке біріктіру және ұжымдық концентраттардың тәжірибелі-өнеркәсіптік өндірісті құру» инвестициялық жобаны іске асырады, құны – 4,4 млрд. теңге. Тамыз-қыркүйек айларында өнім шығару 37,2 млн. теңге соммасына 29,6 тонна құрады.
Индустриаландыру картасын көкейтесті ету мақсатында «Ak Su Steel» ЖШС «Тиектеулі арматураны шығару бойынша заводтың құрылысы» жобасы АҮК қарастыру үшін жолданды.
Қалада 68 513 адам халық тұрады, 10 600 адам жүйелі дене шынықтыру және спортпен айналысады, бұл қала тұрғындары санынан 16,0 % құрайды, қалада келесі спорттық мекемелер бар:
Қала мен оған қарасты елді мекендердегі мәдениет мекемелері құрылымында 7 мемлекеттік кәсіпорын: Степногорск қаласындағы – «Горняк» ОМС, «Мирас» МҮ, «Достық және шығармашылық үйі»,Ақсу п. МҮ, Шаңтөбе п. МҮ, Бестөбе п. «Рауан» МҮ, Изобильное а. Клубы;
Мемлекеттік мекеме: 12 кітапхананы; соның ішінде 2-қалалық, 6- ауылдық, 4- поселкелік.барлығы 19 нысанды қамтитын.
Қала аумағында облыстық бюджеттен қаржыландырылған 1 тарихи-өлкетану мұражай жұмыс істейді.
Мәдениет мекемелері өңірдегі барлық елді мекендерде бар.
Достық және шығармашылық үйінде 5 мәдени қоғамдық бірлестік жұмыс істейді:
Мәдениет Үйі жоқ кенттерге шығу мәдени әдісі жүзеге асырылады. Бұл- атаулы және мемлекеттік мерекелерге арналған концерттер және іс шаралар.
Тарихи-мәдени ескерткіштерінің жалпы саны-10
Сонымен қатар тарихи-мәдени тізіміне:
Степногорск қаласы Астана, Көкшетау, Павлодар қалаларымен автомобиль жолдары арқылы байланысқан. Қаладан 200 км шақырымда мемлекеттік маңызы бар М-36 Алматы-Екатеринбург магистральды жол өтеді. Қаланың қала ішіндегі жолдар, қаланы кенттер мен өнеркәсіптік аумағымен байланыстыратын жолдары бар. Қатты жапбындысы бар қалалық жолдардың жалпы ұзындығы - 48,5 км.
Степногорск қаласынан 12 км қашықтықта Тың темір жолдың Ақсу теміржол станциясы, Ерейментау (тораптық) станциясы мен Айсары (тұйық) станциясымен шектелген 220 км ұзындығымен тұйық жолдың 123-ші километрінде орналасқан, ол арқылы Астана мен Павлодар арасындағы темір жол байланысы жүзеге асырылады. Ерейментау станциясы: Барнаул, Павлодар, Астана, Петропавл, Челябинск, Қарағанды, Алматы магистральды бағытында орналасқан.
Қала кәсіпорындарының қажеттілігі үшін жүк және жолаушылар тасымалдауы «СТКХК» ЖШС теміржол тасымалдау басқармасымен жүзеге асырылады. Ақсу станциясы мен "Промышленная" тірек станцияның ара қашықтығы - 6 км. Кірме жолдардың жалпы ұзындығы - 136,5 км, оның ішінде: бас жолдың - 43,2 км, станциялық - 29,3 км, тараулар, тұйықтар - 64 км. Теміржол тасымалдауын қуатпен қамтамасыз етуін 10 кВ бойлай электр жабдықтау желісі бойынша жүзеге асырылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.