Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Солтүстік Қазақстан облысы — Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі облысы.
Қазақстан облысы | |||
Солтүстік Қазақстан облысы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облыс орталығы | |||
Аудандар саны |
13 | ||
Ауылдық округтер саны |
186 | ||
Қалалық әкімдіктер саны |
5 | ||
Ауыл саны |
635 | ||
Әкімі | |||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
54°53′ с. е. 69°10′ ш. б.54.883° с. е. 69.167° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы |
97 993 км² (16-шы орын) | ||
Уақыт белдеуі | |||
Экономикалық ауданы | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
▼ 534 024[1] адам (2023)(14-ші орын) | ||
Тығыздығы |
5,4 адам/км² (5-ші орын) | ||
Ұлттық құрамы |
орыстар — 49,11 % | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 7152 xx-xx-xx | ||
Пошта индекстері |
15 xxxx | ||
Автомобиль коды |
15 | ||
ISO 3166-2:KZ коды |
KZ-SEV | ||
Басқалары | |||
Әкімдіктің мекенжайы |
Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, №58 | ||
Ортаққордағы санаты: Солтүстік Қазақстан облысы |
Облыс 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды, бүгінгі шекарасы 1999 жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3, 6% құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы, 1752 жылы негізі қаланды.
Облыста 13 әкімшілік аудан бар; 5 қала – Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеев; 4 қала типтес кенттер – Смирново, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл.
Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шекараласады.
Облыс құрамында – 13 аудан, 1 қалалық әкімдік:
Облыс аудандары мен қалалары | Жер аумағы, км² | 2021 |
---|---|---|
Айыртау ауданы | 9 620 | 33 568 |
Ақжар ауданы | 8 040 | 13 744 |
Аққайың ауданы | 4 710 | 18 550 |
Мағжан Жұмабаев ауданы | 8 710 | 27 687 |
Есiл ауданы | 5 140 | 21 923 |
Жамбыл ауданы | 7 470 | 18 608 |
Қызылжар ауданы | 6 150 | 46 369 |
Мамлют ауданы | 4 100 | 17 843 |
Ғабит Мүсірепов ауданы | 11 090 | 36 517 |
Тайынша ауданы | 11 430 | 41 269 |
Тимирязев ауданы | 4 510 | 10 206 |
Уәлиханов ауданы | 12 880 | 13 533 |
Шал ақын ауданы | 4 840 | 18 333 |
Петропавл қалалық әкімдігі | 225 | 222 636 |
Солтүстік Қазақстан облысы халқының саны[4] [5]
1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
873 916 | 889 530 | 921 416 | 725 980 | 682 148 | 674 497 | 665 936 | 663 126 | 660 950 |
2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
653 921 | 597 530 | 592 746 | 589 308 | 583 598 | 579 636 | 575 766 | 571 759 |
Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, ал физика-географиялық қатынаста – Батыс-Сібір жазығының оңтүстік шетін және қазақ кең даласының бір бөлігін алады. Жер бедерінде көп көл төмендеулерi, сахаралық ойықтар, аласалау жалдар және жал шұңқырларымен алмасушы бөктерлер бар. Солтүстік-шығыста биіктік 115-120 м, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 200 м. Облыс Ресейдің Калуга, Тула, Томск облыстары орналасқан кеңістікте жайғасады. Бірақ, көлдер мен өзендердің жоқ болуына байланысты ауа райының кенет құрылықтығымен сипатталып, табиғат жағдайы жағынан олардан әлдеқайда ерекшеленеді. Оның ортақ жазықтығы және шектi аумағы еркiн меридиан мен ендiк ауамен алмасуға мүмкiндiк туғызады. Ауа-райы кенет құрылықты. Қысы аязды және созылмалы (5 айдан көп), аз қарлы, кеуіп қалатын ауа – райының басымдылығынан жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы −18,5 °C, −19,5 °C, шілденің +18,8 °C , +19,5 °C. Аязсыз кезеңнің созылуы 109-129 тәулік. Тұңбаның орташа шамамен түсуі 300-340 мм, соның ішінде 4-тен 3-і жылдың жылу уақытында. Өзендері Обы хауызына жатады. Солтүстік Қазақстан облысының маңында Есіл өзенінің (400 км) орта ағысы Иман –Бұрлық және Ақан-Бұрлық қиылысы бар. Солтүстік-Қазақстан облысында 1000-нан аса көлдер бар, ең бастысы солтүстік-батыста орналасқан. Олардың көбісі мезгілді кеуіп қалады. Тұщы су көлдері басым болады. Аса ірілері: Шағалалытеңіз, Солтүстік және Оңтүстік Қақ, Таранкөл, Меңкесер. Облыстың аумағын Есіл өзенінің орталық бөлігі, Ащықарасу, Ащысу өзендері, сондай-ақ Сілеті өзенінің төменгі ағысы басып өтеді. Шаруашылық үшін Есілдің маңызы ерекше. Солтүстік Қазақстан облысы - көлдерге өте бай облыстардың бірі. Ең ірі көлдері: Толыбай, Үлкен Қарақамыс, Тоқты, Ақсуат, Үлыкөл, Тораңғыл, Үлкен Қоскөл, Саумалкөл, Теке, Көксеңгірсор, Сілетітеңіз, т.б. Аудан аумағына Батыс Сібір жазығының оңтүстік, Қазақстан ұсақ шоқысының солтүстік бөлігі кіреді. Аудан аумағына әктас, шыны құмы, отқа төзімді саз, т.б құрылыс материалдары кездеседі.
Ішкі құрылықтың ішкі облыс табиғаты мен экономикасының ерекшеліктерін айқындайды. Бұған климаттың шапшаң континентігі, ылғалдық жетіспеуі және шектес жатқан аумақтың жалпы жазықтығы ауаның меридиан және ендік бағыттарымен еркін алмауына жағдай жасайды. Сонымен жазық аумақты тұтастай дерлік игеруге мүмкіндік берді.
Облыс- орманды-далалық табиғи аймақта және далалы табиғи аймақта орналасқан, бұл оның ландшафын, табиғи ортаның сапасын , негізгі табиға ресурстарын айқындайды. Ол егін шаруашылығы үшін қауіпті аймаққа жатады. Облыс аймағын географиялық та, тарихи да аймақ ретінде көбінесе Петропавлдық Есіл бойы деп атайды.
Облыс аумағы Батыс-Сібір жазығының оңтүстік қиырында және жарым-жартылай Қазақтың ұсақ шоқысы деп аталатын Сарыарқа аясында орналасқан.Батыс Сібір жазығының Солтүстік Қазақстан бөлігі (Солтүстік Қазақ жазығы) ылдиды жазықтың ішкі белдеміне ұштасқан. Оның жер бедеріне , толқынды бетінің солтүстікке және солтүстік-шығысқа қарай жалпы еңкіштелген жазық тән. Облыстың жазық бөлігі геоморфологиялық аудандалуы жағынан Тобыл мен Ертіс өзендері аңғарлары арасындағы үлкен кеңістікті алып жатқан Батыс Сібірдің көне көлдік неогенді үстіртіне жатады. Бұл аумақтағы өзендер аралығының беткі жақтары неогендік жастағы тығыз балшықты жыныстардан және көлдік генезистен түзілген. Өзен аралықтарындағы төртінші тік кезеңнің жамылғысы мардымсыз. Облыстың жазық келген жер беті теңіз деңгейінен 125-200 м биіктікте. Ең аз шамадағы белгілер облыстың оңтүстік-шығыс жағындағы ірі тұзды көлдердің: Қалыбек , Үлкен Қараой, Теке, Сілетітеңіз шұңқырларына ұштасқан. Көлдердің өзі таяз болғанымен, қазақшұңқырлардың тереңдігі 40-60 м. Теке көлінің қазаншұңқырында облыстың беткі жер қабатының ең төменгі жері теңіз деңгейінен 29 м төменде жатыр, ең биік шыңы- Жақсы Жалғызтау (731 м.).
