From Wikipedia, the free encyclopedia
Шағалалытеңіз — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың, Тайынша аудандары жеріндегі көл. Қиялы ауылынан 11 км оңтүстік-шығыстағы қазаншұңқырда орналасқан. Теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі 135,6 м.
Шағалалытеңіз | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 135,6 м |
Өлшемі | 42,9 × 12,5 км |
Ауданы | 267,36 км² |
Тереңдігі | 3,1 м |
Орташа тереңдігі | 1,5 м |
Су алабы | |
Суды жинау ауданы | 10 900 км² |
Құятын өзен | Шағалалы |
Орналасуы | |
54°05′49″ с. е. 69°53′03″ ш. б.54.09694° с. е. 69.88417° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Солтүстік Қазақстан облысы |
Аудандар | Аққайың ауданы, Тайынша ауданы |
Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value). |
Ауданы 267,36 км2, ұзындығы 42,9 км, ең енді жері 12,5 км, орташа тереңдігі 1,5 м, ең терең жері 3,1 м, су жиналатын алабы 10900 км 2. Түбі лайлы, балшықты — қалыңдығы 1 метрге жетеді. Көлге Шағалалы өзені құяды. Қазіргі кезде негізінен ағынсыз, тек суы мол жылдары Шағалалытеңізден Ақбас көліне қарай ағын байқалады. Суының минералдығы көктемде 0,6 — 0,8 г/л, жазда 0,9 — 1,0 г/л, қыста 2,0 — 2,5 г/л.
Көл айдынының 60-70%-ын қамыс, құрақ, тағы басқа су өсімдіктері жайлаған. Батыс және солтүстік жағалары жарқабақты, биіктігі 4-7 м, шығыс және оңтүстік жағалары жайпақ, айналадағы ортамен тұтасып кеткен. Оңтүстік жағалауы батпақты. Суы шаруашылық мұқтаждықтарға пайдаланылады.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.