From Wikipedia, the free encyclopedia
Абсолюттiк биiктiк (лат. толық, тәуелсіз) — жер бетінің кез келген нүктесінен теңіз деңгейіне дейінгі аралықтың тік бағытта өлшенетін қашықтық мөлшері; өлшеу нүктесі теңіз деңгейінен жоғары болған жағдайда абсолюттiк биiктiк көрсеткіші оң мағыналы, ал төмен болған жағдайда теріс мағыналы болып шығады.[1]
Абсолюттік биіктік - мемлекеттік геодезиялық торда қабылданған бастапқы деңгейлік беттен тік сызық бойынша берілген нүктеге дейінгі қашықтық. Қазақстанда абсолют биіктік Кронштадт футштогының нөлінен есептеледі. Санмен көрсетілген абсолют биіктік абсолюттік биіктік белгі деп аталады. Әр түрлі биіктікте жүргізілген деңгейлік беттер бір-бірімен өзара параллель емес, сондықтан параллельдік еместікті есепке алу әдісіне байланысты нүктенің биіктігін анықтағанда абсолют биіктік ортометриялық, нормалық және жуықтық, сондай-ақ арнайы есептерді шешкенде серпінділік (динамикалық) деп ажыратылады. Абсолют биіктік нивелирлеу әдісімен анықталады. Мұхит деңгейінен жоғары жатқа абсолют биіктік нүктелері оң деп, ал одан төмені тедадиі саналады. [2]
Абсолюттік биіктік — жергілікті жердің метрмен есептегендегі теңіз деңгейінен биіктігі (бұрынғы КСРО-да Балтық теңізінің деңгейінен жоғары нүкте есепке алынды). Топографиялық карталарда нүктенің абсолюттік биіктігі "жазу" деп аталады. Екі нүктенің абсолюттік биіктіктерінің айырымы (жергілікті жердің бір нүктесінің екіншісіне карағаңда биік болуы) салыстырмалы биіктік деп аталады.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.