Облыстың оңтүстік-батыс бөлігі Сарыарқаның көтеріңкі тұсында Көкшетау қыраты аумағындағы, - толқынды-жонды келген денудацияланған еңкіш тұғырлы жазықпен үйлескен. Батыс-Сібір жазығының шекаралық оңтүстік шетіндегі жартасты жыныстар тым тереңде жатпайтын, көбіне бірден топырақ қабатының астында болатын көне абразиялы және абразиялы-шоғырлы толқынды-жонды жазық болып табылады. Бірқалыпты үстіртті жазық бетінде жеке төбелер немесе аласа (20-дан 30 м-ге дейін) шоқылар көтеріледі. Одан да биік шоқылар сирек кездеседі, олардың арасында- Сырымбет (Жаманшоқы), Бүркітті таулары- облыс жер бедерінің төменгі қатпарындағы солтүстік аралдық таулар. Теңіз деңгейінен 372 м биіктікте. Жергілікті халық оны "Жаманшоқы" деп атайды. Жер бедерінің теріс формаларының арасында уақытша су жүретін саяз аңғарлар, көлдік қазаншұңқырлар кездеседі. Жер бедерінің ортаңғы қатпары облыстық биіктіктен 230-300 м-де орналасқан сатыланып келген Көкшетау қыраты жатады. Сатыланған оңтүстік жағынан кемерленіп, өте айқын көрінетін Көкшетау тауы орналасқан. Облыс жер бедерінің үшінші қатпары -Көкшетау үстіртінің беті. Онда аралдық аласа таулы сілемдерде 360-400 м биіктіктердегі тегістелген үстірт басым, олардың кейбіреулерінің тік жартасты шыңдары 600-700 м биік. Мұнда облыстың ең көтеріңкі нүктесі- Жақсы Жалғызтау тұр. Ол 370 м биік тік жарқабақтанып, құрайды да өзі аттас көл жағалауына тіреледі. Имантау гранитоидті сілемдер морфологиясы да осы тәрізді. Көкшетау үстіртінің аралдық таулары мен аласа белестері кайназойда едәуір жылжыған кесек тектоникаға орай пайда болды. Денудациямен және жерге мүжіліп бет жағы ашылып қалған Көкшетаудың аласа тауларын түзетін гранитті құрам жыныстары көптеген таң қаларлықтай мүсіндерді кескіндейді. Құлаған қалдықтар мұнара тәрізді бөлек-бөлек қатпарлы жер бедерін түзеді.
Көкшетау үстіртіне кейде палеоген бен көлдік аллювиалді түзілімдерге толған, тым тереңдеген, неогеннің көлдік-аллювиалді қалың қабаты бар, жарым-жартылай қазіргі заманғы гидрожүйемен игерілген эрозиялық-тектоникалық және эрозиялық аңғарлар жүйесі тән.
Облыс аумағы меридионалді бағытта Есіл өзенінің терең және жақсы дамыған аңғарымен қиылысқан. Ол өзендер аралығындағы жазықтарға 30-50 м сұғына енген. Облыстың Есіл-Тобыл өзендері аралығының бөлігі болып табылатын жағалау бойы ескі ордың жыра-жылғаларымен күрделенген, бірақ шын мәнінде көмілген және Суери, Кизак,Емца өзендерінің аңғарлары байқалады. Сол жағалауға қазаншұңқырлы -жон - бұйратты жер бедері, көл шұңқырлары мен ойпаңдардың молдығы тән.
Облыстың оң жағалауының жартысында Есіл-Ертіс өзендері аралығында бірқалыпты жазық бар, ол шығыс-солтүстік-шығыс бағытында жайпақ, кең ойпат- Қамыстысай (Камышлов) басып өтеді. Қамыстысай-19 ғасырдың ортасында, жуырда құрып кеткен Қамыста зені аңғары. Сілеті және Шағалалы (Чаглинка) өзендері аңғары жер бедерінде нашар білінеді. Оң жағалаудың тұйықталған қазаншұңқырлары жайпақ-түпті, жер бедерінде анық білінбейді, ойпаңдар сияқты. Суер (Пресновская) ескі аңғаоры орта және төменгі жақтарында анық бейнеленген, яғни Преснов аңғарының солтүстігі ірі көлдер: Семилов, Филатов, Қолтық, Суер және т.б. жапсарлана орналасқан. Суер көлінен төменде қазіргі Суер өзенінің жоғары сағасы- Тобылдың оң тармағы ағып жатыр. Ескі Қазақ аңғарының жоғарғы жағы, бұрынғылау мәліметтер бойынша, Новорыбин аңғары ауданынан белгіленіп, ал көне Емца -Мәңгісор (Менгисер) көленен басталады. Емца аңғарының құрыған учаскелері облыстан тысқары, сайма-сай үйлеспейтін ірі көлдер : Медвежье, Горькое, Кабанье, Ақкөо т.б. тізбегімен айқын білінеді. 20-30 м қалыңдыққа жететін , аллювийлі және көлдік-аллювийлі түзілімге толған, аталған көне аңғарлар жер асты суларын , сонымен қатар тұщы сулардың қорларын сақтайды. Көміліп қалған басқа аңғарларға қарағанда, Қамыстысай жақсы білінеді. Ол Басқарасу өзеншесі жылжып ағатын Үлкен Тораңғыл көліне құятын және Көкшетау үстіртінен ағатын Қамысақты бұлағынан басталады. Қамыстысай сайының түбінен төменде Балықты, Жыланды, Бозарал көлдері және т.б. Ертіске дейін 500 км-ге жуық созыла, толассыз тұнып тұр. Қазіріг сай көне палеоген-неоген палеоқамысты аңғарына жапсарлас. Сайдың ені бірнеше километрге жетеді, тереңдігі-10-20 м. Түбіндегі аллювиалді түзілімдердің қалыңдығы-20-25 м.
