Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тайынша ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аумағы 11,43 мың шаршы километр. Орталығы - Тайынша қаласы, облыс орталығымен аралығы 150 км.
Қазақстан ауданы | |
Тайынша ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
18 |
Қалалық әкімдіктер саны |
1 |
Ауыл саны |
81 |
Қала саны |
1 |
Әкімі |
Берік Ақылжанұлы Әлжанов[1] |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, №197 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
53°52′ с. е. 69°43′ ш. б.53.867° с. е. 69.717° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | |
Жер аумағы |
11 430 км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
40 315[2] адам (2023) |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (28,78%) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
15 |
Солтүстігінде Аққайың, Мағжан Жұмабаев, шығысында Ақжар, батысында Есіл, Айыртау аудандарымен, оңтүстігінде Ақмола облысының Зеренді, Бурабай, Біржан сал аудандарымен шектеседі.
Аудан негiзiнен дала зонасында, ал оңтүстiгi және оңтүстiк-шығысы орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты.
Красноармейск ауданы алғаш рет 1928 жылы Қызылжар округінің құрамында құрылып, Новосухотино ауылы орталығы болды.
1930 жылы Петропавл округі таратылып, Красноармейск ауданы Бейнетқор ауданына қосылды.
1934 жылы 9 шілдеде Красноармейск ауданы Қарағанды облысының құрамында қайта құрылып, 15 ауылдық кеңес енді. Орталығы Новосухотино ауылы болды.
1936 жылы Красноармейск ауданы Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енді.
1939 жылы 16 қазанда Чкалов ауданының бөлінуіне байланысты ауданда 8 ауылдық кеңес қалды.
1940 жылы Тайынша темір жол бекетінің жанындағы елді мекенге жұмысшы кенті мәртебесі берілді.
1944 жылдан бастап аудан Көкшетау облысының құрамына кірді.
1957 жылы Чкалов ауданынан Киров, Котов ауылдық кеңестері берілді.
1958 жылы Қаратомар ауылдық кеңесі таратылып, Кантемиров ауылдық кеңесі құрылды.
1959 жылы Котов ауылдық кеңесі Кантемиров ауылдық кеңесіне қосылды.
1960 жылы Новосухотин ауылдық кеңесі таратылып, Новосухотино ауылы Тайынша кентімен біріктірілді. Соған байланысты Красноармейск ауданының орталығы Новосухотино ауылынан Тайынша кентіне көшірілді.
1961 жылы Новоприречен ауылдық кеңесі Большеизюм ауылдық кеңесіне қосылды.
1962 жылы Тайынша кенті қала мәртебесін алып, Красноармейск болып өзгертілді.
1963 жылы 2 қаңтарда таратылған Келлер, Чкалов аудандарының есебінен Красноармейск ауданының аумағы ұлғайтылды. 18 қыркүйекте Богодухов ауылдық кеңесі Рощин болып өзгертілді.
1964 жылы 31 желтоқсанда Чкалов ауданының қайта құрылуына байланысты оған 8 ауылдық кеңес берілді.
1965 жылы Тернов ауылдық кеңесі таратылды.
1966 жылы Теңдік ауылдық кеңесі құрылды.
1967 жылы Многоцветный ауылдық кеңесі Леонидов болып өзгертілді.
1969 жылы 28 мамырда қайта құрылған Келлер ауданына 12 ауылдық кеңес берілді. Чкалов ауданынан Красноармейск ауданына Ильич ауылдық кеңесі берілді.
1970 жылы Тернов, 1971 жылы Заречный, 1976 жылы Котов ауылдық кеңестері құрылды.
1993 жылы 24 желтоқсанда бұрынғы ауылдық кеңестер аумағында ауылдық округтер құрылды.
1997 жылы 2 мамырда Келлер, Красноармейск, Чкалов аудандары бірігіп, Тайынша ауданы болып қайта құрылып, аудан орталығы Красноармейск қаласына Тайынша атауы қайтарылды. Ал 3 мамырда Көкшетау облысының таратылуымен Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енді.
2000 жылы Амандық ауылдық округі құрылды.
2001 жылы Рощин, Тихоокеан, Миронов, Краснополян, Краснокамен ауылдық округтері құрылып, Кременчуг ауылдық округі таратылды.
2003 жылы Кантемиров ауылдық округі құрылып, 2013 жылы Краснокамен ауылдық округі таратылды.[4]
Тұрғындары 43 140 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (28,30%), орыстар (24,30%), поляктар (20,67%), украиндар (11,29%), немістер (9,73%), беларустар (2,68%), татарлар (0,58%), ингуштар (0,48%), армяндар (0,30%), өзбектер (0,22%), әзербайжандар (0,18%), шешендер (0,14%), чуваштар (0,11%), басқа ұлт өкілдері (1,02%).
82 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 18 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2009) |
---|---|---|---|
Абай ауылдық округі | Қараағаш ауылы | 4 | 1702 |
Алабота ауылдық округі | Аққұдық ауылы | 4 | 1527 |
Амандық ауылдық округі | Амандық ауылы | 4 | 1738 |
Большеизюм ауылдық округі | Большой Изюм ауылы | 4 | 2008 |
Донецк ауылдық округі | Донецкое ауылы | 5 | 2431 |
Драгомиров ауылдық округі | Драгомировка ауылы | 4 | 1519 |
Зеленогай ауылдық округі | Зелёный Гай ауылы | 2 | 2087 |
Келлер ауылдық округі | Келлеровка ауылы | 3 | 3053 |
Киров ауылдық округі | Кирово ауылы | 6 | 1523 |
Краснополян ауылдық округі | Красная Поляна ауылы | 8 | 2292 |
Летовочный ауылдық округі | Летовочное ауылы | 6 | 2591 |
Миронов ауылдық округі | Мироновка ауылы | 4 | 1310 |
Рощин ауылдық округі | Рощинское ауылы | 7 | 1590 |
Тайынша қалалық әкімдігі | Тайынша қаласы | 1 | 12418 |
Теңдік ауылдық округі | Теңдік ауылы | 3 | 1021 |
Тихоокеан ауылдық округі | Тихоокеанское ауылы | 3 | 1221 |
Чермошнян ауылдық округі | Чермошнянка ауылы | 7 | 2655 |
Чкалов ауылдық округі | Чкалово ауылы | 3 | 4969 |
Яснополян ауылдық округі | Ясная Поляна ауылы | 4 | 3023 |
Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 475 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 8 - iрi, 60 - орта, 407 - шағын кәсiпорындар. Олардан 171 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 302 - жеке меншiк, 2 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 13,5%-ы (32 237,5 млн.теңге) өндiрiлген. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 6 355,0 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 9,3%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 123,0% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 703,8 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 80,2% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 36 552,7 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 18,8% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 3 825,3 млн.теңге құрады. Пайдалануға 7,7 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 34,2 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 13,1% өсiп, 35 807 теңгенi құрады. Нақты жалақы 5,7% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 26 863 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 375 теңге құрады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.