Батыс сібір артезиан алабы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Батыс сібір артезиан алабы – Сарыарқадан Солтүстік Мұзды мұхитқа, Орал тауынан Енисей өзеніне дейін 3 млн. км2-ге жуық жерді алып жатқан дүние жүзіндегі ең үлкен артезиан алабы. Жалпы қалыңдығы 3 км-ден астам мезо-кайнозой шөгінділеріндегі минералдануы 1 – 3-тен 10 – 12 г/л-ге дейін өзгеретін ондаған сулы қабаттар бар. Практикалық мәні зор сулы қабаттар бор дәуірінің құмы мен құмтастарында. Бұл қабаттар Батыс сібір артезиан алабының орта шенінде 1200 – 2000 м тереңдікте, ал Қазақстандық, Алтай тауы, Енисей жағында жер бетіне жақын орналасқан. Алаптың шетінен ортасына қарай судың минералдануы 1 – 2-ден 20 – 30 г/л-ге дейін өседі, су арыны да осы бағытта артады, кейбір ұңғымалардан 30 – 40 м биіктікке дейін су атқылайды. Батыс сібір артезиан алабының Қазақстанды қамтитын Ертіс бойындағы бөлігінде сулы қабаттардан қазылған әр ұңғыма тәулігіне 3500 – 4300 м3=3 су береді. Бұл су елді мекендерді, кәсіпорындарды сумен қамтамасыз етуге, жер суғаруға кеңінен пайдаланылады. Оңтүстік жағындағы 2000 – 2500 м тереңдіктегі артезиан суының температурасы 55 – 80°С, алаптың орта шенінде 65 – 95°С. Бұл жылы су қалалар мен ауылдарға, парник шаруашылықтарына жылу беруге пайдаланылады. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.