Есілдің сол жағасын алып жатқан облыстың солтүстік ендігінде (Сергеев қаласы) жалды келген жер бедері дамыған. Облыс аумағында оның жалпы ұзындығы 15 км-ге жетеді. Жалпы биіктігі -3-4 м-ден 15-18 м-ге, ал ені 500-1500 м-ге жетеді. Жалдардың өзіндік ерекшеліктеріне біркелкі келген жер бедері тән. Олардың остері батыс, оңтүстік-батыстан шығыс, солтүстік-шығыс бағытта бойлоай жатыр. Қырқалардың төбесі әдетте ұзына бойы доғалдана созылған, кейде бойлық бағытта ассиметриялы келген. Жалдар көбіне көл қазаншұңқырларымен ұштасқан. Көлдердің шығыс беткейлерінен басталғандай болып және аша болып айырыла келген жалпақ ұштарымен қазаншұңқырларды қамтыған. Ұзындығы 4 км, ені 800 м -ден асатын, биіктігі 10 м болатын ірі қырқалар Петропавлдық Есіл бойындағы 600 қырқаның 32 %-ін құрайды. Ұзындығы 40 м-ден 2 км-ге дейін, биіктігі 10-5 м, ені 800-600 м орташа қырқалар 53 %-ті, ал одан да ұсақ қырқалар 15 %-ті құорайды. Баяндап отырған кешенді жер бедері пішіндерін қамтитын көлдер мен қазаншұңқырларынан басқа оған әдетте көл қазаншұңқырларының шығыс бөлігінің оорақ тәрізді жартылай шеңбер жасап жатқан көл маңындағы төбешіктер де кіреді.
Қырқалар мен төбелер механикалық жағынан да жасы жағынан да әр түрлі материалдардан құралған. Көптеген қырқалар төрттік кезеңнің толығымен дерлік сарғыш-сұр құмдағымен, сазды-құмдақты карбонатты топырақтарымен жабылған. Кейбір жағдайларда тығыздалған саздың түпқабаттары , кейде төрттік кезеңнің жалды шөгінділері астында жер бедерінің жалға дейінгі беткі қабаты кездеседі.
Облыс аумағындағы жер бетіндегі ғана емес, жер асты суларының да шектеулі қоры бар. Бекітілген қорлар тәулігіне 150 мың m³-ге жуық су бере алады. Облыс аумағында Сарыарқаның солтүстік бөлігі мен Батыс Сібір артезиан алабының оңтүстік бөлігі шекарасында орналасуы , аймақтың гидрологиялық жағдайларының күрделі жатысы, циркуляция сипаты, минералдану жағдайлары мен сулы дыныстардың суының молдығы жер асты суларының әрқилылығына себепкер болды. Облыс аумағында әр жастағы және әр құрамдағы жыныстарға қатысты бірнеше сулы кешендер бар. Бұлар: палеозойға дейінгі және палеозойдағы жарықшақ тау жыныстарының сулы кешендері облыстың оңтүстігінде дамыған, 1 г/л-ге дейінгі минералданған тұщы су кешендері жас жыныстарымен жабылған учаскелерде , 3 г/л -ге дейінгі және одан да көп минералданған тұзды су кездеседі, борлы түзілімдердің сулы кешендері облыстың солтүстік бөлігінде кең дамыған. Олар жер астындағы сапалы сулардың көп мөлшерде қалыптасуына қолайсыз табиғи-геологиялық жағдай кедергі етеді. Эоцендік түзілімдердің сулы кешендері кеңінен таралған, құмдауыт түзілімдер сулы болып саналады, минералдығы 0,8-1,1-ден 4,6 г/л-ге дейін өзгереді, олигоценді және олигоценді-миоценді түзілімнің сулы қабаты кеңінен таралған, судың минералдығы 1,0-ден 3,0 г/л-ге дейін өзгереді, суының молдығы әр түрлі, төрттік аллювийлі түзілімдердің сулы қабаты өзен аңғарларына жанасқан; сайлардың тұщы көлдері химиялық құрамы жөнінен әрқилы келген.
