Мамлют ауданы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Мамлют ауданы

Мамлют ауданыСолтүстік Қазақстан облысының солтүстiк-батысында орналасқан әкімшілік бөлік. Аудан 1932 құрылған. Аудан аймағы 4,1 мың шаршы километр. Орталығы – Мамлют қаласы.

Quick Facts Әкімшілігі, Облысы ...
Қазақстан ауданы
Мамлют ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Аудан орталығы

Мамлют

Ауылдық округтер саны

11

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

32

Қала саны

1

Әкімі

Елена Фёдоровна Степаненко

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Мамлют қаласы, Мұқанов көшесі, №12

Тарихы мен географиясы
Координаттары

54°56′35″ с. е. 68°30′00″ ш. б.54.94306° с. е. 68.50000° ш. б. / 54.94306; 68.50000 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

4 100 км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

17 530[1] адам (2023)

Тығыздығы

4,75 адам/км²

Ұлттық құрамы

орыстар (58,54%)
қазақтар (25,2%)
татарлар (6,87%)
немістер (3,53%)
украиндар (1,96%)
беларустар (0,73%)
басқа ұлт өкілдері (3,17%)[2]

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71541 xxxxx

Автомобиль коды

15

Мамлют ауданының әкімдігі

Thumb

Close

Географиялық орны, жер бедері

Батысында облыстың Жамбыл, шығысында және оңтүстiк-шығысында Қызылжар, оңтүстiгiнде Есiл аудандарымен, солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Қорған облысымен шектесiп, Батыс Сібір жазығының оңтүстігіндегі Есіл даласының орталық бөлігінде орналасқан. Мұнда жер бедері негізінен жазық. Тек оңтүстік-батыс жағы көл қазаншұңқырларының көптігіне байланысты ойлы-қырлы болып келеді.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты айқын континенттік, қысы суық, ызғарлы. Қаңтардың орташа ауа температурасы — 18°С, аса суық күндері –50°С-қа дейін төмендейді. Жазы қоңыржай, ыстық, шілдедегі орташа ауа температурасы 19°С, кейде 40 — 41°С-қа дейін көтеріледі. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 300 мм. Мұнда 500-ге жуық көл бар, олардың 14-і ғана тұзды, қалғандары тұщы сулы. Жер қыртысы қара топырақты. Ауданның солтүстік жағын ормандар, оңтүстік-батысын астық тұқымдас шөптер жиі өсетін шоқ орманды дала белдемі алып жатыр. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, бұлғын, күзен, ақтышқан, ондатр, дала тышқандары, тұяқтылардан бұлан және елік, көлдерде қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, көл жағалай қызғыш, тауқұдырет, жылқышы, ормандарда бүркіт, ителгі, кезқұйрық, қаршыға, т.б. мекендейді.[3]

Халқы

More information 1989[4], 2009[5] ...
1939 1959 1970 1979 1989[4] 1999 2009[5] 2021
 24532 28751 40813 33037 32660 29110 21369 17090
Close

Тұрғындары 17 845 адам (2019).

Әкімшілік бөлінісі

33 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 11 ауылдық округке біріктірілген:

Экономикасы (2009 жылдың қорытындылары)

Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 219 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 3 - iрi, 17 - орта, 199 - шағын кәсiпорындар. Олардан 93 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 125 - жеке меншiк, 1 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Аудан облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 3,9%-ын өндiрген (9 338,7 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 1 370,6 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 2,0%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 108,0% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 962,2 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 109,2% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 4 629,4 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 28,7% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 2 172,4 млн.теңге құрады. Пайдалануға 3,2 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 13,9 мың адам жұмыс iстейдi.Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 24,4% өсiп, 40 315 теңгенi құрады. Нақты жалақы 16,2% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 686 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 530 теңге құрады.

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.