Сандықтау ауданы – Ақмола облысының солтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Аудан орталығы - Балкашино ауылы.
Тарихы
Қазақстан ауданы | |
Сандықтау ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
14 |
Ауыл саны |
41 |
Әкімі |
Ербол Кәрімұлы Жүсіпбеков[1] |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Балкашин ауылы, Абылай хан көшесі, №117 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
51°59′15″ с. е. 68°44′37″ ш. б.51.98750° с. е. 68.74361° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1936 |
Жер аумағы |
6,4 мың км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
16 993[2] адам (2023) |
Тығыздығы |
2,7 адам/км² |
Ұлттық құрамы |
орыстар (56,16%), қазақтар (18,77%), шешендер (8,71%), немістер (6,8%), украиндар (3,34%), белорустар (1,38%), татарлар (0,81%), ингуштар (0,78%), әзербайжандар (0,61%), басқалары (2,64%)[3] |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі |
021400-021428[4] |
Автомобиль коды |
03 |
Аудан 1928 жылдың 17 қаңтарында Петропавл округінің Көкшетау уезі болысының Кеңес және Ақан-Бұрлық бөліктері, Атбасар уезінің Социалистік болысындағы орталығы Балкашино селосы құрамында орналасқан. 1930 жылдың 17 желтоқсанында Балкашин ауданы Арық-Балық ауданына қосылды. 1932 жылдың 20 ақпанында 23 аудан құрамымен Қарағанды облысы құрылды, соның ішінде Арық-Балық ауданы Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енді. 1935 жылдың 9 қаңтарында аудан Молотовқа өзгертілді.
1957 жылдың 30 тамызындағы «Ақмола облысы Молотов ауданын Балкашин ауданына өзгерту туралы» ҚазКСР Жоғары Кеңес Президиумының Жарлығы негізінде Ақмола облысының Молотов ауданы Балкашин ауданына өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 14 қарашасындағы №3759 «Жеке әкімшілік-территориялық бірліктердің атауын өзгерту мен олардың транскрипцияларының өзгеруі туралы» Жарлығымен Балкашин ауданы Сандықтау ауданына өзгертілді.
Географиялық орны, жер бедері
Солтүстігінде Зеренді ауданымен, батысы мен солтүстік-батысында Жақсы және СҚО-ның Айыртау, Ғабит Мүсірепов аудандарымен, шығысында Бурабай, Бұланды аудандарымен, оңтүстігінде Атбасар ауданымен шектеседі.
Сандықтау ауданы Сарыарқадағы Көкшетау қыратының абсолюттік биіктігі 300 — 500 м болатын ұсақ шоқылы, төбелі-белесті оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігін Сандықтау (626 м), Жақсытүкті (596 м) таулары, оңтүстік бөлігін Атбасар жазығы (өңірі) алып жатыр. Кен байлықтарынан уран, вольфрам, молибден, апатит кентастары кездеседі.
Климаты
Климаты тым континенттік. Қысы ұзақ, суық, қары аз (30 см). Қаңтардың орташа температурасы -18°С. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы — 19°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350 — 400 мм.
Өзен, көлдері
Аудан жерінен Жабай өзені және оның салалары — Жыланды, Сарқырама өзендері ағады. Үлкен көлдері — Жақсы Жалғызтау, Құмдыкөл.
Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Солтүтігінде негізінен қалыпты қара топырақ, оңтүстік бөлігінде карбонатты қара топырақ, тауларында шымды-күлгін және орманның сұр топырағы, өзендер бойында жайылманың шалғындық топырағы тараған. Солтүстігі әр түрлі шөптесін өсімдіктерге бай, тауларында қарағай, қайың, терек, долана, арша, т.б. өседі. Оңтүстігінде сұлыбас, селеу басым тараған. Жабай өзенінің жайылмасында бидайық, арпабас, айрауық т.б., кей жерінде ақтікен, жусан, сораң өсімдіктері өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, суыр, қоян, аламан, көртышқан, сарышұнақ, қосаяқ, бұлан, марал, елік, тиін, сілеусін; құстардан аққұр, құр, шіл, тоқылдақ, бөдене, су қоймаларында қаз, үйрек, т.б. су құстары мекендейді, алабұға, таутан, мөңке, шортан, аққайран, т.б. балықтар кездеседі.