Соңғы жылдары тұщы суды шаруашылық-ауыз су қажеттіліктерге пайдалану жан басына шаққанда 2 есеге қысқарды және бұл республика бойынша ең төмен көрсеткіш болып табылады.
Кестеде 1995-2002 ж. облыстағы табиғи көздерден су алу динамикасы көрсетілген. Бұдан көрсетілген уақытта су алудың жалпы көлемі үш есеге жуық азайды және 2001 ж. бір адамға 72 m³-ді (немесе тәулігіне 197 л) құрады. Салыстырмалы түрде алсақ, планетаның әрбір адамына шаққанда жалпы су алу орташа есеппен 7 000 m³, яғни жүз есе көп. Ауыл шаруашылық қажеттілігіне су пайдалану үш есеге қысқарды. Шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне әрбір солтүстік-қазақстандық орташа алғанда жылына 22 m³, немесе тәулігіне 60 л-ді пайдаланады.
Аймақты сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін (Ауыз су! бағдарламасы жүзеге асуда, жарым-жартылай қайта құру мен су құбыры жүйесін сегменттеу, соның есебімен жер асты суларын қанықтыру, елді мекендерді ауыз судың басқа көздеріне көшіру қарастырылуда.
Су объектілерінің ластану көздері : өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықтық және тұрмыстық ақаба сулар, көктемде жайылатын сулар, т.б. Ластайтын заттардың біразы Есіл өзені су алабының жоғары жағынан -Ақмола облысынан келеді.
Облыста алуан түрлі дәрежедегі пайдалы қазбалар шығарылған және зерттелген. 286 шыққан жері барланған. Олардың ішінде 34-металлды, 2-металлды емес, 217-құрылыс және технологиялық шикізат пен 33- жер асты сулары, оның 6-уы минералды. Облыс аумағы Солтүстік Қазақстанның уранды-кенді, алмазды және сирек маталлды қалайылы түкпірі болып саналады. Онда минералды шикізаттың маңызды бөліктері табылған, олар Қазақстан Республикасының балансын құрайды: қалайы бойынша -65%, цирконийға -36,6%, уранға -19%, титанға -5%, вольфрамға -1,1%. Минералды - шикізат базасының кең өсуі, әсіресе, оңтүстік-батыс облысында қаралған. Бұнда маңызды алтынның шыққан жері мен пайда болуы, күмістің, техникалық және зергерлік алмаздардың, қалайының, титанның, түрлі-түсті және сирек металлдардың, бұрғыланған көмірлердің тізімі бар. Иеленуге дайын болып Грачевское, Косачинское, Семизбайское уранының шыққан жері саналады. Кеспелтек - титан - цирконий кендерi, Сырымбет - қалайы, алтынның шыққан жерi - Солтүстiк Батыстысы және Домбыралы – 2 шыққан жеріне өндірістік өңдеу жүргізіліп жатыр. Пайдалануда тек кейбір құрылыс тастары мен құмдарының шыққан жерлері бар. Теке өзені мен Жақсытұз көлінің шыққан жерінде қайнатылған тұзға зерттеу жүргізіліп, қазба шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұздың қорлары мемлекеттiк балансқа алынған. Есіл және Айыртау аудандарында алтын мен күмістің шыққан жеріне өндірістік баға беру мақсатында геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.