Халқы
Тұрғындар саны – 18 398 адам (2019).[7]
- ұлттық құрамы: орыстар (56,38%), қазақтар (19,43%), немістер (6,61%), шешендер (7,96%), украиндар (3,44%), белорустар (1,48%), басқалары (4,71%)[8][9]
Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 41 елді мекен 14 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақсораң ауылдық округі | 1425 | ▼1012 | 71 | 695 | ▼516 | 74,2 | 730 | ▼496 | 67,9 |
Балкашин ауылдық округі | 5883 | ▼5290 | 89,9 | 2741 | ▼2493 | 91 | 3142 | ▼2797 | 89 |
Барақпай ауылдық округі | 780 | ▼334 | 42,8 | 392 | ▼176 | 44,9 | 388 | ▼158 | 40,7 |
Белгород ауылдық округі | 918 | ▼657 | 71,6 | 456 | ▼328 | 71,9 | 462 | ▼329 | 71,2 |
Бірлік ауылдық округі | 1034 | ▼1029 | 99,5 | 521 | ▲526 | 101 | 513 | ▼503 | 98,1 |
Васильев ауылдық округі | 1061 | ▼642 | 60,5 | 526 | ▼321 | 61 | 535 | ▼321 | 60 |
Весёлов ауылдық округі | 1187 | ▼807 | 68 | 576 | ▼412 | 71,5 | 611 | ▼395 | 64,6 |
Жамбыл ауылдық округі | 1048 | ▼782 | 74,6 | 520 | ▼382 | 73,5 | 528 | ▼400 | 75,8 |
Каменка ауылдық округі | 1420 | ▼1162 | 81,8 | 708 | ▼584 | 82,5 | 712 | ▼578 | 81,2 |
Лесной ауылдық округі | 1514 | ▼1289 | 85,1 | 747 | ▼629 | 84,2 | 767 | ▼660 | 86 |
Максимов ауылдық округі | 1900 | ▼1609 | 84,7 | 914 | ▼767 | 83,9 | 986 | ▼842 | 85,4 |
Мәдениет ауылдық округі | 550 | ▼499 | 90,7 | 273 | ▼260 | 95,2 | 277 | ▼239 | 86,3 |
Сандықтау ауылдық округі | 1953 | ▼1459 | 74,7 | 951 | ▼725 | 76,2 | 1002 | ▼734 | 73,3 |
Широков ауылдық округі | 848 | ▼614 | 72,4 | 448 | ▼314 | 70,1 | 400 | ▼300 | 75 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 21521 | ▼17185 | 79,9 | 10468 | ▼8433 | 80,6 | 11053 | ▼8752 | 79,2 |
Шаруашылығы мен инфрақұрылымы
Ауданда 4 автокөлік мекемесі, 1 құрылыс ұйымы, 3 астық қабылдау пункті, май, ірімшік, нан з-ттары, тұрмыс қажеттерін өтейтін комб., баспахана жұмыс істейді. А. ш-мен 1 АҚ, 19 ЖШС, 190 шаруа қожалықтары шұғылданады. А. ш-на пайдаланатын жері 546,3 мың га (2004), оның ішінде егістігі 383,5 мың га, шабындығы 8,3 мың га, жайылымы 153,4 мың га, орманы 76 мың га (2004). Жыртылатын жердің 268,3 мың га-на дәнді дақылдар себіледі. Ауданда 2004 ж. 23,0 мың бас ірі қара, 9,1 мың қой мен ешкі, 7,9 мың шошқа, 4,9 мың жылқы, 53,7 мың құс болды.
Әлеуметтік салада ауданда 39 мектеп, мәдениет үйі, 23 клуб, аудандық аурухана, 9 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 31 фельдш.-акушерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді (2004).
Дереккөздер
- Ақмола облысында үш ауданға жаңа әкім тағайындалды (17 ақпан 2021).
- Департамент статистики Акмолинской области. 01.07.2019 Мұрағатталған 28 мамырдың 2011 жылы.
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.